Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Африкалық қыз қазақ тілін өз еркімен үйреніп алды

17 Тамыз 2022 | 12:05

Қазақстандық тележүргізуші Амината Айша Уэдраого тегін онлайн сайт арқылы қазақ тілін қалай үйренгенін айтты.62fcd7088fca0958443056

Аминатаның анасы – қазақ, әкесі Буркина-Фасодан (Батыс Африка). Отбасы 10 жылдан кейін Қазақстанға келген. Амината өзін екі нәсілдің өкілі деп санайды. Өйткені ол өзіне тән дәстүрі, менталитеті, тілі бар, әртүрлі континентте орналасқан екі елде өмір сүріп келеді.

Амината – алдына мақсат қоя білетін адам. Тележүргізуші төрт тіл біледі: француз, ағылшын, орыс және қазақ тілі. 14 жасында модель болды. Бимен айналысады, саяхаттағанды жақсы көреді және өзін дамытуға көңіл бөледі. «Қайырлы таң, Қазақстан» таңғы бағдарламасының тележүргізушісі Soyle жобасы туралы 2018 жылы білген.

«Өзіме қазақ тілі мұғалімін іздеп жүрген кезде сайтқа тіркелген болатынмын. Мұғалім таппаған соң Soyle.kz сайтынан өз бетімше үйрене бастадым. Ең алдымен сайт мені түрлі түсті дизайнымен және ыңғайлы интерфейсімен қызықтырды. Барлық материал қолжетімді болғаны соншалық, алғашқы сабақтан бастап қазақ тілі әлеміне саяхат жасадым. Барлық сабақ қазақ тілінде сөйлеп көрмеген кез келген адамның грамматиканы өз бетінше игеріп, тіл үйренуіне ыңғайлы етіп жасалған. Әсіресе, тыңдалымы бар сөздік бөлімін, қазақ тілін тыңдауға және түсінуге көмектесетін диалогтары бар ойындарды, тапсырмалар мен бейнесабақтарды ерекше атап өткім келеді, – дейді Амината Уэдраого.

Аминатаның айтуынша, пандемия кезінде порталдың көп пайдасы тиген. Бүгінде оның онлайн-платформалар арасындағы маңызы арта түсті.

«Мобильді қосымшаның тиімділігін айтпай кетуге болмас. Мен Soyle мобильді қосымшасын жолда немесе жұмыстағы үзіліс кезінде қолданамын. Бұл қазір өте ыңғайлы дүние. Әлеуметтік желілерге келетін болсақ, Telegram және Instagram-дағы Soyle парақшасына жазылдым. Парақшаларда сайттан алынған материалдар бар. Олар қызықты әрі заманауи форматта беріледі, – дейді тележүргізуші.

Амината бұл сайт қазақ тілін жаңадан үйреніп жүргендерге де, одан жоғары деңгейде білетіндерге де таптырмас дүние деп санайды. Мысалы, қазақ тілі мұғалімдері мен мектеп түлектері сайттан қосымша білім алуына болады.

Soyle.kz жобасынан көптеген материал табуға болады: бастапқы деңгейден күрделі деңгейге дейінгі тегін сабақтар, сөздік, аудио және бейнематериалдар. Жобаны Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қоры және Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауы аясында мемлекеттік тілді дамыту қорының мамандары жасады.

Бүгінде сайтқа әлемнің түкпір-түкпірінен 240 мыңнан астам пайдаланушы тіркелген. Қазақ тілін Германия, Ресей, Чехия және басқа елдің тұрғындары үйреніп жатыр. Сайттың орыс, ағылшын және түрік тіліндегі нұсқалары да бар.

Сілтеме: https://aikyn.kz/213354/afrikalyk-kyz-kazak-tilin-oz-erkimen-uyrenip-aldy/