Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Тіл – татулық тірегі

28 Қыркүйек 2012 | 10:21


Мемлекеттік тілді дамыту – ма­­ңыз­ды басымдық болып қала­ды. Біз­дің мақсатымыз – Қа­зақстанның барлық азамат­та­ры­ның мемлекеттік тілді мең­геруіне қол жеткізу! Кезінде Қа­зақстанның тіл мәде­ние­тіне, мемлекеттік тілге нұқсан келтірілді, «алмақтың салмағы бо­ла­ды», бұл соның орнын тол­тыру! Мұны бәрі түсінеді, сол үшін біз ризамыз!

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Тұтастық тұтқасы

XIV Қазақстан халқы тілдерінің фестивалі ая­сында мемлекеттік тілді меңгерген және оны қо­ғамдық өмірде де, кәсіби қызметінде де кеңі­нен қолданып жүрген этнос жастарының қаты­суы­мен «Тіл – татулық тірегі» атты республикалық форум өтті.

Форумның негізгі мақсаты – қазақстандық жастардың мемлекеттік тілді кеңінен қол­да­нуын насихаттау, тіл – тату­лықтың, достықтың тетігі, тәр­биенің көзі, халықты бі­ріктірудің маңызды факторы екенін өскелең ұрпаққа ұғын­дыру.
Аталған шараға республика­ның барлық облыстарынан жастар делегациясы, Қазақстан Рес­пуб­ликасы Парламенті Сена­ты мен Мәжілісінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкіл­дері, қоғамдық жастар ұйымдары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Басқосуда қазақ тілінің бұдан әрі дамуының өзекті мәселелері талқыланып, Қа­зақ­стан жастарын отансүй­гіш­тікке тәрбиелеу, мемлекеттік тілге құрметпен қарау сияқты мә­се­лелер ортаға са­лынды. Форумда барша қазақ­стандықтарға арналған үндеу қабылданды.
Республикалық шара Мә­де­ниет және ақпарат минис­трі Д.Мыңбайдың құттықтау сөзі­мен ашылды.
Тәуелсіздік жылдары шыға­рыл­ған қазақ тілін үйрету бо­йынша оқу-әдістемелік ма­те­риалдарының көрмесі ұйым­дас­тырылды.
Көрмеде барлығы 26 мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік емес ұйымның 600 түрлі кітабы, 10 шақты электрондық оқулық пен 10 мультфильмі көпшіліктің назарына ұсы­нылды.
Форумның соңы концерттік бағдарламамен жалғасты.

Алматы мемлекеттік тілден алда

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында өткен «Ана тілім – ардағым» фестивалін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов ашып, социологтар мәліметі бойынша, алматылықтардың 90 пайызы мемлекеттік тілді білуі қажет деп санайтынын айтты.

Қала әкімі бірінші кезекте мем­лекеттік тіл саясатын жүзеге асыру саласындағы айтарлықтай кемші­лік­терге тоқталды. Бұл – жарна­малардағы шетелдік сөздер мен терминологиялардың аудармалары.

«Меніңше, арнайы термино­ло­гиялардың аудармаларымен майталман лингвистер мен мамандар шұғылдануы тиіс. Кейбір шетелдік терминдерді қазақ ті­ліне аудару да қажет емес», деді А.Есімов.

Сонымен қатар, қала басшысы қазақ тілін меңгеруде ағыл­шын тілін үйренудегі озық тәжі­рибені қолдану қажеттігін айтты. Оның пікірінше, ғалымдар, педагогтар, қалалық басқармалардың мамандары бірлесе отырып, қа­зақ тілін меңгеруде жаңа үлгі құрастырулары тиіс.

