Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Қазақстанда тұратын бүкіл ұлттардың болашақта мемлекеттік тілде сөйлеуіне жағдай жасалды

28 Сәуір 2022 | 9:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтардың 70 пайызы қазақ тілінде сөйлей алады деп тоқмейілсуге ешкімнің қақысы жоқ. Бұл туралы Халықтың табысын арттыру бағдарламасын таныстырған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

фото казахский язык

«Қазақ тілінің мемлекеттік тіл екеніне ешкімнің ешқандай күмәні жоқ. Бүгінде өзіміздің ана тілімізде сөйлеуге ешқандай кедергі жоқ. Үкімет отырыстарының бәрі қазақ тілінде жүретінін елдің бәрі біледі. Сондықтан оны ары қарай дамыту әр қазақтың қолындағы, мойнындағы парызы десем, артық айтқандық емес деп ойлаймын. Қазір Қазақстанда тұрғындардың 70 пайызы қазақ тілінде сөйлейді. Бірақ, оны ары қарай дамытуымыз керек. Тоқмейілсіп отыруға ешкімнің қақысы жоқ. Әсіресе, мектеп, колледж, жоғары оқу орындары деңгейінде бұл мәселені дамытуымыз қажет», — деді Үкімет басшысының орынбасары Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның дерегінше, еліміздегі мектептердің 70 пайызынан астамы қазақ тілінде сабақ береді.

«Бұл үлкен жобалардың бірі. Бірақ, бұл саясиландыратын сұрақ емес. Тіл мәселесі Мәдениет және спорт министрлігінен Білім және ғылым министрлігіне берілді. Білім саласына берілді дегеніміз, тіл оқытудың нақты әдістемесін жетілдіре отырып, әрбір қазақ баласына, қазақтың санасына сіңіру керек. Қазақстанда тұратын бүкіл ұлттардың болашақта мемлекеттік тілде сөйлеуіне жағдай жасалды. Бірақ, жүзеге асыру бәріміздің мойнымызда», — деді Ералы Тоғжанов.
Сілтеме:  https://www.inform.kz/kz/kazakstanda-turatyn-bukil-ulttardyn-bolashakta-memlekettik-tilde-soyleuine-zhagday-zhasaldy_a3927883