Үстіміздегі жылдың 7 қарашасында Мемлекеттік тілді дамыту қоры ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырмасы бойынша жоғары сынып оқушыларымен «Патриотизм менің өзімнен басталады» тақырыбында кездесу өткізді.
Шараның мақсаты – жастарды отансүйгіштікке,танымдық белсенділігін дамытуға, жеке тұлғаның жан-жақты дамып қалыптасуына ықпал ету, патриоттық құндылықтар ұғымын — мемлекетіміздің тәуелсiздiгi мен бейбiтшiлiгiн сақтау, мемлекеттік тілді, еліміздің тарихы мен мәдениетін бүгінгі заман талабына сай ұлттық мүдде негізінде жетілдіруді насихаттау, патриоттық тәрбиеге деген жаңаша ұстанымды қалыптастыру.
Барлық жиналғандар қазіргі жастар өз елінің патриоты деген мақтан тұтарлық атқа ие болуға лайықты және бұл жерде қазақ тілінің рөлінің маңызы жоғары деген ортақ ойға келді.
Жиын соңында оқушылар Қордың арнайы сыйлықтарына ие болды.
Мемлекеттік тілді дамыту қорының
баспасөз қызметі