Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«Алтын тобылғы» байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды

10 Шілде 2020 | 9:05

АТ2Конкурс басталуы: 10.07.2020
Конкурстың аяқталуы: 01.11.2020

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры  ұйымдастырған «Алтын тобылғы» байқауы алтыншы рет бүкіл елден ең үздік жас ақындар мен жазушыларды анықтауды жалғастыруда.

Байқаудың басты мақсаты — қазіргі заманғы қазақстандық көркем әдебиетті қолдау, дамыту және насихаттау.

Жүлде конкурс негізінде төмендегі номинациялар  бойынша тағайындалады:

  • «Жылдың үздік прозасы»
  • «Жылдың үздік поэзиясы»
  • «Жылдың үздік драматургиясы»
  • «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы»
  • «Абайдың 175 жылдығына арналған үздік әдеби туынды»

Әр номинацияның жеңімпазына «Алтын Тобылғы» әдеби сыйлығының лауреаты атағы беріледі және 2 миллион теңге мөлшерінде ақшалай сыйлық беріледі. Ал арнайы номинацияның жеңімпазына 3 миллион теңге көлемінде сертификат табыс етіледі. 

Байқауға қатысуға 18-35 жас аралығындағы жас әдебиетшілердің қазақ және/немесе орыс тіліндегі шығармалары қабылданады. Автор екі номинацияға қатысуға құқылы. Конкурстық іріктеуге бір автордан — бұрын еш жерде жарияланбаған екі шығармаға дейін қабылданады.

Қатысуға өтінімді пошта арқылы мына мекенжайға жіберу қажет: Нұр-Сұлтан қ., Ә. Бөкейхан к-сі,1, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, сондай-ақ өтінімді at2020@fpp.kz электрондық поштасына жіберу қажет.

Өтінімдерді жіберу мерзімі — 2020 жылдың 1 қарашасына дейін.

Байқауға қатысу туралы ережесін жүктеп алыңыз:

Сәттілік тілейміз!

Дәстүрлі «Алтын тобылғы» әдебиет жүлдесіне байқау өткізу

Ережесі

 

  1. Жалпы ережелер
  2. Осы Ереже Нұрсұлтан Назарбаевтың Қоры тағайындаған «Алтын тобылғы» әдебиет жүлдесін (бұдан әрі — Жүлде) беру тәртібін белгілейді.
  3. Жүлденің мақсаты — қазіргі заманғы Қазақстанның көркем әдебиетін дамыту, қолдау көрсету және насихаттау.
  4. Жүлденің міндеттері:
  • жаңа ұрпақтың қазіргі заманғы көркем әдебиеттегі өмірлік философиялық қағидаттарын бейнелейтін жас қазақстандық қаламгерлерді анықтау және көтермелеу;
  • тың әдеби үрдістердің қалыптасуына қолдау көрсету;
  • қазіргі заманғы әдебиеттегі жаңа есімдерді көпшілік қауымға таныстыру.
  1. Жүлденің құрылтайшысы мен ұйымдастырушысы – Нұрсұлтан Назарбаевттың Қоры (бұдан әрі — Н.Назарбаев Қоры).

Жүлдені тағайындау бойынша конкурс өткізудің серіктестері: Қазақстан Жазушылар одағы және Мемлекеттік тілді дамыту қоры.

  1. Жүлде конкурс негізінде төмендегі номинациялар бойынша тағайындалады:

1) «Жылдың үздік прозасы»;

2) «Жылдың үздік поэзиясы»;

3) «Жылдың үздік драматургиясы»;

4) «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы»;

5) «Абайдың 175 жылдығына арналған үздік әдеби туынды».

  1. Әрбір номинация жеңімпазына «Алтын тобылғы» әдебиет жүлдесінің лауреаты атағы және 2 миллион теңге көлемінде сыйақы беріледі. 3 миллион теңге көлеміндегі арнайы сыйақы «Абайдың 175 жылдығына арналған үздік әдеби туынды» номинациясы жеңімпазына беріледі.

 

  1. Өткізу тәртібі

Конкурс басталғаны туралы хабарландыру Нұрсұлтан Назарбаев Қорының сайтында www.fnn.kz және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Шығармалар 2020 жылғы 10 шілдеден 1 қарашаға дейінгі аралықта қабылданады.

Конкурстың қорытындысы 2020 жылғы желтоқсанның  бірінші онкүндігінде жарияланады.

