Мемлекеттік тілді дамыту қоры » Мақалалар

Азат Шәуеев: «Мақсатымыз –қазақ тілін жаңаша дәріптеу»
Кез келген сала қазір цифрлық дәуір талаптарына жауап беруге тиіс. Сол секілді қазақ тілі мен ұлттың өзге де құндылықтарын заманауи түрде насихаттау маңызды. Бұл ретте Мемлекеттік тілді дамыту қорының атқарып жатқан жұмыстары ауыз толтырып айтарлықтай. Осы қордың директоры Азат Шәуеевпен сұхбаттасқан едік.

-Мемлекеттік тілдерді дамыту қоры қандай жұмыстарды атқарып жатыр? Қазақ тілін заманауи дамыту үшін қосымша әзірлеген едіңіздер, осы бағытта қандай жұмыстар жалғасып жатыр?

-Мемлекеттік тілді дамыту қоры Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен 2008 жылы құрылды. Бастапқы кезде оны Берік Әбдіғалиұлы басқарды.  Ол әкімдік қызметке ауысқан соң  2010 жылдан бастап өзім  директорлық етіп келемін. Басты мақсатымыз – қазақ тілін, әдебиетін, мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін кеңінен насихаттау. Құрылғаннан бері тілдік жобаларды жүзеге асырудамыз.  Бірнеше байқау өткіздік, бәрін өз күшімізбен ұйымдастыруға күш саламыз. Үкіметтік емес ұйым болғандықтан, бюджеттен заң бойынша қаржы бөлінбейді.  Құрылтайшылар мен демеушілердің арқасында қаржы көзін тауып отырмыз. Ірі компанияларға хат жазып, мақсат-міндетімізді түсіндіріп көреміз.  Көпшілігі ұлтқа қажет жобалар болған соң қолдау көрсетеді.

-Қордың ең басты жобасының бірі – SOYLE.KZ. Ана тілімізді үйретуге бағытталған жобаның нәтижесі қалай болып жатыр?

-Бұл-Қазақстандағы тұңғыш онлайн курс деуге болады. Ниет білдірген азаматтар қазақ тілін дүние жүзінің кез келген жерінен кіріп, оқи алады. Басында біз бұл жобаны еліміздегі орыс тілді азаматтарға арнап жасадық. Бірден тіркеліп, қазақ тілін үйрене бастады.  Бұл халықаралық стандартқа сәйкестендіріп жасалған тиімді жоба. 60 сабақтан, әр түрлі деңгейден, сол деңгейлерге байланысты жаттығулармен қамтылған. Ойындары да бар. Сабақтың соңында тест тапсырып, өз деңгейін анықтай алады. Қайталап та оқуға болады. Жобаның ашылғанына биыл он жыл болады. Кейін біз Soyle. kz-ті дамыттық. Оған  құрылтайларда  еуропалық қазақтармен танысуымыз себеп болды.  Жобамызды таныстырғаннан кейін  қызығушылық білдіргендер өте көп болды. Алайда, еуропада тұратын қазақтар кирилица білмейді, олар негізінен ағылшын тілін қолданады.  Осы өтінішті ескеріп, ағылшынша, латынша нұсқасын жасап шығардық. Аласапыран жылдары Қытайдан Түркияға ауған қазақтар түрік тілінде сөйлеп,  жазады дегендей…  Оны да ескеріп түрікше-қазақша нұсқасын жасап қойдық. Бұл жобаның артықшылығы-орыс, ағылшын, түрік тілді қандастарымыз да қазақ тілін үйренеді. Дәл қазір қосымшаға 339 мың адам тіркеліп, тіл үйреніп жатыр.  Аз көрсеткіш емес. Гугл аналитика арқылы қолданушылар  қай елден кіргенін, қанша уақыт отырғанын бақылай аламыз. Сонымен қатар, жобаның мобильдік қосымшасын да әзірледік. Android немесе iOS-тан 200 мың адам жүктеп алып, тіл үйреніп жатыр деген сөз.   Instagram парақшамызда 75 мыңнан аса жазылушымыз бар.  Күнделікті жазба жариялап, миллиондаған қаралым жинап жатырмыз. Біз осылай тек тілімізді ғана емес, әдебиетімізді, мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді де насихаттап келеміз. Қазір әлеуметтік желілерге көбірек көңіл аударып жатырмыз. Желіге келгенімізге 6 ай ғана болды, осы уақыттың ішінде жақсы көрсеткіштерге жетіп отырмыз.Youtubeарнамызда 50 мыңға жуық жазылушы қосылған. Барлық ақпарат көздерін қамтып отырмыз. Ағылшын тілін әлем бойынша үйрететін доктор Пимслер деген ұстаз бар. Ғалымның әдістемесі бойынша онлайн сабақтар дайындаймыз. Канадалық Роман Коул деген 19 жастағы  бала Қазақстанда ешқашан болмаған, біздің сайт арқылы қазақ тілін 3-6 айда үйреніп алған.  Онымен  Zoom платформасы арқылы сөйлестім. Сонымен қатар Алматыдағы «Беу» заманауи әндер фестивалінде біздің жүргізушілер Эстониядан келген қызға сұрақ қойғанда ол қазақ тілінде жауап беріпті. Қазақстанға алғаш рет келген азаматша біздің сайт арқылы тілімізді үйреніп алған.  Ол осы жазда тағы елімізге келіп кетті. Оқу орнында бірге білім алатын қазақ достарым  тілге деген қызығушылығымды оятты дейді. Осындай мысалдар көп. Аталған қосымша арқылы қазақ тілін үйренген сингапурлық инженер де бар.

Сайтта сондай-ақ KараокеSoyle.kz деген бөлім бар. Бұл жақсы әдістеме, ән арқылы тілді үйренуге жол аштық. Қолданушылар танымал әндерді орындай отырып тілді меңгереді. Тәжірибе ретінде жақсы көмектеседі. Ынталандыру үшін сайтта әр ай сайын оқушылар балл жинайды. Соны біз тексереміз. Қазір көп адам тіл үйрену үшін репетитор іздейді ғой, біздің сайтта қазақ тілі мұғалімдерінің базасы бар. Видеосабақтар сақтаулы тұр. Репетитордың ақпараты мен аты-жөндерін де сайт арқылы кез келген азамат таба алады.

Сайтта сонымен қатар тіл үйренушілер бір-біріне сұрақ қойып, дайындығын пысықтайды. Балаларға арналған Balasoile деген бөлім де бар. Бұл қосымша ескіргендіктен, Tattialma деген бөлімді биыл аштық. Бұл ойын арқылы тіл үйрететін бөлім. 6-10 жас аралығындағы балаларға арналған ойын 10 деңгейден тұрады. Мұның да мобильді қосымшасымен жұмыс істеп жатырмыз, күзге қарай ашамыз. Біз сонымен қоса «Тәтті алма» балалар әдебиеті шығармаларынан 6 томдық жинақ шығардық. Оның бәрін осының ішінен онлайн оқуға болады.

«Кім білгіш» деген зияткерлік ойынымыз да балалардың танымын арттыруға үлкен көмекші. 7 жыл қатарынан сайысты өткізіп келдік. 9-11 сынып балаларына ҰБТ тапсыруға  көмектесетін интеллектуалды ойын. Қолданушылар онлайн режимде ойнайды,  10-15 баланы таңдап, жарыс өткіземіз, сыйлықтар береміз. Осы жарыстан жеңген балалар Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғарғы ұпай алды.

Айта кету керек, біздің басты демеушіміз – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры. Сол қордың жыл сайынғы байқауына қатысып тұрамыз, біздің елге пайдалы жұмыстарымызға үнемі қолдау көрсетеді.

