Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Солтүстік Қазақстанның тіл жанашырлары Омбыда тәжірибе алмасты

5 Мамыр 2016 | 10:57

04-05-2016-seminar-1-680x4524 мамыр күні Солтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы консулдығының қолдауымен «Онлайн режімі арқылы қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары» деген тақырыпта семинар өткізді. Шараның басты мақсаты – осында тұратын қандастарымыздың ұлттық-мәдени автономиясына әдістемелік көмек көрсету. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen тілшісі хабарлады.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған шара Ф.М.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінде өтті. Оның алдында қазақ тілін оқыту бойынша оқыту-әдістемелік құралдарының көрмесі тамашаланды. Қазақ тілін және салт-дәстүрлерді насихаттайтын бейнероликтер көрсетілді.
Семинардың жұмысына Қазақстанның Омбы облысындағы вице-консулы Ұлан Әбдібеков, сауда өкілдігінің уәкілі Сара Мунаева, қазақ ұлттық-мәдени орталығының өкілдері, Ф.М.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттері, жергілікті жердегі мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері қатысты.
Семинар барысында облысымызда және елімізде «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» жүзеге асырылу барысы, қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары туралы кеңінен баяндалды. Қазақ тілін оқыту бойынша жаңа оқулықтар мен бағдарламалар таныстырылды. Екі жүзден астам оқу құралдары табысталды.
Қазақ тілі мұғалімдерінің Петропавл қаласында біліктілікті арттыру курстарынан өту жөніндегі тілектері қанағаттандырылатын болды. Қазақ ұлттық-мәдени орталығы жанынан қазақ тілінің қоғамдық кітапханасын және Омбы қаласы қазақ тілі мұғалімдерінің қауымдастығын құру туралы ой-пікірлер қолдау тапты.