Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Астанада «Тіл меңгеру деңгейін бағалау құралдарын әзірлеу және оларды жетілдіру» тақырыбында тренинг өтті

20 Маусым 2011 | 10:24


Авторы: Educational Testing Service (АҚШ, Принстон университеті) сарапшысы, TOEFL (Test of English as Foreign Language) тапсырмаларын қалыптастырушы мамандарының бірі – Дэвид И.Баум (David I. Baum)
Өтетін орын: Астана қаласы, Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Оқу зертханалық ғимарат, 8–қабат, № 823 мәжіліс залы.
Ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Мемлекеттік тілді дамыту қоры, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ.
Мақсаты: Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ-ті жетілдіру, қазақ тілін оқыту, үйрету және тіл меңгеру үдерісінде халықаралық тіл меңгеруді бағалау жүйелерінің тәжірибелерін пайдалану.

Ұлттық тестілеу орталығы азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ-ті жетілдіру іс-шараларын жалғастырып келеді. Солардың бірі мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесін толыққанды пайдалану арқылы қазақ тілін меңгеруге ынтаны арттыру және тілдің қолданыс аясын кеңітіп, бәсекелестікке қабілеттілігін көтеру.
ҚАЗТЕСТ жүйесі тіл меңгерудің TOEFL (Test of English as Foreign Language), IELTS (International English Language Test System) халықаралық жүйелері қағидаттары негізінде әзірленген. Тіл меңгеру деңгейі сөйлеу әрекетінің түрлері: тыңдалым, оқылым, жазылым және айтылым мен лексика-грамматикалық құрылым бойынша іске асырылады. ҚАЗТЕСТ жүйесі қазақ тілін меңгеру деңгейін бес түрлі қарапайым, базалық, орта, ортадан жоғары, жоғары деңгейлер бойынша бағалайды. Қазіргі таңда ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша 50 000 тарта тапсырмалар қалыптастырылды (қайталанбайтын 330-дан аса тест нұсқалары). Олардың сапасын одан әрі көтеру мақсатында АҚШ-тың білім сапасын бағалау саласындағы әлемге әйгілі Educational Testing Service (ETS) ұйымының 70 жылдық тәжірибесімен танысып, тапсырмаларды қалыптастырудағы озық үлгілерімен тәжірибе алмасу ұйымдастырылып отыр. Бұл ҚАЗТЕСТ жүйесін дамытудың келесі кезеңіне көтеретіні белгілі.
Ағымдағы жылдың 20-24 маусым аралығында Ұлттық тестілеу орталығы Мемлекеттік тілді дамыту қоры қолдауымен, ҚАЗТЕСТ жүйесі тапсырмаларының әзірлемешілері, сарапшылары, тестілеуді ұйымдастыру бойынша менеджерлері, қазақ тілін оқыту орталықтары қызметкерлері, мемлекеттік тілді дамытудың аймақтық басқарамаларының қызметкерлері үшін ETS ұйымының белгілі сарапшысы Дэвид Баумның тренингін ұйымдастырды.
Дэвид Баум TOEFL тапсырмаларын қалыптастырушы жұмыс тобының мүшесі, италиян, жапон, испан, қытай тілдерінің Американдық патентін құрaушы. TOEFL, IELTS халықаралық жүйелерін Еуропа, Азияның бірқатар елдерінде қолданып, оларды талдау және зерттеуде мол тәжірбие жинаған.
Тренинг барысында тіл меңгеру деңгейін бағалау, оның ерекшеліктері, тіл оқыту үдерісін жүйелеуге тигізетін көмегі аясында халықаралық жүйенің көп жылдық тәжірибесі, озық ғылыми ізденістер және олардың тәжірибелік қолданыстары талқыланады. Тренинг нәтижесі бойынша әйгілі ұйымның сәйкес сертификаты беріледі. Әріптестікті өрбітудің келесі бір қадамы ағымдағы жылдың қыркүйек айында аталған ұйымның Бас директорының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрімен кездесуі жоспарланып отыр.