Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Қазақтың эпостық жырлары комикс тілінде сөйледі

28 Қыркүйек 2021 | 3:42

210928161513821e

Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы Мемлекеттік тілді дамыту қоры ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы музейінде «Ұлы даланың аңыздары» топтамасымен шыққан жаңа комикстердің тұсаукесерін өткізді, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еңлік-Кебек», «Естай-Қорлан», «Қозы Көрпеш–Баян сұлу», «Жұмбақтас», «Айша бибі», «Шайтанкөл», «Балқаш». «Ұлы даланың аңыздары» деген атпен шығарылған қазақ комикстерінің жаңа топтамасына қазақ ауыз әдебиетінің осындай туындылары еніпті. Ұйымдастырушылар комикстер желісімен түсірілген көркем фотосуреттер көрмесін де ұсынды.

2109281603347601g

«Жоба Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында қолға алынған. Бұл жолғы топтамаға қазақ даласындағы жеті лиро-эпостық жыр мен батырлар туралы аңыздарды өзек етіп алдық. Ондағы мақсатымыз –қазақтың төл фольклорын жас буынға заманауи тәсілдермен меңгерту. Мысалы, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» эпосының 89 бетке созылатын нұсқасы бар. Оны қазіргі блалар оқып отырмайтыны түсінікті. Соны біздің жас ақын-жазушылар қысқаша мазмұнап, ең негізі тұстарынан диалогтар құрап, комикске икемдеп жазып шығады. Суретшілер соның желісімен комикс салады. Әзірге комикс сценариін Досқан Жылқыбаев деген жігіт жазып жүр. Ал суреттерін әуелді Мұрат Ділманов салып бастаған. Қазір оған екі жас суретші қосылды», — дейді Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев. Сондай-ақ, ол бір ертегінің комиксі бірден үш тілде берілгенін айтты.

2109281603456718g

«Ұлы даланы ұлы махаббаты» деген топтамамен қазақ фолклорында кең тараған жеті ғашықтың жырын, «Ұлы даланың батырлары» деген топтамамен Ер Төстік пен Алпамыстан бастап, Кенесарымен түйінделетін 7 батырды бердік. Батырлар топтамасын бертінгі батырларға дейін түгел қамтымақпыз. Одан кейін «Ұлы дала хандары» және «Ұлы даланың арулары» деген топтамаларды жоспарлап отырмыз. Онда Томирис пен Заринадан бастап Әлия, Мәншүктерге дейінгі тұлғалар қамтылады», — дейді Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры.

2109281603437092g

Комикстің электронды нұсқасы арнайы сайтта тегін ұсынылғанымен, үш тілдегі жинақ кітабы сатылымға шығарылады. «Бүгін тұсауы кесілсе, ертеңнен бастап кітап дүкендеріне түседі. Шамамыз келгенше балалар кітапханаларына таратамыз. Бұл комикстердің көбі Қазақстанның киелі жерлерімен байланысты. Бір жағынан осы киелі жерлерді насихаттау үшін комикстер желісімен Аягөз, Жұмбақтас, Балқаш сияқты киелі орындарға арнайы барып, көркем фотосуреттер түсіріп қайттық. Жобаны Нұрсұлтан Назарбаев қоры қаржыландырып отыр. Алдағы топтамаларды осы комикстерді сатудан түскен ақшамен шығарсақ деген ой бар. Сондықтан да кітапханаларға жаппай тегін тарата алмаймыз. Тіпті қызыққан адам болса, Qazcomics.kz сайтына кіріп, тегін тамашалай алады», — дейді Азат Шәуеев.
2109281602288243g

Айта кетейік, шараға Нұрсұлтан Назарбаев қорының директоры Дариға Назарбаева қатысып, шығармашыл қауымды қазақ комиксін дамытуға шақырды. Дариға Назарбаева шығармашыл қауымды қазақ комиксін дамытуға шақырды.

2109281602365326g

2109281602421387g

2109281602403461g 2109281602337594g

2109281602469822g 2109281603379536g 2109281603456718g

Сілтеме:  https://www.inform.kz/kz/kazaktyn-epostyk-zhyrlary-komiks-tilinde-soyledi_a3842057