Қазіргі таңда, Қазақстанның ең ірі қаласында, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасалған. 2006 жылы Алматыда қазақ тілінде іс жүргізу 36 пайызды құраса, қазір бұл көрсеткіш 83 пайызға жеткен. Қазіргі таңда Алматыда қа­зақ тілінде тәрбие беретін бала­бақшалар саны 87 бірлікке дейін өсті. Соңғы төрт жыл ішінде ша­һарымызда 7 мектеп салынды, оның бесеуінде оқыту қазақ ті­лінде жүргізіледі.

Сонымен қатар, қала әкімі, мемлекеттік тілді меңгеру үшін, жақын арада электронды оқулық­тар­ әзірлеу құрылысы жоспарлануда екенін атап көрсетті. Қаладағы барлық балабақшалар жылдың аяғына дейін арнайы оқу құрал­дары­мен қамтамасыз етілмек.

Алматыда 180 мыңнан астам студент оқиды, оның 60 пайызы мемлекеттік тілде ұлттық жоғары оқу орындарында білім алуда. Тәуелсіздік алғанға дейін бұл көрсеткіш 10 пайызды құрайтын.

Мәдениет жылы аясында, Алматы қаласында көптеген шаралар мемлекеттік тілде өткізілуде. Атап айтқанда, түрлі семинарлар мен дөңгелек үстелдер, ғылы­ми-тәжірибелік конференциялар, жыл сайын Абай оқулары, А.Бай­тұрсынұлы, Б.Момышұлы, А.Пуш­кин оқулары, сондай-ақ, «Славян жазуларының күні», байқаулар өтеді. Үш жылда жергілікті бюджет есебінен, Алматыда қазақ тілінде анимациялық фильмнің 85 сериясы құрылды.

Шараның соңында қала басшысы «Мемлекеттік тіл – менің тілім», «Ең үздік аудармашы», «Ең үздік қазақ тілінің мұғалімі» және «Мемлекеттік тіл мен БАҚ» атты қалалық байқаулардың жеңімпаздарын марапаттады.

Сол сияқты 22-28 қыркүйек аралығында Әл-Фараби атын­да­ғы Қазақ Ұлттық университеті «Тіл» фестивалі апталығын өткізбек.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.

Кирилл қазақшаға ағып тұр

Қазақстан халықтары тілдерінің республи­ка­лық апталығы шеңберінде ІІМ ішкі әскер Петропавл әскери институтында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты шара ұйымдастырылды. Оған өзге ұлт өкілдерінің курсанттары қатысып, мемлекеттік тілді қаншалықты деңгейде меңгер­гендіктерін жұртшылық талқысына салды.

Үшінші курс курсанты Кирилл Иванников ә дегеннен алға суырылып шықты. Екінші ке­зең­де үміткерлер мақал-мәтел айтудан жарысқа түсті. Бұл жолы да Кириллдің мерейі үстем болды. Ал Алты Алаштың ақиық ақыны Мағ­жан­ның өлеңін нәшіне келтіріп оқып бергенде залдағылар қошеметі толастамады. Байқаудың соңғы кезеңінде сайыскерлерге белгілі бір тақырып бойынша баяндама жасау міндеті жүктеліп, мазмұны мен тіл көркемдігі барынша ескерілді. Кирилл “Ел ордасы – Астана” тақы­рыбын арқау етіп, күн санап қарыштап дамып келе жатқан Елорданың сән-салтанатын небір көркем суреттер мен сөз оралымдарын қолдана отырып, баян­дап берді. Жарыс қорытынды­сын­да қарсы­ластарынан оқ бойы ұзап кеткен Кирилл Иванников 2-ші оқу батальонының мерейін асырды. Сөйтіп, мектеп қабырғасында жүргенде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен бекер «бес» алмаға­нын дәлелдеп берді.

