Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Ерлан ЫДЫРЫСОВ, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі: Қазақ тілінің халықаралық қызметтегі беделі өсті

13 Қаңтар 2014 | 10:00

Министрге үш сауал
1. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап көрсетілгендей, 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін білуге тиіс. Осы талапты орындауда Сіз басшылық жасайтын министрлік құрылымдарында қандай шаралар қолға алынды?
2. Елбасының биылғы Жолдауындағы қазақ тілін жоғарыда атап өтілген мерзім ішінде білуге байланысты қазақстандықтар алдына қойып отырған жауапты міндетті жүзеге асырудың басты тетігі саналатын «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыруда нақты қандай жұмыстар атқарылуда?
3. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуде не кедергі болып отыр деп ойлайсыз?
1. Елбасы Қазақстан Халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін білуге тиіс деп нақты атап көрсеткені белгілі. Демек, Елбасы белгілеген бұл міндетке қол жеткізу әрбір қазақстандық азаматтың парызы деп білу керек.
Қазақ тілінің Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіндегі жағдайына келетін болсақ, министрлікте бұл бағытта атқарылған айтарлықтай жұмыстар бар. Мұнымен қатар қазақ тілінің халықаралық қызметтегі рөлі де жыл сайын арта түсуде.
2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап министрліктегі ресми іс қағаздар мемлекеттік тілге көшірілді. Орталық аппаратта және шет елдердегі мекемелердегі барлық деңгейдегі хат-хабарлар, Елтаңбалық бланкі, министрлік ноталары қазақ тілінде әзірленіп, қажет болған жағдайда ғана орыс тілінде немесе шет тілінде дайындалады.
Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет елдердің дипломатиялық мекемелерінен және халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен келіп түсетін ноталарды қазақ тіліндегі аудармаларымен қоса жіберу жөніндегі талап қойылып, осыған орай елімізде тіркелген 50-ден астам дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктері өз ноталарын қазақ тілінде жолдайды. Мұны мемлекеттік тілдің аясын кеңейтуге бағытталған нақты шаралардың бірі деп айтуымызға болады.
Министрлікте жыл сайын мемлекеттік тілді қолдану ахуалы туралы жиналыс өткізіліп, алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстар туралы шешімдер қабылданады. Ведомствода мемлекеттік тіл басқармасы, аттестациялық комиссия құрылған. Басқарма тарапынан мемлекеттік тіл талаптарының орындалуын қадағалау жолға қойылған.
Қазақ тілінің дамуы үшін ұйымдастыру-жоспарлау жұмыстарымен қатар материалдық-техникалық база тұрғысынан да тиісті көңіл бөлінген жөн деп білемін. Бұл ана тіліміздің нығайып, сапалы болуына айтарлықтай септігін тигізетіні сөзсіз. Осы орайда министрлікте мемлекеттік тіл кабинеті жұмыс істейді. Жақында қазіргі заманғы лингафондық қазақ тілі кабинетін құру ісін қолға алдық. Мұның барлығы тіл мәртебесін көтеруге бағыттылған іс-шаралар болып табылады.
ҚР Сыртқы істер министрлігінде және министрлікке қарасты құрылымдық бөлім¬шелерде қызмет істейтін мемлекеттік қыз¬метшілерімізге мемлекеттік тілді оқыту жүйелі жүргізіледі. Осы мақсатта қазақ тілі курстарын ұйымдастырдық. Биыл 89 қызметкер қазақ тілін білу деңгейін арттырды.
Қоғамда кеңінен талқылауға ие болып жүрген қазақ тіліндегі терминологияны қалыптастыру мәселесі де тілдің дамуына аз септігін тигізбейді. Халықаралық терминдерді қазақ тіліне сауатты аударып, қолданысқа ендіру мәселесі бойынша ведомствомызда терминологиялық топ (терминтоп) жұмыс атқаруда. Терминологиялық топ өз қызметінде сыртқы істер саласындағы қазақ тіліндегі терминология мәселелеріне көңіл аударып, ана тіліміздегі терминдердің бір ізді болуын қадағалайды. Бұл орайда практикалық, лингвистикалық семинарлар өтіп тұрады. Мәселен, жақында Мемтерминкомда бекітілген көптеген терминдер алдын ала осы терминтоп отырысында қаралған болатын. «Мемлекеттік тілде іс жүргізу барысын зерделеу» тақырыбында өткізілген практикалық семинарда мемлекеттік тілде іс жүргізу бағытында қалыптасып, айқындалған сөздерге назар аударылып, СІМ жүйесінің құжаттарында кездесетін, бүгінде екіұштылық мағына тудырып жүрген сөздер мен сөз тіркестері, сөйлем құрылысы, жекелеген терминдердің баламасы мен атаулар мәселесі талқыланып, мемлекеттік тілде әзірленген құжаттарға талдау жасалды. Мұндай шаралар дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