–Сонымен қатар, қазір Speaking club өткізіп жүргендеріңізді білеміз…

-Қазақ тілін үйренгісі келетін азаматтарды жинап айына бір рет клуб отырысын өткіземіз. Шамамен  20-30 адам жиналып тұрады. Н.Назарбаев университетінде Айгерім Қапұр деген қазақша, орысша, ағылшынша, түрікше сөйлейтін мұғаліміміз бар. Сол кісі бәріне тіл үйретеді. Speakingclub-қа спортшы Илья Ильин де жұбайымен әрдайым қатысады. Бізді әлеуметтік желіден тауып алып, қазақ тілін үйрену үшін қатарымызға қосылды. Клубқа қатысушылар арасынан орыс тілді ғалымдарды да көруге болады. Сосын Zoom платформасы арқылы айына бір рет жиналамыз, оған шамамен 200-300 адам қатысады.

-Қай елдердің азаматтары тіл үйренуге көбірек қызығушылық танытып отыр?

-Тіл үйренушілер бойынша әрине, бірінші орында Қазақстан тұрғаны белгілі.Екінші Ресей, үшінші Украина, ары қарай Түркия, Германия, Америка, Корея деп кете береді. Оңтүстік Кореядан үйренушілер бар, себебі олардың университеттерінде қазақ кафедрасы жұмыс істейді. Олар бізге өздері өтінішпен шықты. Мәскеуде лингвистикалық университет бар. Ол жаққа өзім де барғанмын. Сол жерде білім алушы  орыс қыздар біздің сайт арқылы қазақ тілін үйреніп, тіпті танымал блогер болып кеткендері де кездеседі. Олар сосын Алматы, Астанаға келіп тұрады. Жерлес әншіміз Димаш Құдайбергеннің фанаттары да біздің сайттан тілді меңгеруде. Малайзия әлде Сингапурда олар форум өткізген, тікелей эфир арқылы өткізілген жиында экранда біздің сайттан кіріп тіл үйреніп жатқанын көрдік.

-Цифрлық технология күн өткен сайын жаңарып, жаңғырып жатыр. Қосымшаны жетілдіру жағын ойластырып жатқан шығарсыздар…

–Дұрыс айтасыз. Қазіргі таңда қосымшаның SOILE.PRO деп аталатын жаңа нұсқасын жасап жатырмыз. Үлгерсек, осы жылдың аяғында ашамыз деп жоспарлап отырмыз. Бұл SOILE.KZ-тің жаңартылған түрі болады. Тіркеліп, 60 сабақты игеріп алсаңыз, ауыз екі тілде сөйлей алатын болсаңыз, қазақ тілінде еркін сөйлеп кетесіз. Мемлекеттік қызметкерлер, «Самұрық Қазына»-да жұмыс істейтін  адамдар қазақша құжат әзірлегендіктен, біздің сайт арқылы тіл үйренеді, сабақ алады. Бұл сайтты жасағанда ешқандай кітаптан көшірмедік, өзіміздің ғалымдарымыз бар, филология ғылымдарының докторы Айман Мырзалықызы Алдашева деген апайымыз бар. Менің ұстазым. Сол кісі бастаған комиссиямен күнделікті тақырыптарды таңдап алып, сабақ дайындаймыз.

-Мемлекеттік құжаттарды толтыруды да үйретеді екенсіздер…

-Resmihat.kz деген сайтымыз жұмыс істеп тұр. Мемлекеттік құжаттарды толтыруды сол платформа арқылы үйренуге болады. Ресми іскерлік тіл, яғни нормативтік актілерді, бұйрық, өтініш, т.б. секілді құжаттарды қазақша әрі дұрыс толтырып, жазуды еркін меңгеруге мүмкіндік бар. Бұл ресурсқа бүгінде 70 мың адам тіркелген.

-Мемлекеттік тілді дамыту қорының тағы бір ауқымды жобасы – Abaialemi.kz.

-«Абай әлемі» порталын ақын Ақберен Елгезекпен бірге аштық. Абайға қатысты барлық материалдар сайтта жинақталған. Abaialemi.kz  – ірі танымдық энциклопедия. Абайдың көзін көрген замандастары, туыстары сонымен қатар абайтанушы ғалымдардың естелік, ғылыми зерттеулерін бір жерге топтастырдық. Видеолар мен фотосуреттерді де осы жерден табуға болады.

-Шығармашылықпен айналысатын жастарды ынталандыру мақсатында жыл сайын «Алтын тобылғы» байқауын өткізіп келе жатырсыздар. Аталмыш сайыс жөнінде де аз-кем тоқталып өтсеңіз…

-«Алтын тобылғы» ұлттық байқауын 2015 жылдан бері өткізіп келеміз.  Демеуші – Назарбаев  қоры. Конкурс «Проза», «Поэзия», «Драматургия», «Балалар әдебиеті», «Әдеби сын» сияқты бірнеше жанрды қамтиды. Тоғыз жыл ішінде қаншама таланттың жұлдызы жанды. Әлібек Байбол, Татьяна Крытова, Мақпал Мыса, Жадыра Байбұлан, Бақытбек Қадыр, Қайсар Қауымбек, Шерхан Талап сынды көптеген дарынды жастар жеңімпаз атанды.  Бұл байқау жастарды ынталандырып қана қоймай, материалдық жағынан да көп қолдау көрсетуде. Жастарымыздың басым көпшілігі аталған конкурстың көмегімен үй алды. Әлі де талай ақын-жазушының есімін даралайды деп сенемін.

-Қазіргі таңда комикстар оқырмандар тарапынан жақсы оқылады. Қазақша комикс шығаруды да қолға алғандарыңыз мәлім…

-Ұлттық құндылықтарымызды қамтып, еліміздің батырларын дәріптеу үшін бірнеше комикс жинақтарын жарыққа шығардық. Суретті кітапшалар қазақ, орыс және ағылшын тілінде тарайды.  «Комикон» атты комикстердің жарысы өтеді, соған 3 жыл болды қатысып жатырмыз. Халық қызығушылық танытып сатып алып жатыр.  14 түрлі комиксіміз бар. 7 анимациялық фильмін жасадық. Ол жұмыстар «Балапан», «Қазақстан» телеарналарынан көрсетілді. Жастардың көбі кітап оқымайды, ал комиксте сурет пен мәтін үйлескен, балалар қызығады. Батырлар жыры, ғашықтық жырларды оқырманға ұсындық.

5000 дана кітабымызды Оқу-ағарту министрлігісатып алды, комикстер еліміздегі мектептермен балабақшаларға таратылады. Қызықты жинақтарды Шығыс Қазақстан әкімдігі  сатып алды, енді Жамбыл облысы алуға ұсыныс жасап отыр. Осы жоба арқылы тамыры терең тарихымыз бен  ауыз әдебиетіміздің жауһарларын бүлдіршіндерге үйретіп жатқан жайымыз бар.

Мазмұнды сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан: Олжас Қасым

Дереккөз: ruh.kz

Азат Шәуеев: Әлемдегі қазақтарға ана тілін үйретіп жатырмыз
Кез келген сала қазір цифрлық дәуір талаптарына жауап беруге тиіс. Сол секілді қазақ тілі мен ұлттың өзге де құндылықтарын  заманауи түрде насихаттау маңызды.  Бұл ретте Мемлекеттік тілді дамыту қорының атқарып жатқан жұмыстары ауыз толтырып айтарлықтай. Осы қордың директоры Азат Шәуеевпен сұхбаттасқан едік.

- Мемлекеттік тілдерді дамыту қоры қандай жұмыстарды атқарып жатыр? Қазақ тілін заманауи түрде дәріптеу бағытында жүзеге асқан  жобаларға тоқталсаңыз…

- Мемлекеттік тілді дамыту қоры Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен 2008 жылы құрылды. Бастапқы кезде оны Берік Әбдіғалиұлы басқарды.  Ол әкімдік қызметке ауысқан соң  2010 жылдан бастап өзім  директорлық етіп келемін. Басты мақсатымыз – қазақ тілін, әдебиетін, мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін кеңінен насихаттау. Құрылғаннан бері тілдік жобаларды жүзеге асырудамыз.  Бірнеше байқау өткіздік, бәрін өз күшімізбен ұйымдастыруға күш саламыз. Үкіметтік емес ұйым болғандықтан, бюджеттен заң бойынша қаржы бөлінбейді.  Құрылтайшылар мен демеушілердің арқасында қаржы көзін тауып отырмыз. Ірі компанияларға хат жазып, мақсат-міндетімізді түсіндіріп көреміз.  Көпшілігі ұлтқа қажет жобалар болған соң қолдау көрсетеді.