Қызылжар ауданына қарасты Озерный орыс мектебінде білім алған Кирилл мектепішілік шараларға белсене қатысып, қазақ тіліндегі түрлі сайыстарда әркез жеңімпаз атанып жүрді. Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағында қазақ тілі пәнінен 24 ұпай жинап, озаттар көшін бастады. Ол мемлекеттік тілді жетік меңгеруге мектептегі ұстазы Зейнеп Тәнібаеваның зор қамқорлық жасағанын әркез мақтаныш етеді. Сөз арасында әпкесі Юлия да мемлекеттік тілді жастайынан үйреніп, таза біліп шыққанын, Тіл және әдебиет институтының қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін бітіріп, бүгінде мамандығы бойынша еңбек етіп жүргенін айта кеткен жөн.

Былтырғы “Мемлекеттік тіл – менің тілім” байқауында шашасына шаң жұқтырмай, үздік келген Кирилл биыл да сол дәстүрінен жаңыл­мады. Енді 26-28 қыркүйек аралығында Орал қаласында өтетін республикалық байқауда облыс намысын қорғайтын болады.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.

Дәнекер

Ана тілі – әр ұлттың қастерлі құндылығы. Көп ұлтты Қазақ­стан­да барлық халық өкілдеріне өздерінің салт-дәстүрін, ана тілін ұмытпауға, сақтауға және дамы­туға мүмкіндік жасалған. Қоңыр күздің жетегінде келетін Қазақ­стан халқы тілдері күні мерекесі – кең байтақ қазақ даласын тіл салтанаты кернейтін сәт. Маң­ғыстау облысында аталмыш мереке жыл сайынғы дәстүрге сай сан алуан шаралармен өрнек­те­ліп, әсерлі аталып өтілді.

Тіл мерекесі Маңғыстауда об­лыстық тілдерді дамыту жөнін­дегі басқарманың ұйымдас­ты­руы­­мен, Қазақстан халқы тіл­де­рінің облыстық фестивалімен басталды. Облыстағы «Халық келісімі» қоғамдық бірлестігі ша­ңы­рағының астына ұйысқан 20 ұлттық-мәдени орталық өкілдері туған жер, Отан, достық, тіл туралы ән шырқап, өлең оқыды. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, өзге халықтардың мәде­ниеті мен тілін құрметтеу, ақын-жазушылар шығармаларын насихаттау мақсатындағы фестивальде жастар Қазақстанның Халық жазушысы Әбіш Кекілбай шы­ғар­маларынан проза, поэзия және драма жанрлары бойынша көр­кем­сөз оқу сайысына түссе, «Ең бірінші бақытым – тілім менің» тақырыбында жас ақындар ара­сында Мұқағалиға арнау өлең­дер­ден мүшәйра ұйымдасты­рыл­ды. Сондай-ақ жас ақындар екінші, үшінші кезеңдерде ана тілі туралы өз өлеңін оқып, Мұқағали шығармасынан бір өлеңді жатқа оқып беруден сынға түсті. Ал «Жыр сағаттары» сайысы екі ке­зең­нен тұрды. Қатысушылар үшін теңіздей түпсіз жырау Қа­шаған Күржіманұлына арнау ай­тып, келесі кезекте Қашекеңнің бір жырын орындап беру шарт болды.

Маңғыстау облыстық тілдерді дамыту басқармасы бастығының міндетін атқарушы Айгүл Ар­тық­баеваның айтуынша, қазақ тілінде еркін сайрап тұрған өзге ұлт өкілдері бас қосқан форум Маңғыстауда да өткізілетін бо­лады.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Маңғыстау облысы.

Халық жанын танудың кілті

Тәуелсіздікке тәубе деп, міне тіл мәрте­бесін 1989 жылы 22 қыркүйекте алғаннан бері тіл апталығы онкүндігін той­лап келеміз. Сондай іс-ша­раның бірі, Астана қаласы №22 мектеп-гим­назиясында 3-4-сы­нып­тар ара­сын­да өткен «Ойын-тіршілік ны­ша­ны» атты сайы­сы еді. Мақсат қазақтың ұлт­тық ойындарын («Асық ойы­ны», «Қыз қуу», «Теңге алу») оқушылар ара­сын­да насихаттап, танымдық қабі­летін артты­ру, ұлтқа, халыққа деген құр­мет сезімін ояту, өзара достық қарым-қатынастарды нығайту, тату­лық­­­қа тәрбиелеу болып табылады.

