Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Мемлекеттік тілді жетік меңгерген азаматтарға зор құрметпен қараймын — Президент

29 Сәуір 2022 | 12:00

«Мен қазақ тілін жетік меңгерген азаматтарымызға зор құрметпен қараймын. Бұл азаматтарды жан-жақты, түрлі тәсілдермен қолдау керек деп ойлаймын. Бүгін Алексей Лодочников айтқандай, ондай азаматтар Қазақстанда мыңдап кездеседі», — деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқы ассамбелясының ХХХІ сессиясында.

токаев

Сондай-ақ, Президент мемлекеттік тіл мен орыс тілінің қоғамдағы орны Конституцияда айқын көрсетілгені, бүкіл қоғам соған қарап бой түзеуі керектігін атап өтті.

«Тілге қатысты ешқандай кемсіту болмауы керектігін баса айтамын. Конституция бұл сұраққа айқын жауап береді. Біздің елдің мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Бірақ біздің Ата заңымызда орыс тілі де керекті орнын алып тұр. Сондықтан осыны негізге ұстайық», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, ассамблеяның ХХХІ сессиясында Ұлттық құрылтайдың құрамына кімдер кіретінін айтты.

Сілтеме:  https://www.kazinform.kz/kz/memlekettik-tildi-zhetik-mengergen-azamattarga-zor-kurmetpen-karaymyn-prezident_a3928334