Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Қазақтың аңыз-ертегілері комикс түрінде жарық көрді

16 Наурыз 2021 | 6:15


Қазақтың халық ауыз әдебиетінің үздік үлгілері комикс түрінде шығарылды. «Ұлы дала аңыздары» жобасы аясында алдымен «Ұлы махаббат туралы жеті хикая» балалардың тіліне келтірілді. Тамырын тереңнен тартқан әрбір көне лиро-эпостық жырдың мән-маңызы сақталып ықшамдалған. Ұлттық нақышта безендіріліп, балғындарға түсінікті болу үшін мазмұнына сай оқиғалар желісі суреттермен берілген. Мәтіні қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылды.

Енді жыл соңына дейін «Қазақ жерінің ұлы батырлары» атауымен тағы 10 сериялы комикс жасалады. Ал келер жылы қазақ хандары жайында кітаптар жарық көреді. Сондай-ақ жоба аясында халық ертегілерін де дәл осындай үлгіде басып шығару жоспарланып отыр.

Азат Шәуеев, «Мемлекеттік тілді дамыту қоры» КҚ директоры:

- Сәуір айында 10-15 мың данамен шығарып, балалар үйіне, мектептерге, балалар кітапханаларына шамамыз жеткенше таратамыз.  Бірақ бұны 100 мыңдап, миллиондап шығарсақ та, бүкіл қазақтың балаларына жеткізе алмаймыз ғой. Сондықтан біз электронды нұсқасын жасап қойдық. Ол Qazcomics.kz деп аталатын сайтымызда және оның мобильдік қосымшасын да әзірлеп қойдық. Өте ыңғайлы. Біз қазір дүниежүзіндегі басқа да осындай электронды құралдарын қарап жатырмыз. Сол тұғырнамалар сияқты түгел беті ашылатындай етіп толықтай жетілдіріп жатырмыз.

Сондай-ақ қазір сайтқа жүктелген аңыз-ертегілердің аудио нұсқасы әзірленіп жатыр. Дыбыстық үлгісін жыл соңына дейін іске қосу жоспарланған. Бұған қоса, әрбіріне арнайы анимациялық фильм жасау көзделген.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

Сілтеме: https://qazaqtv.com/kk/news/society/5819-kazaktyn-anyz-ertegileri-komiks-turinde-zharyk-kordi