-Қордың ең басты жобасының бірі — SOILE.KZ. Ана тілімізді үйретуге бағытталған жобаның нәтижесі қалай болып жатыр?

-Бұл-Қазақстандағы тұңғыш онлайн курс деуге болады. Ниет білдірген азаматтар қазақ тілін дүние жүзінің кез келген жерінен кіріп, оқи алады. Басында біз бұл жобаны елімізбегі орыс тілді азаматтарға арнап жасадық. Бірден тіркеліп, қазақ тілін үйрене бастады.  Бұл халықаралық стандартқа сәйкестендіріп жасалған тиімді жоба. 60 сабақтан, әр түрлі деңгейден, сол деңгейлерге байланысты жаттығулармен қамтылған. Ойындары да бар. Сабақтың соңында тест тапсырып, өз деңгейін анықтай алады. Қайталап та оқуға болады. Жобаның ашылғанына биыл он жыл болады. Кейін біз Soyle. kz-ті дамыттық. Оған  құрылтайларда  еуропалық қазақтармен танысуымыз себеп болды.  Жобамызды таныстырғаннан кейін  қызығушылық білдіргендер өте көп болды. Алайда, еуропада тұратын қазақтар кирилица білмейді, олар негізінен ағылшын тілін қолданады.  Осы өтінішті ескеріп, ағылшынша, латынша нұсқасын жасап шығардық. Аласапыран жылдары Қытайдан Түркияға ауған қазақтар түрік тілінде сөйлеп,  жазады дегендей…  Оны да ескеріп түрікше-қазақша нұсқасын жасап қойдық. Бұл жобаның артықшылығы-орыс, ағылшын, түрік тілді қандастарымыз да қазақ тілін үйренеді. Дәл қазір қосымшаға 339 мың адам тіркеліп, тіл үйреніп жатыр.  Аз көрсеткіш емес. Гугл аналитика арқылы қолданушылар  қай елден кіргенін, қанша уақыт отырғанын бақылай аламыз. Сонымен қатар, жобаның мобильдік қосымшасын да әзірледік. Android немесе iOS-тан 200 мың адам жүктеп алып, тіл үйреніп жатыр деген сөз.   Instagram парақшамызда 75 мыңнан аса жазылушымыз бар.  Күнделікті жазба жариялап, миллиондаған қаралым жинап жатырмыз. Біз осылай тек тілімізді ғана емес, әдебиетімізді, мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді де насихаттап келеміз. Қазір әлеуметтік желілерге көбірек көңіл аударып жатырмыз. Желіге келгенімізге 6 ай ғана болды, осы уақыттың ішінде жақсы көрсеткіштерге жетіп отырмыз. Youtube арнамызда 50 мыңға жуық жазылушы қосылған. Барлық ақпарат көздерін қамтып отырмыз. Ағылшын тілін әлем бойынша үйрететін доктор Пимслер деген ұстаз бар. Ғалымның әдістемесі бойынша онлайн сабақтар дайындаймыз. Канадалық Роман Коул деген 19 жастағы  бала Қазақстанда ешқашан болмаған, біздің сайт арқылы қазақ тілін 3-6 айда үйреніп алған.  Онымен  Zoom платформасы арқылы сөйлестім. Сонымен қатар Алматыдағы «Беу» заманауи әндер фестивалінде біздің жүргізушілер Эстониядан келген қызға сұрақ қойғанда ол қазақ тілінде жауап беріпті. Қазақстанға алғаш рет келген азаматша біздің сайт арқылы тілімізді үйреніп алған.  Ол осы жазда тағы елімізге келіп кетті. Оқу орнында бірге білім алатын қазақ достарым  тілге деген қызығушылығымды оятты дейді. Осындай мысалдар көп. Аталған қосымша арқылы қазақ тілін үйренген сингапурлық инженер де бар.

Сайтта сондай-ақ Kараоке Soyle.kz деген бөлім бар. Бұл жақсы әдістеме, ән арқылы тілді үйренуге жол аштық. Қолданушылар танымал әндерді орындай отырып тілді меңгереді. Тәжірибе ретінде жақсы көмектеседі. Ынталандыру үшін сайтта әр ай сайын оқушылар балл жинайды. Соны біз тексереміз. Қазір көп адам тіл үйрену үшін репетитор іздейді ғой, біздің сайтта қазақ тілі мұғалімдерінің базасы бар. Видеосабақтар сақтаулы тұр. Репетитордың ақпараты мен аты-жөндерін де сайт арқылы кез келген азамат таба алады.

Сайтта сонымен қатар тіл үйренушілер бір-біріне сұрақ қойып, дайындығын пысықтайды. Балаларға арналған Bala soile деген бөлім де бар. Бұл қосымша ескіргендіктен, Tatti alma деген бөлімді биыл аштық. Бұл ойын арқылы тіл үйрететін бөлім. 6-10 жас аралығындағы балаларға арналған ойын 10 деңгейден тұрады. Мұның да мобильді қосымшасымен жұмыс істеп жатырмыз, күзге қарай ашамыз. Біз сонымен қоса «Тәтті алма» балалар әдебиеті шығармаларынан 6 томдық жинақ шығардық. Оның бәрін осының ішінен онлайн оқуға болады.

«Кім білгіш» деген зияткерлік ойынымыз да балалардың танымын арттыруға үлкен көмекші. 7 жыл қатарынан сайысты өткізіп келдік. 9-11 сынып балаларына ҰБТ тапсыруға  көмектесетін интеллектуалды ойын. Қолданушылар  онлайн режимде ойнайды,  10-15 баланы таңдап, жарыс өткіземіз, сыйлықтар береміз. Осы жарыстан жеңген балалар Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғарғы ұпай алды.

Айта кету керек, біздің басты демеушіміз — «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры. Сол қордың жыл сайынғы байқауына қатысып тұрамыз, біздің елге пайдалы жұмыстарымызға үнемі қолдау көрсетеді.

-Сонымен қатар, қазір Speaking club өткізіп жүргендеріңізді білеміз…

-Қазақ тілін үйренгісі келетін азаматтарды жинап айына бір рет клуб отырысын өткіземіз. Шамамен  20-30 адам жиналып тұрады. Н.Назарбаев университетінде Айгерім Қапұр деген қазақша, орысша, ағылшынша, түрікше сөйлейтін мұғаліміміз бар. Сол кісі бәріне тіл үйретеді. Speaking club-қа спортшы Илья Ильин де жұбайымен әрдайым қатысады. Бізді әлеуметтік желіден тауып алып, қазақ тілін үйрену үшін қатарымызға қосылды. Клубқа қатысушылар арасынан орыс тілді ғалымдарды да көруге болады. Сосын Zoom платформасы арқылы айына бір рет жиналамыз, оған шамамен 200-300 адам қатысады.

-Қай елдердің азаматтары тіл үйренуге көбірек қызығушылық танытып отыр?

-Тіл үйренушілер бойынша әрине, бірінші орында Қазақстан тұрғаны белгілі. Екінші Ресей, үшінші Украина, ары қарай Түркия, Германия, Америка, Корея деп кете береді. Оңтүстік Кореядан үйренушілер бар, себебі олардың университеттерінде қазақ кафедрасы жұмыс істейді. Олар бізге өздері өтінішпен шықты. Мәскеуде лингвистикалық университет бар. Ол жаққа өзім де барғанмын. Сол жерде білім алушы  орыс қыздар біздің сайт арқылы қазақ тілін үйреніп, тіпті танымал блогер болып кеткендері де кездеседі. Олар сосын Алматы, Астанаға келіп тұрады. Жерлес әншіміз Димаш Құдайбергеннің фанаттары да біздің сайттан тілді меңгеруде. Малайзия әлде Сингапурда олар форум өткізген, тікелей эфир арқылы өткізілген жиында экранда біздің сайттан кіріп тіл үйреніп жатқанын көрдік.

