Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«Қазақ тілінің жиілік сөздігі» құрастырылды

9 Тамыз 2016 | 4:59

Таяуда А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты 2102496 сөзқолданысы мен 30515 реестірлік сөзден тұратын «Қазақ тілінің жиілік сөздігін» жасап шықты. Сөздік «Әліпбилі-жиілік», «Жиілікті-әліпбилі» және «Кері-әліпбилі» атты үш бөлімнен тұрады.

Жиілік сөздік – бұл белгілі бір мәтін көлеміндегі сөздердің, сөз тіркестерінің, сондай-ақ, грамматикалық тұлғалардың, буындардың, дыбыстар мен оның тіркестерінің қолдану жиілігі көрсетіліп берілген сөздік.

Сөздік сөзтізбесі құрастырылмас бұрын алдымен қажетті тілдік материалдар жинақталып, ондағы сөздердің грамматикалық, лексикалық мағынасы, мәтіндегі жиілігі қандай, қазақ әдеби тілінің қай стиліне жатады және басқа да сұрақтарға жауап беру мақсатымен арнайы зерттеулер жүргізілді.

Еске сала кетсек, физика-математика ғылымдарының кандидаты, филология ғылымдарының докторы, профессор Қалдыбай Бектаев 1968 жылы «Абай тілі» жиілік сөздігін жасап шығарған болатын. Бұл лексикографиялық еңбектің ең басты ерекшелігі – сөз табымен қатар, бұрын-соңды тәжірибеде болмаған сөз жиілігі санының көрсетілуі еді.

Бұдан кейін де Қ.Бектаев, А.Жұбанов, С.Мырзабеков, А.Белботаев, А.Ахабаев, Қ.Молдабековтің авторлығымен бірнеше жиілік сөздік құрастырылып, жарық көрді.

Сонымен, Тіл білімі институты тұтас тілдің сөздігін жасау үшін бүкіл жанрдағы қазақ мәтіндерін біріктіру жолын қолдана отырып, әртүрлі жиілік сөздіктердің басын құрап, біртұтас «Қазақ тілінің жиілік сөздігін» жасап шықты. Сөздікті құрастыру үшін жеті жиілік сөздік (Қ.Бектаев, А.Жұбанов, С.Мырзабеков, А.Белботаев «М.Әуезовтің 20 томдық шығармалар мәтіндерінің жиілік сөздігі», Тіл білімі институтының лексикографтары құрастырған «Абай тілі сөздігі», А.Ахабаевтың публицистикалық мәтіндер бойынша құрастырған «Қазіргі қазақ газеттері тілінің алфавитті-жиілік сөздігі», Қ.Бектаевтың «Қазақ ертегілері тілінің алфавитті-жиілік сөздігі», Ғ.Мүсіреповтің «Кездеспей кеткен бір бейне» романының мәтіні бойынша Қ.Бектаев, А.Белботаев, Қ.Молдабековтің авторлығымен жарық көрген жиілік сөздік материалдары, А.Белботаевтың құрастырған «Математика тексінің алфавитті-жиілік сөздігі», Қ.Бектаев пен Қ.Молдабековтің құрастырған «Балалар әдебиеті тексінің алфавитті-жиілік сөздігі») пайдаланылып, сол сияқты ғылыми-көпшілік, көркем әдебиет, публицистика стиліндегі мәтіндер бір базаға біріктірілді. Әрі мұнда әрбір сөз табы көрсетіліп, олардың әрқайсысының да жиілігі анықталған.

«Қазақ тілінің жиілік сөздігі» қазақ тілі лексикасының статистикалық құрылымын анықтауға қажетті құрал қызметін атқарады. Қазақ тіліндегі сөздердің сөзқолданыстағы жиілігін анықтау арқылы көптеген ақпарат алынып, тілдік заңдылықтарды анықтауға болады, тіл үйретуге қажетті әрбір деңгейге тән лексикалық минимумды құруға болады. Қазіргі уақытта бұл сөздіктің қазақ тілін үйретуде, ғылыми зерттеулерде, аударма ісінде қажеттілігі артып отыр.

Ғани АТЫМТАЙ, Астана қаласы

http://anatili.kazgazeta.kz/