Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Қазақстанға жұмыс істеуге келген ағылшын азаматы бірінші кезекте қазақ тілін үйренген

1 Наурыз 2016 | 10:22

5555Қазақстанда тұрып жатқанына сегіз жылдай болып қалған ағылшын азаматы NUR.KZ порталының тілшісімен сұхбаттасып, Қазақстаннан сегіз жылда алған әсерімен бөлісті.

Кристофер Трикет бүгінде домбыраның құлағында ойнап, қазақ тілінде еркін сөйлей алады. Он шақты тіл білетін ағылшындық елімізде жеке zhazu.co.uk атты сайтын ашып, ағылшын тілінен бірқатар қызмет түрлерін ұсынып жүр.

Қазақстанға деген ерекше ықыласын жасырмайтын Кристофер сұхбат барысында Қазақстаннан алған әсерін айтып берді.

— Қанша мемлекетте тұрып көрдіңіз?

— 5 немесе 6 мемлекет болуы керек. Әрине Англияда тұрдым, Уэльсте, Францияда жас кезімде тұрдым. Мысырда, Қырғызстанда, Италияда да тұрып көрдім.

— Неліктен таңдауыңыз Қазақстанға түсті? Қанша дегенмен, сегіз жыл аз уақыт емес.

— Бастапқыда бір жылға ғана келемін деп жоспарлағанмын… Одан кейін Жапонияға немесе Оңтүстік Америкаға кетемін деп ойладым. Неге дәл осы елге келгенімді түсіндіру қиын. Менің жай келгім келді. Кейін бір жылым өткен соң, маған бұл жеткіліксіз екенін түсіндім. Мен кетуге дайын емес екенімді ұқтым. Жыл сайын өзімді осында бақытты сезіндім.

— Қазақстанның қай жерлері сізге көбірек ұнайды?

— Әрине Алматы. Қанша жерде болсам да, оны әлемдегі ең сүйікті қалам дей аламын. Сонымен қатар, Таразды ұнатамын. Көбісі Таразды ұнатамын десем таңырқайды. Мен қазақтың ауылдарын жақсы көремін. Ал Тараз маған ауылдың өмірін еске салады.

— Қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татып көрдіңіз бе?

— Көбі еттен жасалғандықтан, дәм тата алмадым. Себебі, вегетарианмын. Бірақ бауырсақтан ауыз тидім. Маған ұнады, десе де көп жей алмайды екенмін. Қымыз бен шұбатты да ішіп көрдім. Көбірек шұбат ұнады.

— Қазақ тілін үйрену қиын болды ма?

— Жоқ, алты апта бойы оқулықтан үйреніп, достарыммен қазақша сөйлесе алатындай болдым. Өзімнің не істеп, не қалайтынымды жеткізе алатындай дәрежеге жеттім.

— Қанша тіл білесіз?

— Он шақты тіл білемін, бірақ таза сөлейтінім — бесеу.

— Қазақ тойына барып көрдіңіз бе?

— Иә, бір рет бардым. Неге мені шақырғанын түсінбедім, бірақ бардым. Той керемет өтті, дегенмен, көп адамды танымаған соң, мен аздап ұялып отырдым. Екінші рет досымның тойына Астанаға бардым. Ол жерде домбырада күй тарттым, сөз сөйледім. Бәрінің көңілінен шықтым. Себебі, менің ойымша, көптеген шетелдіктер жақсы жалақыға бола, бір жылға келеді, елдің тілі мен мәдениетін үйренуге құлшынысы болмайды. Ал мен келгенде қомақты жалақым болмады. Дегенмен, қалып, тілі мен мәдениетін үйреніп жатқаным халыққа ұнайды деп ойлаймын.

Тойда көп адамға тост беретіні таң қалдырды. Бізде тойда ең көп дегенде 3 адам тост айтады. Ал қазақ тойында бәрі тост айтатындықтан, мереке кемінде 6 сағатқа созылды. Бұл да мені таң қалдырды. Дегенмен, іш пыстырады деп айтудан аулақпын. Себебі, тойға жас жұбайлардың жақындары жиналып, тілектес болады. Бірақ тойға алты сағат әбден жеткілікті деп ойлаймын.

— Домбыраны неше жыл үйрендіңіз?

— Төрт-бес жылдай болды. Керемет дарыным бар демеймін, дегенмен, жарты жолда тастамай үйреніп жүрмін.

— Неше күй шерте аласыз?

— 25-30 шақты. Адай, Сарыарқа, Балбырауын сияқты күйлерді жақсы шерте аламын, тек аздап жылдам ойнауға қиналамын. Менің ұстазым — Айгүл Үлкенбаеваны домбырадан әлем бойынша ең керемет үйретуші деп білемін.

— Қай күйді ойнағанды және қай күйді тыңдағанды ұнатасыз?