-Цифрлық технология күн өткен сайын жаңарып, жаңғырып жатыр. Қосымшаны жетілдіру жағын ойластырып жатқан шығарсыздар…

-Дұрыс айтасыз. Қазіргі таңда қосымшаның SOILE.PRO деп аталатын жаңа нұсқасын жасап жатырмыз. Үлгерсек, осы жылдың аяғында ашамыз деп жоспарлап отырмыз. Бұл SOILE.KZ-тің жаңартылған түрі болады. Тіркеліп, 60 сабақты игеріп алсаңыз, ауыз екі тілде сөйлей алатын болсаңыз, қазақ тілінде еркін сөйлеп кетесіз.  Мемлекеттік қызметкерлер, «Самұрық Қазына»-да жұмыс істейтін  адамдар қазақша құжат әзірлегендіктен, біздің сайт арқылы тіл үйренеді, сабақ алады. Бұл сайтты жасағанда ешқандай кітаптан көшірмедік, өзіміздің ғалымдарымыз бар, филология ғылымдарының докторы Айман Мырзалықызы Алдашева деген апайымыз бар. Менің ұстазым. Сол кісі бастаған комиссиямен күнделікті тақырыптарды таңдап алып, сабақ дайындаймыз.

-Мемлекеттік құжаттарды толтыруды да үйретеді екенсіздер…

-Resmihat.kz деген сайтымыз жұмыс істеп тұр.  Мемлекеттік құжаттарды толтыруды сол платформа арқылы үйренуге болады. Ресми іскерлік тіл, яғни нормативтік актілерді, бұйрық, өтініш, т.б. секілді құжаттарды қазақша әрі дұрыс толтырып, жазуды еркін меңгеруге мүмкіндік бар. Бұл ресурсқа бүгінде 70 мың адам тіркелген.

-Мемлекеттік тілді дамыту қорының тағы бір ауқымды жобасы - Abaialemi.kz.

-«Абай әлемі» порталын ақын  Ақберен Елгезекпен бірге аштық. Абайға қатысты барлық материалдар сайтта жинақталған. Abaialemi.kz  — ірі танымдық энциклопедия. Абайдың көзін көрген замандастары, туыстары сонымен қатар абайтанушы ғалымдардың естелік, ғылыми зерттеулерін бір жерге топтастырдық. Видеолар мен фотосуреттерді де осы жерден табуға болады.

-Шығармашылықпен айналысатын жастарды ынталандыру мақсатында жыл сайын «Алтын тобылғы» байқауын өткізіп келе жатырсыздар. Аталмыш сайыс жөнінде де аз-кем тоқталып өтсеңіз…

-«Алтын тобылғы» ұлттық байқауын 2015 жылдан бері өткізіп келеміз.  Демеуші – Назарбаев  қоры.  Конкурс «Проза», «Поэзия», «Драматургия», «Балалар әдебиеті», «Әдеби сын» сияқты бірнеше жанрды қамтиды. Тоғыз жыл ішінде қаншама таланттың жұлдызы жанды. Әлібек Байбол, Татьяна Крытова, Мақпал Мыса, Жадыра Байбұлан, Бақытбек Қадыр, Қайсар Қауымбек, Шерхан Талап сынды көптеген дарынды жастар жеңімпаз атанды.  Бұл байқау жастарды ынталандырып қана қоймай,  материалдық жағынан да көп қолдау көрсетуде. Жастарымыздың басым көпшілігі аталған конкурстың көмегімен үй алды. Әлі де талай ақын-жазушының есімін даралайды деп сенемін.

-Қазіргі таңда комикстар оқырмандар тарапынан жақсы оқылады. Қазақша комикс шығаруды да қолға алғандарыңыз мәлім…

-Ұлттық құндылықтарымызды қамтып, еліміздің батырларын дәріптеу үшін бірнеше комикс жинақтарын жарыққа шығардық. Суретті кітапшалар қазақ, орыс және ағылшын тілінде тарайды.  «Комикон» атты комикстердің жарысы өтеді, соған 3 жыл болды қатысып жатырмыз. Халық қызығушылық танытып сатып алып жатыр.  14 түрлі комиксіміз бар. 7 анимациялық фильмін жасадық. Ол жұмыстар «Балапан», «Қазақстан» телеарналарынан көрсетілді. Жастардың көбі кітап оқымайды, ал комиксте сурет пен мәтін үйлескен, балалар қызығады. Батырлар жыры, ғашықтық жырларды оқырманға ұсындық. 5000 дана кітабымызды Оқу-ағарту министрлігі сатып алды, комикстер еліміздегі мектептер мен балабақшаларға таратылады. Қызықты жинақтарды Шығыс Қазақстан әкімдігі  сатып алды, енді Жамбыл облысы алуға ұсыныс жасап отыр. Осы жоба арқылы тамыры терең тарихымыз бен  ауыз әдебиетіміздің жауһарларын бүлдіршіндерге үйретіп жатқан жайымыз бар.

Мазмұнды сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан: Олжас Қасым

Қазақ тілі қолданысының артуына ықпал еткен оқиғалар
Қыркүйек маңызды оқиғаларға толы ай. Бұл айда Білім күні аталып өтеді, Тілдер мерекесі тойланады, Қала күні болады. Сондай атаулы күндердің бірі – Тілдер мерекесі бұрын 22 қыркүйекте тойланушы еді. Енді 5 қыркүйекте аталып өтетін болыпты. Біз мемлекеттік тілді тұғырына қондыру үшін жасалып жатқан кейбір шараларға тоқталып өткенді жөн көрдік.

1989 жылы 22 қыркүйекте “Тілдер туралы” заң қабылданған болатын. Ал Тілдер мерекесінің өзі 1998 жылдан аталып өте бастады. Сол жылы тұңғыш президенттің жарлығымен 22 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні болып жарияланды. Алайда 20 жыл салып, яғни 2017 жылы «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» үкіметтің қаулысына сәйкес, қыркүйектің 5-і Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілді. Бұл өзгерістің басты себебі – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тілі үшін күрескен, Ұлт ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты.

Ата заңның 7-бабында “Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі” екені жазылған. Ал орыс тілі мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.

“Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды”, – делінген Конституцияда.

Қазақстан – көпэтносты мемлекет, бір шаңырақ астында 130-дан астам ұлт өкілі тату-тәтті өмір сүреді. Мемлекет құраушы этнос – қазақтар, олардың үлесі жетпіс пайыздан асады. Сондай-ақ орыстар, татарлар, өзбектер, украиндар, грузиндер, армяндар, шешендер, ингуштер, беларусьтер, кәрістер, қырғыздар және тағы басқалары тұрады. Еліміздегі 100-ден астам этносқа Ассамблея жанында тілдерін дамытуға мүмкіндік жасалған. Оннан астам этникалық топтың өз тілдерінде оқытатын мектептері бар және оларда мәдени-рухани қолдау орталықтары жұмыс істейді.

Қазақ тілін үйреніп жүрген, қызығушылық танытатын азаматтардың саны да жылдан жылға көбейіп келеді, олардың арасында өзге этнос өкілдері де баршылық.

Республикада 111 мемлекеттік орталық жұмыс істейді, онда ересек тұрғындарға қазақ тілін тегін оқытады. 2022 жылы Ақмола, Атырау, Жамбыл облыстарында осындай үш жаңа орталық ашылды.

Қазақ тілін өз бетінше үйрену үшін Tilqural.kz, Abai.institute, Tilmedia.kz, Balatili.kz, Soyle.kz, Bala.soyle.kz, Tattialma.kz, Qazonline, Ana tili қосымшалары жұмыс істейді. Бұдан бөлек жыл сайын тіл мәдениетін арттыру мақсатында “Мемлекеттік тіл және БАҚ”, “Тіл шебері”, “Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы” байқаулары, “Мен қазақша сөйлеймін” акциясы және тағы басқа республикалық конкурстар өткізіліп тұрады.

