Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Жаңғыру жоқ жерде даму жоқ

28 Сәуір 2017 | 4:11

a-1-1-360x480– Елбасы мақа­ласының орны бөлек. ХХІ ғасырда еліміз қандай болуы керек? Неге қол жеткізуге тиіспіз? Ол үшін не істемек керек? Осындай ауқымды мәсе­лелер көтерілген.                                                                                     ХХІ ғасыр –басқа ғасыр. Бұл озық технология­ның, кемелді білімнің, білік­тіліктің заманы. Қазақстан алдына жаңа міндет қойып отыр. Ол – әлемдегі ең дамыған отыз мемлекеттің қатарына қосылу. Бұл жөнінде Елбасы «Қазақстан – 2050» стратегиясында, Бес институционалдық реформасында, биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында айтып өткен. Ол деңгейге жету үшін алдымызда біраз міндеттер тұр. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілгендей, ұлттық сана жаңғыру керек. Шындығы сол, кертартпа ескі қағидалардан арылатын кез туды. Бізге жаңаша ойлау, жаңа көзқарас қалыптастыру қажет. Қазір әлем технологиялық революцияны бастан кешіруде. Бұл бізге де келді. Жас ұрпақ соған сай білім алуы қажет. Елімізде өте жоғары деңгейдегі бірқатар университеттер ашылды, зияткерлік мектептер жүйесі қалыптасып үлгерді. Бұл – үлкен жетістік. Жастарды «Болашақ» бағдарламасы аясында шет елдің ең мықты оқу орындарында оқытып жатқанымыз тағы бар. Осы жерде айтпай кетпейтін бір мәселе, ол – еліміздің алдағы жылдары латын әліпбиіне көшуі. Мұны біз қуана қолдайтынымыз хақ. Мәселен, өзім жетекшілік ететін ұжым осы тіл мәселесімен шұғылданады. Сайтымызға тіркелгендер алпыс мыңның үстінде. Көбісі шетелде тұратын қандастарымыз. Сондықтан оларға арналған ақпарат, жаңалықтарымызды біз төте жазу және латын әліпбиіне аударып беріп келеміз. Егер Қазақстан латын әліпбиіне көшетін болса, тілдік бөгет алынып тасталар еді. Демек, алдағы уақытта осындай игі істерді атқару үшін, озық өркениетке жету үшін бізге береке-бірлік, еліміздегі ұлттардың ынтымағы қажет. Онсыз біз алға жылжи алмасымыз хақ.

Азат ШАУЕЕВ,  Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры

https://aikyn.kz/2017/04/28/11711.html