Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«Туған жерге тағзым» жобасы Түркістаннан басталды

23 Қараша 2018 | 5:57

855

«Отандастар» қоры алдағы бес жыл ішінде экскурсиялық турларды еліміздің өңірлерінде жүйелі түрде өткізуді жоспарлап отыр. Ізгі мақсатты жүзеге асыру Түркістаннан басталды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, киелі жерлерді жақыннан танып, жіті зерттеу арқылы шетелдегі отандастарымыз атажұртының өткеніне үңіліп, еліміздің мәдениетіне, өнеріне және халықтық дәстүрлеріне жақындай түседі. Аталмыш қор ұйытқы болған, Түркістан қаласында басталған, «Туған жерге тағзым» кең ауқымды жобаның міндеті — алыс-жақын шетелдерде, Австрия, Англия, Франция, Швеция, Иран, Қытай, Монғолия, Тәжікстан, Ресей, Белорусь, Өзбекстан және Қырғызстанда тұратын қандастарға арнап, Қазақстанның киелі жерлеріне тарихи-танымдық экскурсиялар сериясын ұйымдастыру. Бұл орайда Қожа Ахмет Ясауи, Арыстан Баб кесенелері, Түркістанның тарихи мұражайы және өңірдің басқа да көрікті жерлерін таныстыру арқылы қазақ халқының мәдени және рухани құндылықтарын насихаттау көзделіп отыр. Атажұртына келген қандастарды қарсы алған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев осынау маңызды кездесу Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында ұйымдастырылып жатқанын айтып, жүзеге асырылып ауқымды жұмыстардан хабардар етті. Ал Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Қазақстанның киелі жерлері» тақырыбында өткен «дөңгелек үстелде» облыс әкімі «Қасиетті Қазақстан» республикалық орталығына 104 нысан ұсынылып, оның ішінен 26 нысан республикалық тізімге енгізілгенін атап өтті. «Қазақстанның киелі жерлері» жобасы аясында атқарылып жатқан істерге тоқталды. Сондай-ақ, жүздесуде «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті Нұртай Әбіқаев, «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ректоры Болатбек Абдрасилов, Ұлттық музейдің «Қасиетті Қазақстан» орталығы басшысының орынбасары Батырхан Жұмабаев, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шауеев және шет елдік диаспора өкілдері сөз сөйлеп, өткізіліп жатқан шараның маңыздылығын, елді тануға, барымызды бағалауға, құндылықтарды қадірлеуге зор ықпалы тиетінін атап өтті. Айта кетелік, «Отандастар қоры» «Туған жерге тағзым» тарихи-танымдық экскурсиялар жобасын «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында өткізіп отыр.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Толығырақ: https://www.egemen.kz/article/178121-tughan-zherge-taghzym-zhobasy-turkistannan-bastaldy