Сонымен қоса, Qazaqsha Jaz сынды қозғалыстардың тілдің дамуына ықпалы жоғары болғаны сөзсіз. 2020 жылы шілде айында құрылған бұл қозғалысқа (әлжеліге) 3 күнде мың жазылушы тіркелген болатын. Қозғалыс орыс тілінің жоғалуын қаламайды, тек қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтуді көздейді. Оның нәтижесі ретінде жақында 2ГИС сынды бағдарламаларға қазақ тілі қосылса, халықтың көп бөлігі қолданатын Каспий банкоматтары мен терминалдарына қазақ тілі функциясы қосылды. Қолданысқа ие әлеуметтік желілер мен смартфон функциясының да қазақша нұсқасы бүгінде қолжетімді.

Жастар арасында да қазақ тілінде сөйлеу және ән айту не тыңдау – трендте. Тіпті, қазақстандық өзге этнос өкілдері де қазақ тілінде әндерге челлендж түсірсе, кейбір тиктокерлердің эдит жасайтын трегіне айналды.

(Ерболат Құдайбергенов “Ләззат алауы”)

Ал осындай челлендждердің бастамасы, жастардың қазақша ән тыңдауына, шетелдіктердің біздің тілге деген қызығушылық танытуына сеп болған -Ninety one тобы болатын. 2015-2016 жылы карьерасын енді бастаған топқа хейт көп болғанына қарамастан, бүгін ең танымал, ірі фандомы бар жалғыз қазақстандық бойзбенд топ. Q pop мәдениетінің негізін салушылар бүгінде мерзімі белгісіз демалысқа кетті және бұл бір жылдан да артық уақыт екенін мәлімдеген болатын. Соңғы тур-концерт топтың туған күні – 1 қыркүйек күні Алматыда өтті. Дегенмен сахна төрінен әлі де кетпейтіндіктерін Астанада өткен концертте айтқан болатын. Ал топтың негізін қалаған продюсер Ерболат Беделхан бастамасымен ORTA жобасы мен T’OI герлзбенд тобын құрылды. Екі жылдық үзілістен соң компания көрерменді өз жаңалықтарымен қуантуда. Бұдан бөлек қазақстандық жастар Enlik, Qanay, Мирас Жүгінісов, 2Rar, Ayree сынды әншілерді, ИК, Alpha сияқты топтарды тыңдайды.

Сонымен қатар, отандық айтишниктер де тіл саласына өз саласын қосты деуге болады. Отандық қазақ тілінде Aitube, Aitu, Aqyl Battle, EasyTapp сынды бағдарламалар шығарды. Тіпті, Play Book бағдарламасында ҚазақMan, Ermek Batyr секілді қазақ тілінде комикстер жарық көрді. Ал қазақтілді дубляж жасаушы арналар саны да артып келе жатқаны байқалады. Бұрынғыдай теледидар арқылы ғана емес, арнайы сайттардан немесе телеграмм арналардан қазақша дыбыстамада фильмдер көруге болады.

Демек, тіл қолданысын кеңейтуге тек үкімет жұмытары ғана емес, халықтың да атсалысуы арқылы біз үлкен нәтижеге жете аламыз. Дегенмен пандемия ықпалы қазақ тілінің дамуы оң әрі теріс әсер етті. Теріс әсер етті деген себебім – 2016 жылы қазақ тілінде сөйлейтін тұрғындардың үлесі 82,3 % құраса, 2021 жылы, пандемиядан кейін шамамен 80,1 пайызды құрады. Соған қарамастан,тіл тазалығына мән беретін QazaqGrammar сынды инста аккаунттар ықпалымен қазақша біз білмейтін кейбір сөздерді немесе оның жазылуын қарауға болады.

“Тіл – тіршілік құралы. Тіл үйрету – сөздер сол тіршілік құралын жұмсауды үйрету. Олай болса, тіл үйрету өнері тұрмыс өнері болмақ”, -деп Ұлт Ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы айтып өткендей, тіршілік құралын дұрыс пайдалану керек.

Дереккөз: minber.kz

Мемлекеттік тіл жобалары жемісін беруде
«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы қызметіне кіріскелі, яғни 2016-2022 жылы «Samruk-Kazyna Trust» қоры мемлекеттік тілді дамытуда жалпы сомасы 400 млн теңгеге жуық сомаға 10-нан астам ірі жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсетті.

Жобалар қатарында қазақ тіліндегі экономика негіздері бойынша онлайн бейнекурстар, Маңғыстау облысында қазақ және ағылшын тілдерінде онлайн және офлайн оқыту орталығын құру, республикалық әдеби-көркем, қоғамдық журналын шығару, шешендік шеберлік пен қазақ тілін оқыту мектебі, қазақ және орыс тілдеріндегі «Абайдың қара сөздері» иллюстрацияланған кітабын шығару, Абайдың шығармашылығынан шабыт алған қазақстандық жазушыларға арналған бейнесабақтар жасау сияқты игі қадамдар бар. Сонымен қатар математика, биология, химия, физика пәндері бойынша мектеп бағдарламасына сәйкес білім беру бейнероликтерін жасау арқылы қазақ және орыс тілдерінде балалардың білім беру контентін интернетте дамытуға бағытталған «Мектеп online» жобасы, қазақ тілі мен қазақ әдебиетін дамытуға бағытталған «Айтұмар» жас қаламгерлер байқауы көпшіліктің жылы ықыласын иеленді.

Мәселен «Samruk-Kazyna Trust» қоры арқылы қолдауға ие болған «Soyle.kz» жобасын пайдаланушылар қатары 2022 жылы 30%-ға артты. Осылайша Қазақстандағы ең алғашқы қазақ тілін үйренуге арналған Soyle.kz тегін онлайн-порталын бүкіл кезеңде қарағандардың саны 11 000 000-нан асса, оның ішінде былтырғы үлес 2 029 046-ны құрап отыр.

Тілді қолайлы түрде ақысыз үйренуге кіріскендердің басым бөлігі ел халқын межелесе, статистика Ресей мен АҚШ, Өзбекстан және Германия азаматтарының да игілікті іске құлшына ден қойғанын байқатады. Мәселен тегі африкалық қазақстандық тележүргізуші Амината Айша Уэдраого қазақ тілін Soyle.kz порталы көмегімен өз бетінше меңгерген.

«Сайтқа қазақ тілі мұғалімін іздестіріп жүрген кезде тіркелдім. Лайықты ұстаз таба алмағаннан кейін өздігімнен Soyle.kz сайтынан оқи бастадым. Ең алдымен, сайт мені түрлі-түсті дизайнымен және ыңғайлы интерфейсімен қызықтырды. Материалдың барлығы қолжетімді болғаны сонша, бірінші сабақтан бастап қазақ тілі әлеміне қызықты саяхат жасадым. Сабақтардың барлығы оңай құрылған, қазақ тілінде сөйлемейтін кез келген адам грамматиканы өз бетінше меңгеріп, тілді үйрене алады. Әсіресе, қазақ тілін тыңдауға және түсінуге көмектесетін тыңдау сөздігі, ойындар, тақырыпты толық бекітуге арналған тапсырмалар және диалогтары бар бейнесабақтар бөлімін ерекше атап өткім келеді», – дейді Амината Уэдраого.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында қолға алынған ыңғайлы және пайдалы ресурсқа тіркелген қолданушылардың жалпы көлемі 300 000-нан астам адамды көрсетсе, 160 мыңы мобильдік қосымшаны жүктеп алған.

«Қор әрі қарай да руханият, оның ішінде ана мен бала және тіл мәселесіне баса назар аударады. Оған дәлел, өңірлердегі өнер мектептерін ұлттық музыка аспаптарымен, ауыл кітапханаларын мемлекеттік тілдегі кітаптармен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз», — деп қорытады «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева.

Биылғы 11 қаңтарда елордада алғаш рет қоғам алдында жария және ауқымды түрде берілген есеп те толық мемлекеттік тілде өтті. Онда өңірлерден жиналған жобалар бенефециарлары көрме арқылы жұмысын көпшілікке баяндай алып, ҮЕҰ өкілдері арасында панельдік пікірталас ұйымдастырылды.

