Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Алина Нечепурная: Үйде қазақша сөйлейміз

9 Қараша 2012 | 8:50

Елімізде соңғы жылдары мемлекеттік тілді меңгеріп және оны қоғамдық өмірде де, кәсіби қызметінде де кеңінен қолданып жүрген өзге ұлт жастарының республикалық форумын өткізу жақсы үрдіске айналды. Астана қаласында өткен «Тіл – татулық тірегі» деген басқосуға республиканың түкпір-түкпірінен қыз-жігіттер жиылған болатын. Қуантарлығы сол, алыстан ат терлетіп келгендердің барлығы қазақшаға судай өзге ұлт өкілдері. Олар екі күн бойы қазақ тілінің мәртебесі жайында өз ойларын ортаға салды. Осы басқосуға қатысқандардың бірі Алматы экономика және статистика академиясының Ақтөбе филиалының студенті Алина Нечепурная. Біз оны әңгі­меге тартқанда жылы шырайлы Алина байыппен жау­­ап қайырды. Ол Ақтөбе облыс орталығының іргесін­де­гі Қызылжар ауылында украин отбасында дүниеге келіпті. Ор­та мектепті де осы жерден бітірген. Әкесі Анато­­­лий «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоға­мы­на қа­расты Жаңажол мұнай-газ кешенінде бұрғы­лау­шы қыз­метінде екен. Анасы үй шаруасында. Арқа сүйер екі аға­сы бар. Қай кезде де жанұясындағылар бір-бірі­мен тек қазақша сөйлеседі екен.
Алина туып-өскен өлкесі жайында тамсана айтып берді. «Көңілі көлдей қазақ деген жұрттың ортасында дүниеге келіп, солармен сыйлас болып жүргеніміз Алланың берген сыйы деп түсінемін, – дейді ол. – Ауылымыздың кез келген тұрғыны бауырмал, өзара аралас, қойы қоралас келеді. Берік Төлемісов, Руслан Өтешев, Альбина Балымова сияқты тел өскен құрбыларым бар. Сырымызда бүкпе жоқ, кеңпейілді, адал ниетті осындай достардың болғанына қуанамын. Біріміз биіктен көрінсек бұл бәріміздің қуанышымыз. Ғажап емес пе?!»
Алина бос уақытында сурет салып, би өнерімен шұғылданғанды ұнатады. Ол Астана қаласындағы басқосуға барғанын әсерлі әңгімеледі. Өйткені бұл еліміздің ордасы болған шаһарға алғашқы сапары болатын. Өзге облыстардан келген қонақтармен қаланың көрікті жерлерін аралап, естелікке суретке түсіпті, түрлі көрмелерді, концерт залдарын тамашалапты. Форумда Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбайдың қазақ мемлекетінің бай тарихынан сыр шертіп, бүгінгі таңдағы кезек күттірмей­тін міндеттер жайында сөйлеген сөзі көпшілікке ой салғанын әңгімелеп берді. Ұйымдастырылған шарада басқа облыстардан келген Марина Венинг, Ирина Али-Мамед, Александр Козлов сияқты жастармен танысты. Олардың ұлттар татулығы, қазақ жұртының кеңпейілдігі туралы айтқан әңгімелері көңіліне қонды.
Форумнан өзгеше оймен оралған Алина Нечепурнаяның ұстамдылығына, сергек көзқарасына ризашылықпен қарадық.

Жанғабыл ҚАБАҚБАЕВ,
журналист
Ақтөбе

«Ана тілі» газеті 08.11.2012