Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«Мемлекеттік тіл – менің тілім»

16 Қазан 2013 | 6:24

2013 жылғы 12 қазан күні Астана қаласы Ғ.Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясында Мемлекеттік тілді дамыту қоры ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында оқушылар арасында өткен республикалық шығарма жазу байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізді.
Байқаудың мақсаты оқушылардың Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, оларды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, мемлекеттік тілге, қазақ мәдениетіне, көп ұлтты Отанымызға деген мақтаныш қалыптастыру және өскелең ұрпақтың шығармашылық қабілетін арттыру.
Қазылар алқасы мүшелерінің шешімімен үздік нәтижеге Алматы қаласы Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясының оқушысы Шыңғыс Әбдіманап қол жеткізсе, екінші орынды Астана қаласы Ғ.Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясының оқушысы А.Қорабаева мен Алматы облыстық Ш.Смағұлов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының оқушысы Бекболат Есжанов, ал үшінші орынды Алматы қаласы Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясының оқушысы Нұрсұлу Шәріпқазықызы, Астана қаласы Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының оқушысы Жанабыл Рахат және Астана қаласы Ғ.Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясының оқушысы Махат Азамат иеленді. Байқау жеңімпаздары дипломдар мен арнайы сыйлықтарға ие болды.