Сілтеме:https://qazaqadebieti.kz/37467/memlekettik-til-zhobalary-zhemisin-berude

«Комикстер — әлеуметтік желіде 15 секундтық видеолар көріп жүрген бала үшін таптырмас әдебиет»
Бүгінде қазақ ертегілері, батырлар жыры, лиро-эпостық дастандары жаңа деммен оқырмандарына жол тарта бастады. Енді балаларыңыз Ер Тарғын мен Қозы Көрпеш – Баян сұлу сынды шығармаларды бұрынғыдай қалың томнан емес, жұқа, ыңғайлы, түрлі суреттерімен қысқа-нұсқа жеткізілген комикстер арқылы оқи алады.

«Әлеуметтік желіде 15 секундтық видеолар көріп жүрген бала үшін таптырмас әдебиет деп ойлаймыз», — дейді Qazcomics жобасының PR маманы Амантаева Мадина Шыңғысқызы.

Caravan.kz медиа-порталы қазақ әдебиетінің кейіпкерлері комикстер арқылы қалай жеткізіліп жүргенін, бұған оқырман қандай баға беріп жатқанын сұрап білді.

- Қазақ ертегі, дастандарынан комикс жасап шығару идеясы қайдан келді?

Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Шауеев Азаттың идеясы еді. Ол кісі қазақ тілінің деңгейі жоғары филолог маман. Ең әуелі бұл сала өзіне жақын болғаннан да шығар. Сонан кейін, қазіргі балалар, жасөспірімдердің көпшілігі комикске қызығатыны мәлім. Тек Қазақстанда ғана емес жалпы әлемде солай. «Неге?» десеңіз комикс – өте жұқа кітапшалар. Жылдам оқып тауыса алады. Барлық диалогтар қысқа-нұсқа, суретімен беріледі. Әлеуметтік желіде 15 секундтық видеолар көріп жүрген бала үшін таптырмас әдебиет деп ойлаймыз. Өзімен бірге алып жүруге де жеңіл, ыңғайлы екенін атап өтуге болады. Қанық, түрлі түстілігімен де баланы тартады. Ең бастысы, қазақ балалары Марвелді оқығанша ата-бабамыздан келе жатқан аңыз-әңгімелерді оқыса деген ниеттен туған идея.

- Оқырмандарыңыздың басым бөлігі мектеп жасындағы балалар шығар?

Иә, әрине. Оқырмандарымыздың арасында мектеп оқушылары басым. Негізі біздің комикстерді 6 жастап бастап оқи беруге болады. Комикстер бәріне түсінікті болатындай қарапайым тілде жазылған. Біздің инстаграмдағы парақшамызға ата-аналардан “қай жерден алсақ болады?” деген сынды сауалдармен жиі хаттар келеді. Өзге ұлт өкілдерінің де қызығушылығы бар. Себебі комикстеріміз қазақ және орыс тілдерінде.

- Балалар расымен байырғы қазақ ертегі, дастандарын сүйіп оқи ма?

Меніңше қазақ ертегілері шетелдің кез келген фантастикасымен бәсекеге түсе алады. Балалар «Мен – өрмекші адаммын» деп емес, «Мен – Алпамыс батырмын» деп ойнап жүрсе жараспай ма?! Ұрпағымыз өз тамырын танып, бой түзеп өскені жақсы. Оған да жетеміз. Тек заманға сай, балалардың қазіргі талғамына сай ұсына білсек болғаны. Комикстерімізді кітапханалар көптеп сатып алуда. Балалар оқысын деп мың даналап бізден сатып алып кетіп жатады.

- Мемлекет тарапынан қолдау болып жатыр ма?

Бас демеушіміз Самұрық қазына қоры. Комикстерімізге әу бастан Нұрсұлтан Назарбаев қоры демеушілік етті.

- Комикстеріңіз тек қазақ тілінде ме?

Бір комикс екі тілде жазылады. Алғашқы беттерінде қазақ тілі, кейінгі беттерінде орыс тіліндегі нұсқасы болады. Әркім өз ыңғайына қарай оқи жатар. Оның үстіне қазақ ертегілеріне тек қазақ балалары қызықпайды. Оқырмандарымыздың арасында түрлі ұлт өкілдері бар. Ал, ағылшын тіліндегі нұсқасын электронды түрде оқи аласыздар. Шетелдіктер біздің де комикстерді оқысын дедік. Біздің мәдениетімізбен таныссын деген ой болды.

- Комикстер қай елде жақсы дамыған?

Комикстер АҚШ-та жақсы дамыған. Бәріміз танитын алып екі компания бар. Олар: Disney және Marvel. Олар қазір комикс қана емес фильмдерін шығарып жүр. Біздің де комикстер экрандардан көрінсе жақсы болар еді. Оның бастамасын өзіміз де жасадық. Махаббат жырларына анимациялық роликтер жасадық. Десе де, бұл тәй-тәй басқан алғашқы қадамдар ғана. Балалар төл әдебиетімізді танып өссін десек, жан-жақты сапалы дүниелер шығара беруіміз керек. Өз әдебиетімізді өзіміз керек етпесек, кім мойын бұрсын?

- Комикс дайындауда еліктеушілік болды ма?

Біздің комикстеріміздің идеясы мүлде бөлек. Сондықтан еліктеу бар деп айта алмас едім. Шетелдіктерде көбіне фантастика басым. Бізде қазақ халқының құндылықтары бар.

- Командада қандай мамандар бар?

Жоба менеджері Туғанбаева Шырын, Өндіріс жетекшісі Оспанов Асет, бас редакторымыз Қамысбаева Сұлушаш, иллюстрациялардың авторы Павлодарлық суретші Динара, аңыздардың барлығын комикс форматына келістіріп жүрген сценаристіміз Досхан есімді жігіт бар.

- Ең көп қандай комикс сатылды?

Бестселлер комиксіміз – Ер Төстік. «Несімен танымал болды?» десеңіз бұл бала күнімізден бәрімізге жақсы таныс ертегі. Негізі Ер Төстік ертегілердің ішіндегі ең көнесі екен. Өзге ертегілердің кей тұсы осы Ер Төстіктен алынған деседі. Дүкендерге қойған Ер Төстік комиксіміз ылғи да тез таусылып кетеді.

- Қазіргі заманғы балалар жазушыларының шығармаларын да комикс ретінде шығару ойда жоқ па?

Авторлық, бүгінгі заманның жазушыларын біз әлі шығарған жоқпыз. Бірақ, жоспарда бар.

- Нарықта бәсекелестеріңіз көп пе?

Елімізде комикс шығаратындар көп деп айта алмаймын. Бірақ, қазір жақсы дамып келеді. Иллюстрация салып жүрген дарынды жастар көп. Оны әлеуметтік желіден де байқап жүрген шығарсыздар. Фестивальдерге де қатысып тұрады. Ол жақтан да біршама талантты жасты байқайсыз. Комикс шығарғысы келетін жастар бізбен байланысқа шығып, кеңестерін сұрап жатады. Біз ондайдан қашпаймыз. Білгенімізбен аянбай бөлісіп жатамыз.

- Жалпы комикс жасап шығару табыс әкеле ме?

Комикс табыс әкеледі. Жақсы сатылады. Оқырманы жоқ емес. Және ең бастысы, рухани пайдасы бар жобаны атқарып жүргенімізге қуанамыз. Оқырмандарымыздың қолдауы, жылы пікірі бір төбе. Ісімізге тәнті болып «жарайсыңдар» деп біз үшін қуанып жататындар көп. Балалардың біздің комикстер арқылы қазақ мәдениетімен сусындап жатқанын көрген кезде шынымен де тебіреніп қаламыз. «Осыны біз жасап жатырмыз ба?» деп таңданатын тұстарымыз да болады. Қазақтың әдеби төл туындыларын әлем оқитындай форматқа келтірдік. Өзге ұлт өкілдері оқиды. Мұның өзі мерейімізді өсіріп тастайды.

