Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Бала талпынып, ата-ана тартынып жүр…

14 Наурыз 2014 | 10:07


«Қазақ тілін үйретуді балабақшадан бастау керек» деп айтатындар көп. «Ал балабақшалардағы, әсіресе орыстілді балабақшалардағы қазақ тілін үйрету қандай деңгейде? Оны қадағалап жүргендер бар ма?» деген сауалдарға жауап алу мақсатында Алматы қаласындағы «Гау­һар» оқыту-тәрбиелеу орталығына, яғ­ни №100 орыс-қазақ балабақшасына бардық. Аталмыш мекемедегі қазақ тілі пәнінің мұғалімі Алтыншаш ­Есен­тайқызы бізді жылы қарсы алды. Бала­лар келіп, сабақ басталғанша ка­бинетін көрсетті. Ұлттық нақыштағы дүниелермен жабдықталған бөлме көз тартады. Төрге көрпелер жайылған. Балалар сабақты көрпеде отырып тың­дайды екен. «Осының бәрі тек қазақ тілін ғана емес, қазақ ұлтының тұрмыс-тіршілігі мен әдет-ғұрыптарынан хабардар болу мақсатында ұйымдастырылды» дейді Алтыншаш Есентайқызы.
Осы ба­лабақшада жиырма жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан Алтыншаш апайдың айтуынша, бүгінде өзге ұлт балаларының қазақ тіліне деген ниеті түзу, қызығушылықтары артқан. Тіпті, өзімізден гөрі орыс, кәріс, ұйғыр ұлтының балаларына тақпақ берсең, тез-ақ жаттап алады. Ал орыстілді қазақ ата-аналар: «Ой, текст очень трудный. Мы с такими словами незнакомы» деп, балаларына тілді меңгеруге көмектесудің орнына кедергі келтіріп жатады екен. Бір кезде кабинетке топырлай дайындық тобының балалары кіріп келді. Маған тосырқай қарап қалған оларға апайлары: «Бізге бүгін қонақ келді. Амандасамыз балалар» дегені сол еді, «Сәлеметсіз бе?» деп шулай жөнелді. «Халыңыз қалай?» деп те сұрап жатыр. Балалардың мұнысына риза болып қалдым. Бір-екеуінен аттарын сұраған едім, «Менің атым – Саша. Менің атым – Милана» деп жарыса жа­уап берді. Орыс то­бы болғандықтан, мұғалім сабақты екі тілде жүргізеді. Яғни бір заттың орыс­ша атауын айтып, сосын оның қа­зақ­шасын сұрайды. Балалар жарыса жауап беріп жатыр. Балалар адамның дене мүшелерінің, көкөніс пен жеміс-жидектердің аттарын жақсы біледі десе болады. Мұны тақырыпқа байланысты ойнатылған ойын барысында байқадық. Мұ­ғалімнің «тұр, отыр, қолыңды жу, айнаға қара, кітапты ұста, қаламды ал» деген нұсқауларын да қазақ бала­ларымен қатар орыс, кәріс, ұйғыр ұл­тының балалары бұлжытпай орындап жатты. Жалпы, қазақ тілі ересектер то­бына аптасына екі, ал дайындық тобына үш рет өтеді. Сонда жылына ересектер тобы 74 сағат, ал дайындық тобы 108 сағат қазақ тілін оқиды. Жыл соңында ересектер қазақ тілінде 250, ал дайындық тобы 250-300 сөз білуі тиіс екен.
Алтыншаш Есентайқызының ай­туынша, балалар жыл соңында бұл межеден асып түседі екен. Сабақ барысында балалар қазақ әріптерінің дұрыс дыбыс­талуын да үйренеді. Санамақ ойыны арқылы сандарды да тізбектеп айтып жатты. Кабинет балалардың қазақ тілін жетік меңгеруі үшін сантүрлі көрнекіліктермен, интерактивті тақта­мен, ақылды қаламсап сынды құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сабақ барысында аңғарғанымыз, тілі мен сөйлеу қабілеті енді қалыптасып келе жатқан бүлдіршіндерге үлкендерге қарағанда тілді меңгеру әлдеқайда оңай екендігіне көзіміз жетті. Балалар мұғалімнің аузынан шыққан әрбір сөзді қағып алып, тез жаттап алады екен. Бір өкініштісі, әлгінде ғана қазақша тәп-тәуір сөйлеп отырған балалар сабақ біте салысымен дәлізге шығып, орысша тіл қатысып жатты. Мынаны қараңызшы, олармен тәрбиешілер мен күтушілер де, мұғалімдер және ата-аналары да орыс тілінде сөйлеседі. Осылайша қазақ тілін біршама үйреніп қалған балалар қазақ тілін 20-30 минуттық сабақ деп қарайды және сол уақыт аясында ғана сөйлейтін тіл деп қабылдайды. Алтыншаш ­Шала­ханованың тағы бір айтқаны, кей ата-аналар қазақша тәп-тәуір біліп шыққан баланы қазақ мектебіне беріп жатса, басым бөлігі қазақ мектебіне беруден бас тартатын көрінеді. Оған себеп, ата-аналардың өздерінің қазақ тілін білмеуі. Өйткені баласын қазақ мектебіне бергісі келетіндер баламызға көмектесе алмай қаламыз ба деп ойлайды.
Бір мысал келтіре кетейін, көршіміз әзірбайжан ұлтының өкілі бола тұра баласын қазақ балабақшасына бер­ді. Бірнеше айдан соң бала үйінде қа­зақша сөздер айтып, ата-анасын таң­ғалдыра бастады. Баланың әкесінің айтуынша, ол тіпті айналасындағыларға кішіпейілдігімен ұнай бастаған. Балаларын қазақ балабақшасына берген орыстілді таныстарымыз тіл үйрету­дегі балабақша қызметкерлерінің еңбе­гіне риза екенін білдік. Бірақ өз ана тілін менсінбейтін, педагогтар мен тәрбиешілердің еңбегін бағала­майтын қандастарымыз да бар.
Бүгінде қазақшаға шорқақ үлкендер жағы кезінде қазақ балабақшасы мен қазақ мектептерінің тапшылығынан ата-аналарының орыс мектебіне беруге мәжбүр болғандығын алға тартады. Ал бүгінде жыл сайын қазақ бала­бақ­шалары мен мектептері көбейіп келе­ді. Десек те, өзге ұлт өкілдері тіліміз­ге қызығушылық танытып, балаларын мемлекеттік тілде сөйлей біл­генін қалап жатқанда, керісінше өз қаракөздеріміздің осы ұлт ісінен тартыншақтайтындығы қынжылтады.

Арна ЖҰМАТАЙ
«Ана тілі» газетінен

http://anatili.kz/?p=18643