Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«Қазақтілді сайттардың ұлттық сыйлығы» байқауы жалғасуда

28 Қазан 2013 | 9:41


Мемлекеттік тілді дамыту қоры Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі қарсаңында жариялаған еліміздің ғаламтор кеңістігінде қазақ тілінде ақпарат тарататын интернет-сайттар арасындағы байқауы жалғасуда.

Байқаудың мақсаты — Қазақстандағы интернет жүйесінің қарқынды дамуына, соның ішінде ақпараттық ресурстар мен сервистерді дамытуға, қоғамның ақпараттық мәдениеттілігін жоғарылатуға, желілік қауымдастыққа жаңа пайдаланушыларды тартуға, қазақтілді үздік ресурстардың Интернет желісіндегі танымалдылығын арттыруға ықпал ету.
Байқаудың бас демеушісі «Самұрық-Қазына» Акционерлік Қоғамы 5 номинация бойынша анықталатын жеңімпаздарға 150 000 теңгеден сыйақы тағайындады.

«Қазақтілді сайттардың
ұлттық сыйлығы» байқауының
ЕРЕЖЕСІ

Байқауды ұйымдастырушы: Мемлекеттік тілді дамыту қоры

Байқаудың бас демеушісі: «Самұрық-Қазына» Акционерлік Қоғамы

Байқаудың мақсат-міндеттері:

Қазақстандағы интернет жүйесінің қарқынды дамуына, соның ішінде ақпараттық ресурстар мен сервистерді дамытуға, қоғамның ақпараттық мәдениеттілігін жоғарылатуға, желілік қауымдастыққа жаңа пайдаланушыларды тартуға, қазақтілді үздік ресурстардың Интернет желісіндегі танымалдылығын арттыруға ықпал ету.
Байқауға тәуелсіздік жылдары қалыптасқан құндылықтарымызды үздіксіз насихаттап, мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту, мәртебесін нығайту мақсатымен қоғам өмірінде белсенділік танытып, өткір де өзекті мақалалар жариялап жүрген интернет сайттар қатыса алады.
Байқаудың міндеті:
— Елімізде қазақ тілінде ақпарат таратып, қоғамдағы өзекті мәселелерді дер кезінде көтеріп, талдап-сараптап, өз оқырманына шынайы ақпарат жеткізуде белсенділік танытып жүрген үздік интернет ресурстарын қолдау;
— Қазақтілді интернет ресурстардың жұртшылықтың, өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін, тілі мен мәдениетіне, тарихына деген қызығушылықтарын қалыптастыру мен арттырудағы рөлін айқындау;
— Сайт қолданушыларының ақпараттық-коммуникациялық технологияны (АКТ) белсенді пайдалануға жұмылдыру.

Байқау номинациялары:

— «Өткір тіл — мемлекеттік тілді және ұлттық құндылықтарды насихаттаушы үздік сайт»;
— «Рухани азық – әдебиет пен мәдениетті насихаттаушы үздік сайт»;
— «Терең ізденіс — қазақ елінің тарихын насихаттаушы үздік сайт»;
— «Шынайы өмір – қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеруші үздік сайт»;
— «Спорт тынысы» — салауатты өмір салты мен спортты насихаттаушы үздік сайт».

Байқау талаптары:

— Ғаламтор кеңістігінде кемінде бір жыл бойы жұмыс істеп, қазақ тілінде ақпарат тарататын және қызмет түрі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін кез келген сайт қатыса алады;
— Байқауға үкіметтік емес, тәуелсіз, қоғамдық сайттар қатыса алады;
— Байқауға мемлекеттік органдардың, шетелдік ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының электронды нұсқалары (газет, тв, радио) қатыса алмайды.

Байқау шарттары:

— Сайт ақпараттарының тек қазақ тілінде таратылуы;
— Қазақ тілі мен ұлттық құндылықтардың дәріптелуі;
— Патриоттық тақырыптардың үздіксіз көтерілуі;
— Сайттағы материалдардың жиі жаңартылып отыруы;
— Сайтты қолданушылар санының аз-көптігі;
— Порталда жарияланған материалдардың қоғамда қызу талқыға түсуі;
— Сайт дизайнының портал ұстанымына сай безендірілуі;
— Әлеуметтік желілерге, олардың ішінде Twitter, Facebook, ВКонтакте және т.б. шығу мүмкіндігінің қамтамасыз етілуі есепке алынады және зерделенеді.

Байқауға қатысу үшін төмендегідей материалдар жолданады:

• Сайттың домендік атауы;
• Сайттың бас бетінің скриншоты;
• «Zero рейтингтік компаниясы» ұсынатын сайт қолданушылары туралы бір айлық сандық көрсеткіш;
• Сайттың бас редакторы мен ұжымы жөнінде қысқаша мәлімет;
• Сайттың бағыты мен тарихы туралы қысқаша ақпарат;
• Ұжымның қол жеткізген жетістіктері туралы мәлімет.

БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН АНЫҚТАУ ШАРТТАРЫ:

Байқау жеңімпаздарын қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, қаламгер-журналистер мен сала мамандарынан жасақталған қазылар алқасы анықтайды.
Байқаудың бас демеушісі «Самұрық-Қазына» Акционерлік Қоғамы 5 номинация бойынша анықталатын жеңімпаздарға 150 000 теңгеден сыйақы тағайындады.
Байқауға ұсынылатын материалдар 2013 жылғы 1 желтоқсанға дейін мына мекен-жайға жолдануы тиіс: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер Үйі», 5-кіреберіс, 906 бөлме, Мемлекеттік тілді дамыту қорының «Қазақтілді сайттардың ұлттық премиясы» республикалық байқауына.

Байқау материалдарын: info@qazaq-found.kz электронды адресіне жіберуге болады.

Қазылар алқасының сараптауынан өтіп, үздік деп танылған жеңімпаз интернет-сайттар 2013 жылғы желтоқсанда Тәуелсіздік Күні мерекесі қарсаңында анықталады.
Марапаттау рәсімі Астана қаласында өтеді (қосымша хабарланады).

Мемлекеттік тілді дамыту қорының баспасөз қызметі
Тел.: +7 7172 74-36-90, 74-29-09
info@qazaq-found.kz