Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Халық тұтынатын тауар өндірушілердің 100-ден астамы өз өнімдеріндегі ақпараттың қазақ тілінде түсінікті әрі сауатты жазылуына немқұрайлы қарайды

26 Қараша 2010 | 5:21

Мемлекеттік тілді дамыту қоры мен «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының «Қазақша сөйлесейік!» акциясы аясында бірлесе өткізген «Қырағы көз!» айлығы өз мәресіне жетті.

Іс-шараның басты мақсаты тауарлардың мемлекеттік тілде жазылған жапсырмалары, орамдары мен нұсқаулық мәтіндеріндегі қателерді анықтау болатын. Волонтерлар мен қала тұрғындары аралаған барлық сауда орталықтарынан қателерінен көз сүрінетін сауатсыз жапсырмалар анықталды. Аталмыш шараға «Жас Отанның» қарағандылық филиалы да қосылды.

«Акция қорытындысы 100-ден астам отандық және шетелдік тауар өндірушілер өнімдегі жапсырмалардың қазақ тілінде дұрыс жазылуына селқос қарайтынын көрсетті. Бұған қоса, азық-түлік өнімдері мен өзге де тауар өндірушілердің 200-ге жуығы тұтынушыларға ұсынылатын ақпаратты қазақ тілінде мүлде бермейтінін көрсетті. Және де бұл деректер Астана қаласы бойынша ғана көрсетіліп отыр. Ал, еліміздің тұтас аумағында бұл көрсеткіш еселене түсері анық», — дейді Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев.

Естіген құлаққа оғаш сөздер, қаптаған грамматикалық қателер, стилистикалық және мағыналық кереғарлық – қазақтілді тұтынушыларға арналған ақпарат осындай сақау сөздерден аяқ алып жүргісіз.

Айталық, астанамыздағы аспаздық дүкендердің бірінде сатылатын тағамның «Шайтанның аяқтары» деген үрейлі атауы «Дьявольские» деген тауық аяқтарының сөзбе-сөз аудармасы болып шықты.

Саудаға шығарылған сабын орамындағы сөздерді қазақ қаріптерімен берілгені болмаса, мән-мағынасы жоқ қойыртпақ деуге болады. Осындағы «Туймедак нирлі балиа арналиан» секілді басқа шатпақтардан бұл тауарлардың не екенін, кімге арналғанын ұғып, білу мүмкін емес, — дейді акцияны ұйымдастырушылар.

Ал кейбір өндірушілер дайындалатын тағамға тұзды «талғамына қарай» қосуды (дәміне қарай қосыңыз) ұсынады.

Енді бір өндірушілер қазақтілді тұтынушысына кір жуудың ұсынылған температурасы «тоқыма бұйымдарының басында көрсетілгенін» хабарлайды. Ал дұрысы – «тоқыма бұйымдарының жапсырмаларында немесе нұсқаулықтарында» болса керек.

Мұндай мысалдар өте көп және бұны аудармашылардың нашар аударуы ғана емес, сонымен қатар халық тұтынатын тауарларды өндірушілердің мемлекеттік тілге немқұрайлы қарауының салдары деуге болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай тауар өндірушілердің тізімі шара қолдану үшін Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне жолданатын болады.

«Қырағы көз!» айлығы тауар өндірушілер арасында мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастырып, жұртшылықты тіл тазалығы үшін күреске жұмылдыру, тұтынушыларға арналған ақпаратты ұғынықты жеткізуге, сапалы аударуға назар аударту мақсатында ұйымдастырылған болатын.

Акцияға қатысуға Астананың тұрғындары тартылды. «Жас Отан» жастар қанатының астаналық филиалына қазақ тіліне қате аударылған жапсырмаларды неғұрлым көп әкелген алғашқы 20 адам Қордың арнаулы сыйлықтарына ие болды.