Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде

18 Қаңтар 2010 | 10:51

– Аса қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы, ең алдымен қымбат уақытыңызды бөліп газетімізге сұхбат бергеніңіз үшін «Ана тілінің» оқырмандары атынан алғысымды айтамын. Қазақтың тарыққан көші болашақтың нұрлы сапарына түскелі де он бес жыл уақыт өтіпті. Әр жылы ғасырға тең осы ұлы өзгерістер мен жаңарулар заманында қазақ тілі жайы да аз әңгімеге арқау болып жатқан жоқ. Сіз бұл мәселеге әрдайым орнықты көзқарасыңызды білдіріп келесіз. Сұхбатымызды ана тілінің қадір-қасиеті туралы әңгімеден бастасақ.

– Кеңестік жүйе ыдырасымен Еуразияның алып құрлығында қос қанатын кеңінен жайған орыс тілінің үстемдігі бәсеңсіп, бір кездері социалистік жүйеді болған Шығыс Еуропа мен Балтық бойы елдері, Кавказ бен Орталық Азия мемлекеттері кенже қалған жергілікті ұлт тіліне алдымен мәртебе берісті.

Президенттік биліктің буыны бекіп, қабырғасы қатаймай тұрған кезде қабылданған тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясында, кейінгі Ата Заңымызда да ана тіліміз республикамыздағы жеке дара мемлекеттік тіл болып танылды. Артынша тіл туралы арнайы Заң қабылдадық.

Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуы ел өміріндегі ең маңызды оқиғаның бірі деп білемін.
Соның арқасында біз тіліміздің республикамызда барлық деңгейде қарым-қатынас құралына айналғанын сезіндік. Өйткені, егемендікпен бірге халықтың рухы оянды, тарихи жады сілкінді. Бағзы құндылықтарымызға деген  қадір-құрметіміз артты.
Есіңізде шығар, Кеңес дәуірінде миллион тұрғыны  бар Алматыда  жалғыз қазақ орта мектеп-интернаты болғаны. Тәуелсіздікке қол жеткізген кезден бастап қазақтар негізінен балаларын өз тілінде оқытуға көшті. Мектепке оқушы сыймай, үш ауысымда сабақ жүргізіп, жаңа мектеп салуға қаржы жетпей дағдарған сәттеріміз әлі көз алдымда.
Қазір ол қиындықтың бәрі артта қалды. «Орыс тілін неғұрлым жетік игерсек, коммунизмге соғұрлым тез барамыз» деген Хрущевтың сыңаржақ қағидасы  негізінде тың игеру жылдары Арқадағы облыстарда 700-ден астам қазақ мектебі жабылған. Бүгінде түгелге жуық қайтадан ашылды. Соны технологияға сай жабдықталған қаншама жаңа мектеп ірге көтерді. Мұның бәрі қазақ тілінің қамы емес деп кім айта алар?!
Жасырары жоқ, Кеңес дәуірінде қазақ тілінің болашағы бұлыңғыр деген пікір қалыптасты. «Орысша оқымаса нан сұрап жей алмайды», – деп баламызды өзге тілге ауыздандырып баққан өзіміз емес пе? Енді керсінше, қазақ тілін білмесе, несібесінен қағылуы ғажап емес.