Мереке С.Тұрысбектің «Кө­ңіл толқыны» күйімен баста­лып, М.Шаханның «Төрт ана» өлеңі негізіндегі сахналық қо­йы­лыммен ашылды. Вероника Морская мен Ералия Ботан­баева­ның өнеріне тамсанбаған жан болмады. Мәнерлеп жыр оқулары, жүріс-тұрыстары бәрі эстетикалық талғамға сай өтті.

«Барыс», «Тұлпар» мен «Қы­ран» сынды топтар үш ай­на­лымнан тұратын сайысқа қатысты. Асық ойынынан он асықты ұтып алған «Барыс» тобы алға озса, «Қыз қууда» «Тұлпар тобы» алдына жан салмады, ал «Теңге алуда» «Қы­рандар» тобының епшілдігіне ешкім тең келмеді. Қа­шық­тықтан оқыту барысында ұлттық ойынға байланысты фильмдерді тамашалап, өзіміз де балаша қуанып қалдық. Озат­тар бағалы сыйлықтармен ма­рапатталды. Қорытынды сәтте Қожаберген жыраудың «Баба тілі» жыры оқылып, сайыс өз мәресіне жетті. Осын­дай іс-шаралар әлі де жалғасын табады деген ниеттеміз.

Өрік МҰХАМЕТҚЫЗЫ,

Жанат КӘЛИҚЫЗЫ,

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері.

АСТАНА.

Ешкімнен кем сөйлемейтін Елена

Осыдан бірнеше жыл бұрын қазақ тілін – мемлекеттік тілді оқып үйрену алынбайтын қамал, аса алмайтын белестей көрінетін. Әсіресе, аға ұрпақ өкілдері, орта жастағы кісілер бұл орайда дәр­менсіз күй кешетін. Ал қазір тіпті, өзгеше көрініс, жаңаша көзқарас қалыптасқаны көңілге қуаныш ұя­латады. Ол күнделікті өтіп жата­тын түрлі шаралардан, тұрмыстан да білінеді. Жергілікті телеарналарда өзге ұлттың өкілдері қазақ тіліндегі хабарларды еркін жүр­гізеді. Өзге ұлт өкілдері іскер мә­жілістерде сөйлеп кетпесе де, мерекелік шараларда тілек, қуаныш­та­рын мемлекеттік тілде жеткізіп жатады. Белестер бағынып келеді. Ал жыл сайын дәстүрлі өте­тін тіл мерекесінің жөні бір бөлек.

Биыл тіл мерекесі А.Байтұр­сы­нов атындағы Қос­та­най мемлекеттік университетінде өтті. Оған студенттермен қатар жұртшылық, этно-мәдени орта­лық­тар өкілдері қатынасты. Мерекенің салтанатты сәті Қос­танай қаласындағы №5 орыс орта мектебі оқушыларының мемлекеттік тілде сәлем жол­дауы­мен ашылды. Мұнан кейін облыс­тық тілдерді дамыту басқарма­сы­ның бастығы Жанболат Үмбетов жыл ішінде атқарылған істерді шолып өтті. Қандай іс болса да оның нәтижесін айтыңыз. Әлеу­меттік зерттеу­лер­дің мәліметі бо­йынша, орысы ормандай Қоста­най­да тұрғындардың 45 пайызы қазақ тілін меңгерген. Ал Елбасы Нұр­сұл­тан Назарбаев 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгерген қазақстандықтардың санын 95 пайызға жеткізу міндетін алға қойып отыр. Осыған орай, ол барлық қалалар мен аудандарда тілдерді оқыту орталық­тарын ашу қажеттігін айтқан еді. Осы тапсырманы жүзеге асыру үшін облыста тілдерді оқыту инфрақұрылымын жасау жөнінде ілкімді жұмыстар жүргізілуде. 2011 жылдың қорытындысы бо­йын­ша, облыста тілдерді оқыту­дың бес орталығы болса, қазіргі күні олардың саны он алтыға жетті. Бұл – республика бойынша алдыңғы орындағы көрсеткіш.