 

  1. Жүлдеге әдеби туындыларды ұсыну тәртібі
  2. Конкурсқа 18-35 жас аралығындағы жас қаламгерлердің қазақ және орыс тіліндегі шығармалары қабылданады.
  3. Бір автор тек екі номинацияға қатысуға құқылы.
  4. Авторлық жұмыстарға қойылатын талаптар:
  • Конкурсқа бір автордың бұрын еш жерде жарияланбаған екі шығармасы ғана қабылданады;
  • конкурсқа бейнормалық қолданыстағы сөздер кездесетін, этикалық нормалар мен авторлық құқықтары бұзылған шығармалар қабылданбайды;
  • шығарма А-4 форматында, мәтіні 14 көлеміндегі Times New Rоman қарпімен 1 аралықта терілуі керек. Мәтіннің көлеміне қойылатын шектеу:
  • проза үшін — 35 беттен кем емес;
  • поэзия үшін — 5 беттен кем емес;
  • драмалық шығарма үшін — 30 беттен көп емес;
  • балалар әдебиеті үшін — 25 беттен көп емес;
  • «Абайдың 175 жылдығына арналған үздік әдеби туынды»- (проза — 35 беттен кем емес; поэма — 5 беттен кем емес; драма — 30 беттен көп емес; балалар шығармасы — 25 беттен кем емес;).
  • Конкурсқа жіберілетін өтінім «Алтын тобылғы» деген белгі қойылып бір конвертпен мынадай тәртіппен жіберілуі керек:

Конвертке бөлек салынатындар 1) автордың аты-жөні көрсетілмей бір данада басып шығарылған шығарма, 2) автордың өзі туралы мәліметтер осы конверттің ішінде жеке конвертте болуы тиіс:  аты, тегі, әкесінің аты, туған жылы, тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефондары, e-mail.

  1. Өтінімдер поштамен Нұр-Сұлтан қаласы,А.Бөкейхан көшесі, 1 үй, Нурсултан Назарбаевтін Қоры мекенжайына және at2020@fpp.kz электрондық пошта бойынша жіберілуі тиіс.
  2. Конкурсқа қатысуға өтінім бере отырып, автор:
  • өзінің авторлығын растайды;
  • Жүлденің ұйымдастырушыларына шығармаларды бұқаралық ақпарат құралдарында, Ұйымдастырушының ұйғарымы бойынша жинақтарда және ғаламторда жариялауға рұқсат береді;
  • авторлық гонорарды талап етпейді.
  1. Қабылданған шығармалар рецензияланбайды және қайтарылмайды.
  2. Жұмыстарды Конкурсқа жіберуге және салтанатты марапаттау рәсіміне қатысуға байланысты шығындарды қатысушылар өздері өтейді.

 

  1. Жеңімпаздарды анықтау тәртібі
  2. Қолжазбаларды бағалау және Жүлде жеңімпаздарын (лауреаттарды) анықтауды Конкурстың Құрылтайшысы елімізге танымал ақын-жазушылардан, баспа өкілдерінен, сондай-ақ байқау құрылтайшылары мен серіктестері өкілдерінен жасақтаған (7 адамнан кем емес) Қазылар алқасы жүзеге асырады.
  3. Қазылар алқасының құрамы мен Төрағасын Конкурстың Құрылтайшысы бекітеді.
  4. Қазылар алқасының Жүлденің талаптарына сәйкес келмейтін шығармаларды қарамауға (сонымен қатар анонимді шығармаларды) құқы бар.
  5. Конкурсқа ұсынылған шығармалар қазылар алқасы мүшелеріне анонимді түрде жіберіледі (автордың есімі аталмайды).
  6. Қорытынды шешім қазылар алқасының жалпы санынан кемінде 2/3 кворумы болған жағдайда ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
  7. Конкурсқа ұсынылған туындыларды әділ бағалау үшін барлық жұмыстар анонимді түрде қаралады. Конкурсқа ұсынылған жұмыстарды бағалау кезінде шығарманың өзектілігі мен автордың ойлау дербестігі, ұстанымы, баяндау реттілігі мен мағыналылығы, идея ерекшелігі, әдеби-көркем құндылығы, эстетикалық әсер тереңдігі басшылыққа алынады.
  8. Қорытынды шешім қабылданғанға дейін анонимділік сақталады.
  9. Қазылар алқасының шешімі ақырғы болып табылады және қайта қаралмайды.
  10. Конкурсқа лайықты шығармалар түспеген жағдайда, Қазылар алқасы Ұйымдастырушыларға сол номинация бойынша жүлдені толығымен бермеуге немесе жартылай беру туралы ұсыныс жасауға құқылы.