Азат ШӘУЕЕВ,
Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры:
МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ – ИГІ ІСТІҢ БАСТАУЫ
– Елбасымыз барша қоғамның талқылауының нәтижесінде әзірленген қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартының жобасымен танысып, Үкімет пен қоғам мүшелеріне осы бағыттағы шараларды, оның ішінде халыққа түсіндіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Яғни, Президентіміз баршамызды латын әліпбиінің осы соңғы нұсқасын тағы да қызу талқылаудан тізуге шақырды. Сондықтан да ендігі кезекте осы тарихи маңызды мәселеден тыс қалмай, мүдделілік танытқан барша зиялы қауым мен тілші-ғалымдардың осы соңғы нұсқаны тағы да бір сараптаудан ткізіп, тиісті жұмыс тобына з ұсыныстары мен пікірлерін жолдауына мүмкіндік туып отыр.
Менің ойымша, соңғы нұсқа алдыңғыға қарағанда ұтымды әрі ыңғайлы, төл дыбыстарымыздың барлығы қамтылған. Ең бастысы, қолданыстағы пер- нетақтамызды да ауыстырудың қажеті жоқ.
Латын әліпбиіне ту арқылы біз үлкен тілдік реформа жасаймыз. Алдағы кезең ұсынылған нұсқаға қазақ тілінің табиғаты мен заңдылықтары тұрғысынан, орфографиялық, орфоэпиялық ережелеріне икемділігі жағынан талдау, талқылау жүргізілетін кезең болмақ. Әрі бекітілетін соңғы нұсқа тілдің қоғамдағы қызмет етуін толыққанды тей алатындай, тіл үйренушілердің қазақ тілін еркін меңгеруіне оң ықпал жасап, келешегіміз қазақ тілінде сауатты жазып, еркін с йлейтіндей болуы шарт. Сонда ғана бұл маңызды қадамның игі іске айналары с зсіз. Латын әліпбиіне к шу – ұлттық мүддемізді қорғаудың басты тетігі. Елбасы бастамасымен к терілген бұл игілікті істе әлемдік тәжірибелер, ішкі және сыртқы тарихи-саяси жағдайлар ескеріліп, бізді осындай қадамға алып келді. Әрі ұлттық санамызды жаңартып, қоғамға рухани серпін беріп, заман к шіне ілесуге жасалған игі қадам деуге болады.
источник: https://aikyn.kz/
https://pdf.aikyn.kz/egazet/2017/10/153-3225.pdf