Мерекеде мемлекеттік тілді меңгеруге ұмтылғандарды арқадан қағу да ұмытылмады. Жыл қоры­тындысы бойынша мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру ісінде үздік танылған мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерді, мемлекеттік тіл курстарының үздік тың­дау­шысын, «Үздік оқытушы», «Мемлекеттік тіл мемлекеттік қызмет­те», «Мемлекеттік тіл – менің тілім», О.Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық және облыстық байқауларының жеңімпаздары марапатталды. Со­нымен қатар «Тілге құрмет – елге құрмет» байқауының жеңім­паз­дары бес аталым бойынша мара­патталды. «Тіл – халық жанын танудың кілті» аталымының Гран-при иегері Қостанай мемлекеттік педагогика институтының студенті Алла Гаврина ана тілімізде сөз сөйлеп, өзінің алғысын білдірді.

«Ең үздік оқытушы» – рудныйлық Назгүл Мың­баева, мемлекеттік тілді меңгерген мемлекеттік қыз­мет­ші Елена Кармакова, қазақ тіліне ықылас қойған Мак­сим Моргуновтарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,

«Егемен Қазақстан».

ҚОСТАНАЙ.

Халық жанын танудың кілті

Тәуелсіздікке тәубе деп, міне тіл мәрте­бесін 1989 жылы 22 қыркүйекте алғаннан бері тіл апталығы онкүндігін той­лап келеміз. Сондай іс-ша­раның бірі, Астана қаласы №22 мектеп-гим­назиясында 3-4-сы­нып­тар ара­сын­да өткен «Ойын-тіршілік ны­ша­ны» атты сайы­сы еді. Мақсат қазақтың ұлт­тық ойындарын («Асық ойы­ны», «Қыз қуу», «Теңге алу») оқушылар ара­сын­да насихаттап, танымдық қабі­летін артты­ру, ұлтқа, халыққа деген құр­мет сезімін ояту, өзара достық қарым-қатынастарды нығайту, тату­лық­­­қа тәрбиелеу болып табылады.

Мереке С.Тұрысбектің «Кө­ңіл толқыны» күйімен баста­лып, М.Шаханның «Төрт ана» өлеңі негізіндегі сахналық қо­йы­лыммен ашылды. Вероника Морская мен Ералия Ботан­баева­ның өнеріне тамсанбаған жан болмады. Мәнерлеп жыр оқулары, жүріс-тұрыстары бәрі эстетикалық талғамға сай өтті.

«Барыс», «Тұлпар» мен «Қы­ран» сынды топтар үш ай­на­лымнан тұратын сайысқа қатысты. Асық ойынынан он асықты ұтып алған «Барыс» тобы алға озса, «Қыз қууда» «Тұлпар тобы» алдына жан салмады, ал «Теңге алуда» «Қы­рандар» тобының епшілдігіне ешкім тең келмеді. Қа­шық­тықтан оқыту барысында ұлттық ойынға байланысты фильмдерді тамашалап, өзіміз де балаша қуанып қалдық. Озат­тар бағалы сыйлықтармен ма­рапатталды. Қорытынды сәтте Қожаберген жыраудың «Баба тілі» жыры оқылып, сайыс өз мәресіне жетті. Осын­дай іс-шаралар әлі де жалғасын табады деген ниеттеміз.

Өрік МҰХАМЕТҚЫЗЫ,

Жанат КӘЛИҚЫЗЫ,

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері.

АСТАНА.
Егемен Қазақстан

http://www.egemen.kz/2012/09/27/347021/