Министрлік қызметкерлерінің күшімен бірінші рет «Қазақша-ағылшынша-орысша» және «Орысша-қазақша-ағылшынша» дип¬ломатиялық сөздіктердің қызмет барысындағы қазақ тілінің қолдану аясын кеңейте түскені сөзсіз.
Биыл Қазақстан халқы тілдерінің күні қарсаңында, шет елдік дипломаттардың және министрлік қызметкерлерінің қатысуымен бірінші рет қазақ тілі кешін өткіздік. Қазақ тілі кешінде қазақстандық дипломаттар тіл, білім, өнер аталымдары бойынша са¬йысқа түсті. Шараға арнайы шақырылған шетелдіктер – дипломатиялық корпустың бірқатар өкілдері, атап айтқанда Моңғолияның Қазақстандағы Елшісі Жагир Сухуээ, Нидерланд Елшісінің орынбасары Хари Путкер, Германия Елшілігінің бірінші хатшысы Джони Крамер және басқалар өз елдері туралы қазақша әңгімелеп, қазақ тілінде өлеңдер оқып, қазақ тілін оқып-үйрену жайын баяндады. Бұл маңызды шара республикалық «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Айқын» және басқа да мерзімдік басылымдарында жарияланды.
Қазақ тілі кешін алдағы уақытта да өткізіп тұруды қолға аламыз. Осыған орай Қазақ¬станның шет елдердегі мекемелеріне жыл сайын Қазақстан халқы тілдерінің күні аясында дип¬ломаттарды кеңінен қатыстыра отырып қазақ тіліне арналған тақырыптық кеш өткізу жөнінде тапсырма берілді және ол елшіліктердің жұмыс жоспарына енгізілді.
Қазақстанның шет елдердегі мекемелеріндегі мемлекеттік тілде іс жүргізу барысы жоспарлы түрде тексеріліп, дипломаттардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі, оларға әдістемелік көмек көрсету жайы ұдайы назарға алынған. Сыртқы ротация бойынша шетелдік мекемелерден оралған қызметкерлер жұмысқа шыққаннан кейін мемлекеттік тілді білу деңгейі бойынша сынақтан өткізіледі.
2.Сыртқы істер министрлігінде және Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтудің 2011-2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары жасалды. Бұл жоспар «ҚР тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама¬сын іске асыру жөніндегі 2011-2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарындағы» қазақ тілінің халықаралық қарым-қатынас саласында қолданылуын кеңейте түсу мақсатына орай түзілді. Аталған жоспарда қазақ тілін білу деңгейін бағалауда «Қазтест» жүйесін қолдану туралы айтылған.
«Қазтест» жүйесін қолдану Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі қызметкерлерінің мемлекеттік тілді білу деңгейін айқындау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы Ұлттық тестілеу орталығының бұйрығымен бекітілген. Осы ретте «Қазтест» жүйесі бойынша сынақ тапсыру Қазақстан дипломаттарының міндетті әрі жауапты ісіне айналғанын айта кеткен жөн. Соңғы үш жылда оннан астам сынақ өткізілді.
Жалпы жүйелі өткізіліп жүрген «Қазтест» сынағы СІМ жүйесінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын айтарлықтай кеңейтті деуімізге болады. Сынақ қорытындылары мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытында белгілі бір дәрежеде ілгерілеу бар екенін көрсетті. Мұндай шаралар министрліктегі мемлекеттік тіл саласындағы мақсатты жұмыстарды одан әрі жандандыруға, қызметшілерді ынталандыра түсуге елеулі ықпал ететіні сөзсіз.
Біз осындай тіл сынақтарының нәтижесінде бірінші рет Сыртқы істер министрлігі қызметкерінің жеке іс парағында «мемлекеттік тілді білу деңгейі» деген жолды бөлектеп, дербес көрсете бастадық.
Сонымен қатар тестілеудің нәтижелеріне қарай отырып, мемлекеттік тілді еркін меңгерген қызметкерлерге, құрылымдық бөлімшелер басшыларының қарауындағы қызметкерлердің орындаушылық және еңбек тәртібін сақтауы туралы ұсыныстарын ескере отырып, жыл қорытындысы бойынша бір айлық еңбекақы мөлшерінде сыйақы беруді бекіттік.
Жалпы министрлік басшылығы әр жылдың басында мемлекеттік тілде іс жүргізу, қазақ тілін меңгеру деңгейін жетілдіру мәселелеріне арналған арнайы кеңес өткізетінін, онда барлық қызметкерлер орындауға міндетті хаттамалық шешімдер қабылданатынын ерекше атап өткім келеді.
3.Тілді меңгеру күштеу арқылы жүзеге аспайды. Ол әр адамның ішкі ниеті мен ұлттық сезімінің сәйкестігінен туады деп есептеймін. Мемлекетаралық қарым-қатынастарда тәуелсіз еліміздің мүддесін қорғап жүрген дипломаттар қауымын ұлтжандылықтан, отаншыл сезімнен ада деп ешкім айта алмаса керек. Қазір қоғамда да, мемлекеттік қызметшілердің бойында да мемлекеттік тілге деген қажеттілік өсе түскенін байқау қиын емес. Жеке адамның қоғамнан тыс бола алмайтыны сияқты, алдағы уақытта қоғамымыздағы осы қажеттілікті күшейте түсу керек деп ойлаймын.

http://anatili.kz/

05.12.2013