- Сын айтқандар болды ма?

Расымен де осы күнге дейін ешқандай сын естімеппіз.

- Ендігі алға қойған межелеріңіз қандай?

Халықаралық нарыққа шыққымыз келеді. Шетелдіктердің қазақ мәдениетіне деген қызығушылығы да жоқ емес.

- Сұхбатыңызға рақмет!

Сілтеме: https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/komikster-aleumettik-zhelide-15-sekundtyq-videolar-korip-zhurgen-bala-ushin-taptyrmas-adebiet-328880/

Африкалық қыз қазақ тілін өз еркімен үйреніп алды
Қазақстандық тележүргізуші Амината Айша Уэдраого тегін онлайн сайт арқылы қазақ тілін қалай үйренгенін айтты.

Аминатаның анасы – қазақ, әкесі Буркина-Фасодан (Батыс Африка). Отбасы 10 жылдан кейін Қазақстанға келген. Амината өзін екі нәсілдің өкілі деп санайды. Өйткені ол өзіне тән дәстүрі, менталитеті, тілі бар, әртүрлі континентте орналасқан екі елде өмір сүріп келеді.

Амината – алдына мақсат қоя білетін адам. Тележүргізуші төрт тіл біледі: француз, ағылшын, орыс және қазақ тілі. 14 жасында модель болды. Бимен айналысады, саяхаттағанды жақсы көреді және өзін дамытуға көңіл бөледі. «Қайырлы таң, Қазақстан» таңғы бағдарламасының тележүргізушісі Soyle жобасы туралы 2018 жылы білген.

«Өзіме қазақ тілі мұғалімін іздеп жүрген кезде сайтқа тіркелген болатынмын. Мұғалім таппаған соң Soyle.kz сайтынан өз бетімше үйрене бастадым. Ең алдымен сайт мені түрлі түсті дизайнымен және ыңғайлы интерфейсімен қызықтырды. Барлық материал қолжетімді болғаны соншалық, алғашқы сабақтан бастап қазақ тілі әлеміне саяхат жасадым. Барлық сабақ қазақ тілінде сөйлеп көрмеген кез келген адамның грамматиканы өз бетінше игеріп, тіл үйренуіне ыңғайлы етіп жасалған. Әсіресе, тыңдалымы бар сөздік бөлімін, қазақ тілін тыңдауға және түсінуге көмектесетін диалогтары бар ойындарды, тапсырмалар мен бейнесабақтарды ерекше атап өткім келеді, – дейді Амината Уэдраого.

Аминатаның айтуынша, пандемия кезінде порталдың көп пайдасы тиген. Бүгінде оның онлайн-платформалар арасындағы маңызы арта түсті.

«Мобильді қосымшаның тиімділігін айтпай кетуге болмас. Мен Soyle мобильді қосымшасын жолда немесе жұмыстағы үзіліс кезінде қолданамын. Бұл қазір өте ыңғайлы дүние. Әлеуметтік желілерге келетін болсақ, Telegram және Instagram-дағы Soyle парақшасына жазылдым. Парақшаларда сайттан алынған материалдар бар. Олар қызықты әрі заманауи форматта беріледі, – дейді тележүргізуші.

Амината бұл сайт қазақ тілін жаңадан үйреніп жүргендерге де, одан жоғары деңгейде білетіндерге де таптырмас дүние деп санайды. Мысалы, қазақ тілі мұғалімдері мен мектеп түлектері сайттан қосымша білім алуына болады.

Soyle.kz жобасынан көптеген материал табуға болады: бастапқы деңгейден күрделі деңгейге дейінгі тегін сабақтар, сөздік, аудио және бейнематериалдар. Жобаны Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қоры және Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауы аясында мемлекеттік тілді дамыту қорының мамандары жасады.

Бүгінде сайтқа әлемнің түкпір-түкпірінен 240 мыңнан астам пайдаланушы тіркелген. Қазақ тілін Германия, Ресей, Чехия және басқа елдің тұрғындары үйреніп жатыр. Сайттың орыс, ағылшын және түрік тіліндегі нұсқалары да бар.

Сілтеме: https://aikyn.kz/213354/afrikalyk-kyz-kazak-tilin-oz-erkimen-uyrenip-aldy/

«Қазақ тілі маған керек»: Қазақстанға Украинадан көшіп келген ару елдегі әсерімен бөлісті
25 жастағы Надия Захарова 2 жыл бұрын елімізге Украинадан көшіп келген. Перзентханада фотограф болып жұмыс істейді. Қазақ тілінің күнделікті өмірде, әрі жұмыс барысында маңызды екенін түсінгендіктен, мемлекеттік тілді үйренуге бел буыпты. Қазірдің өзінде қазақша түсініп, кей тұрмыста қолданылатын сөздерді жаттап үлгерген. Украиналық арудан Қазақстандағы әсері мен екі ел арасындағы дәстүрлік, тілдік ұқсастықтар туралы сөйлестік.

Надия 2020 жылы Қазақстанға жұбайы үшін көшіп келген. Осында тұрып жүрген уақытта ол қазақ мәдениеті мен мемлекеттік тіліне қызығушылығы арты түсіпті. Қазір ол тілді меңгеру үстінде. Тіпті желіде қазақ тілін үйреніп жатқанын айтып, оқырмандарынан қолдау тауып үлгерген.

“Жұбайым алматылық, соған көшіп келдім, екеуміз шаңырақ көтердік. Жолым Қазақстанға алып келді. Бұған дейін Қазақстанда екі рет болған едім. Құжаттарды реттеуге біраз уақыт кетті, басқа жаққа көшкісі келетіндерге айтарым, бұл уақыт алатын процесс екен”, – дейді Надия.

Дәл Қазақстанды таңдауына осында жұбайының тұратыны себеп болған екен. Ару бұл шешімді жасағанына еш өкінбегенін айтады.

Қазақстанға келгендегі алғашқы әсері туралы Надия былай дейді.

“Шок болды. Мұндай әдемі қаланы ешқашан көрген емеспін. Әлдебір ертегіге түсіп кеткендей болдым. Айналамда тау, алдымда бейне бір қабырға сияқты тұр. Әдетте оларға ақырындап көтерілу керек, ал мұнда кәдімгідей қабырға сияқты тұрады, өте әсерлі.

Көп жерде болған жоқпын. Шарын шатқалы, Есік көлінде, Үлкен Алматы көлі, Қапшағайда болдым. Қазақстан сондай алуантүрлі екен, ал мен әлі көп жерін көріп үлгермедім”, – дейді ол.

Сөзінше, қазақ тілін үйренуіне жұмыс істей бастаған жерде қазақ тілін білудегі қажеттілік болған.

«Маған адамдар бір-бірімен не туралы сөйлесетіні қызығушылық тудырды. Басында адамдардан он реттен әр сөзді сұрай бердім. Себебі есімде сақталмайтын. Адамдардың сөйлегені қызық болды. Мен ұяламын, кейбір сөздерді айтуға. Қазір бір-екі сөзден не туралы айтып жатқанын түсініп отырамын. Қателесемін, бірақ мені түзеп отырады. Мен үшін не айтып жатқандарын түсіну маңызды”, – дейді Надия.

Надия әлеуметтік желіде белсенді. Қазіргі уақытта TikTok желісінде қазақ және украин тіліндегі ұқсас сөздер мен мемлекеттік тілді меңгеруі туралы видео түсіреді, олар оқырман көңілінен шығатын көрінеді.

«Маған мұны TikTok-та халық айта бастады. «Сіріңке» сөзі бізде «сирники» болса, «түтін» бізде «тютюн» болады. Одан бөлек, «Сәлем Қалайсың?» «Жақсы өзің қалай?» деген тіркестерді білемін. Мұны адамдардың бір-бірімен сөйлесуі кезінде есімде сақтап қалдым”, – дейді ол.

Алайда Надия қазақша сөйлеуге сәл ұялатынын да жасырмайды.

“Бұл ағылшын тіліндегідей “барьер”. Мен оны еңсеруге тырысамын. Себебі сөйлеу қажет, тек түсініп қоймай.