— Жантөренің «Шалқыма» күйін тыңдағанды ұнатамын. Мен үшін Шалқыма күйін орындай алу шеберліктің шыңы болып көрінеді. Каратеде бәрі қара белбеуге талпынса, мен домбырада «Шалқыма» күйін қара белбеу деп білемін. Ал шерте алатын күйлерімнің ішінде Құрманғазының «Боз шолағы» қатты ұнайды. Сонымен қатар, Дәулеткерейдің «Жеңгем сүйер» күйін орындағанды жақсы көремін.

Кристофер күй туралы әңгімелей отырып, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа күй орындап бергісі келетінін айтып қалды.

«Мен президентке қысқаша күй орындап бергім келеді. Әрине, күй орындауда менен де лайықтылар барын жоққа шығармаймын», — дейді Крис.

— Қазақ әндерін тыңдайсыз ба?

— Интернетті көп қолданбаймын. Теледидар қарамаймын. Сол себепті қазақ әншілерін көп білмеймін. Қайрат Нұртас туралы естігенім бар. Ол жақсы әнші де болар, білмедім. Бір досым бар, Ержан Нұрғалиев деген – өте дарынды әнші. Менің ойымша, ол ер азаматтар арасында таза дарыны бар әнші. Мұнымен келіспейтіндер де болар, бұл жай менің жеке пікірім. Мен оны даусы жағынан әлемге танымал әнші Андреа Бочеллиге ұқсатамын.

— Қазақстанда басыңыздан өткен қызықты жайттар бар ма?

— Иә, Алматыда Interpress-те жұмыс істегенімде, курсқа қатысушылар көп болып, оларды UIB университетіндегі сыныптарда оқытуға алып бардым. Сол жерде бір бойжеткенді көріп, сұлулығына қатты таңырқаған едім. Ішімнен бұл әлемдегі ең сұлу ару шығар деп ойладым. Бірақ әрі қарай жүре бергенімде, одан да сұлу аруға көзім түсті. Сөйтіп, сұлулығы бірінен бірі асып түсетін бес шақты бойжеткенді кездестірген шығармын. Бұл таңғаларлық. Олар түрімен ғана емес, өзін ұстап, әдемі киінумен, жалпы барлық тұрғыдан мінсіз болып көрінді.

— Қазақ тілінде қай сөз сізге ең қиын болып көрінді?

— Қазақтың “екен” деген сөзі. «Қой», «ғой» деген сөздер оңай болды. Бірақ «екен» деген сөздің мағынасын түсінбей-ақ қойдым. Оның тура аудармасы ағылшын тілінде жоқ. Бір күні маған такси жүргізушісі «қазақша жақсы сөйлейді екенсіз» дегенде «екенсіз» деген не?» деп түсінбей қалдым. Ақыры, бұл сөзді түсінуге тырысудың қажеті жоқтығын ұқтым. Бұл таза қазақтың өзге баламасы жоқ сөзі.

Сұхбат барысында Кристофер талай танымал тұлғаларға тілден ұстаздық еткенін білдік. Солардың бірі – танымал әнші Сон Паскаль. Кристофер онымен бірге қазақ тілінде ән жазып шыққан екен.

«Сон Паскальдың жаңа әндерінің бірі — «Қазақ болсам» әнінің сөзін мен жаздым. Әнін емес, сөзін ғана. Онда шынайы өмірден алынған жағдай баяндалады. Әнінің сөзін қазақ тілін жетік білетін досым өңдеп берді. Дегенмен, әннің мағынасы толықтай сақталған», — деп ағынан жарылды ол.

Айта кетерлігі, әнді мұқият тыңдап көрсеңіз, онда шетел азаматының қазақ қызына деген махаббаты туралы айтылады.

Кристофер Қазақстанды әлемге танытуда үлес қосқысы келетінін алға тартты.

«Мен Astana Pro Team-мен бірігіп, медиа жұмыс бастауға ұсыныс білдірдім, себебі Қазақстанды әлемге танытуда өз үлесімді қосқым келеді», — дейді ол.

Ағылшындықтың айтуынша, өткен жылы ол Tour de France-та Astana Pro Team-ге қолдау білдіру үшін Парижге барған.

«Мен 2016 жылы Astana Pro Team тағы да жеңіске жетеді деп үміттенемін», — дейді ол.

Кристофер қазақтар спортта жеңіске жеткен сайын қуанатынын жасырмады.

«Қазақтар спортта жетістікке жеткен сайын қатты қуанамын. Лондондағы Олимпиада ойындары керемет өтті. Мен барлық қазақ чемпиондарын білемін, Қазақстанның алтын медаль иегерлерінің 5-уі Facebook –тегі парақшамда достарымның арасында бар, мен оларды мақтан тұтамын. Осы жылы дзюдо чемпионы Максим Раков алтын иеленеді деп сенемін», — дейді Кристофер.

NUR.KZ

https://www.nur.kz/1056182-qazaqstangha-zhumys-isteuge-kelgen-aghy.html