Мен видео түсіре бастаған соң, ел мені түзей бастады. Содан соң сақтау керек сөздерді түртіп отырдым”, – дейді ол.

Надия қазақ халқы өзін құшақ жая қарсы алғанын айтып, тұрғындарды өте ашық деп бағалады.

«Мейрамдарда фото түсірген соң, қолыма толтырып тамақ салып беріп, пакеттермен қайтатынмын. Бұл бірнеше рет болды. Менің украин ұлтынан екенімді білгенде де қолдау көрсетеді.

TikTok-та маған жазылатын пікірдің 99%- жағымды”, – дейді ол.

Екі елдің бір біріне ұқсас салт, жоралғылары туралы да украиналық арудан сұрадық.

«Айырмашылық бар. Байқадым. Дәстүрлеріміз әртүрлі. Бірақ мен үшін бұл өте қызық. Себебі мен мысалы сіздерде тойға қалай дайындалатынын білмеппін. Бір жас тойға бардым, онда баланың өз болашақ тағдауын жасайтыны ұнады.

Бізде де адамдар тойлағанды жақсы көреді. Бірақ мұнда адамдар тойлайтын болса, қатты кіріседі екен. Біз де соншалықты емес. Қазақ тойларында болған жоқпын. Бірақ баланы перзентханадан шығарудың өзі үлкен той. Музыканттар, шоу, қуаныш. Адамдар бақытты екенін көресің.  Біз де мысалы бәрі қарапайым күтіп алып, үйіне алып кетеді”, – дейді ол өз сөзінде.

Украинадағы соңғы жағдай бойынша Надияның көзқарасын сұрадық.

“Менің барлық туысқаным Украинада тұрады. Менің туған жерім Батыс Украина, ол жақ сәл тыныш. Бірақ бәрі басталған уақыт әлі көз алдымда, әрбір украиналықтың есінде шығар. Бұл таңғы уақыт еді, жай ғана Youtube-ке кіріп, адамдар түсірген видеоларды қарадым. Онда жарылыстар туралы айтып жатты. Қатты қорқып кеттім. Себебі екі ай бойы жаңалықтарды қарап жүріп, әлденені сезгендей болдым. Жарылыс басталған кезде, қорқып, жақындарыма хабарласа бастадым.

Олар ұйықтап жатты, үш сағат айырма бар. Оларға тығылатын жер болса іздеңдер дедім. Бұл дүрбелеңде өзімді әлсіз сезінбім, қолымнан ештеңе келмейтіндей болды. Олар сол жақта, мен осында. Бұл күн кез келген украиналық үшін сияқты ең қорқынышты күн болды”, – деп есіне алады ол.

Осы жағдайдан соң қазақстандықтар тарапынан өзіне қарым-қатынас өзгергенін де байқап үлгерген.

“Шынымды айтсам, көп адам қолдай бастады. “Бәрі жақсы болады”, “шындық Украина жағында” деп айтып жатты”, – дейді ару.

Көшу барысындағы басты қиындық құжаттармен байланысты болды дейді ол. Сондай-ақ жаңа елге көшу алдындағы қорқыныштың болғанын жасырмайды.

«Қазақстанға келгенде маған осында үш ай ғана бола аласың деді. Қайт деді. Қайтып кетіп, қандай құжат керек екенін білдім. Содан соң маған Украина кетуге рұқсат беруі керек болды, осының бәрі жарты жыл уақытты алды.

Бастапқыда қорқынышты болды. Жаңа ел, мен Қазақстан туралы ештеңе білмейтінмін. Жалпы ел, астанасы туралы білсем де, басқасынан бейхабар едім. Келгенде қалай өмір сүремін деп басым қатты. Қанша уайымдасам да, кейін құжаттарым да реттелді, осында үйреніп, сіңісіп кеттім. Өзімді үйімдегідей сезінемін”, – дейді Надия.

Надия Қазақстанда біраз уақыт тұрамын деп жоспарлауда.

“Қатты қаласам да, жағдайға байланысты үйге қайта алмаймын. Қазір осындамын”, – дейді ол.

Сөзінше, елімізде отандастарымен де кездесіп, араласып тұрады.

“Маған адамдар көп жазды. Бес адамдай. Қалай көшуге болады деп сұрайтындар болады. Украиналық әйелге үйленгім келеді немесе қазақстандыққа тұрмысқа шығатындарын айтып, менен кеңес сұрайтындар болады. Құжаттар бойынша кеңес бердім. Өз отандастарымызбен кездесейік деп ұсынғандар да болды. Бір қызбен сөйлесіп, таныстық. Өз отандастарыңды кездестірген әрқашан керемет сезім”, – дейді ол.

Надия шетелдіктердің жергілікті тілді білуі өте маңызды екенін атап өтті. Қазіргі уақытта ол тілді жақсылап меңгеремін деп өзіне мақсат қойған.

“Бұл нәрсемен бетпе-бет келмесем, бәлкім түсінбес те ме едім. Сен Қазақстанда не басқа елде тұрғанда, мысалы Америкадағыдай ағылшын тілін адамдармен сөйлесу үшін үйренеміз ғой. Сол сияқты, тілде сөйлесіп, түсіну үшін үйрену керектігін ұқтым. Сондықтан үйрену керек деп шештім. Бастапқыда жай ғана қызығушылығым болды. Ең қызығы, жұмыс істеп жүргенде маған қазақша “есікті жапшы” дейтін. Ал мен түсінбей күліп тұра бердім. Әйел маған үш рет есік жабу туралы айтты.

Содан соң өзі барды да жапты. Не айттыңыз десем, “есік жап дедім” дейді. Бұл бірнеше рет болған жағдай. Содан соң үйреніп алу керек қой деп өзімді қамшыладым. Есікті жабуды қазақша қазір білемін. Он рет сұрап, әрең жаттадым. Сондықтан жауап та беріп, сөйлесу маңызды. Тілді үйреніп алуға барымды саламын. Кем дегенде сөйлесе алатындай деңгейде, жұмыста адамдармен сөйлесу кезінде болсын”, – деп түйіндеді ол.

Сілтеме: https://stan.kz/kazakstanga-ukrainadan-koship-kelgen-aru-eldegi-aserime-367203/

Қоғамдық кеңес «Samruk-Kazyna Trust» қорының есебін тыңдады
Атап өтерлік жайт, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы саналатын аталған ұйым алғаш рет жұмысын осындай қоғамдастық талқысына салып отыр.

«Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесінің алдындағы есебінде Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева 2021 жылы «Samruk-Kazyna Trust» қоры білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет салаларын және бұқаралық спорт, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, өңірлерді кешенді өркендету бастамаларын қолдағанын жеткізді.

«Қордың 2022 жылға арналған Қайырымдылық бағдарламасы 10 миллиард теңгені құрайды. Оның ішінде бүгінде 4,18 млрд теңгенің 14 жобасы мақұлданды. Әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға өтінімдер «Samruk-Kazyna Trust» сайтында орналастырылған қайырымдылық көмек көрсету ережесіне сәйкес үкіметтік емес ұйымдардан қабылданады. Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына»  кәсіпорындары бар өңірлерде өзіміз жобаларды жүзеге асыруға бастама көтере аламыз», — деді есептік сөзінде «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева.

Мақұлданған жобалар арасында аутистік спектрдің аурулары мен ментальді бұзылыстары бар балаларға арналған 8 орталық құру, дамуы бұзылған және олардың туындау қаупі бар балаларға ерте диагностикалық және абилитациялық көмек көрсету бойынша 13 ерте араласу орталығын құру, сондай-ақ Атырауда ерекше балаларға тегін көмек көрсету бастамасы бар.

«Samruk-Kazyna Trust» қоры бүгінде Қазақстанның шалғай елдімекендеріне сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» пойыздарын табысты іске қосып, «Басқарылатын гипотермия» инновациялық жобасы аясында Қарағандыда 11 нәрестенің өмірі құтқарылды. Алдағы уақытта нәрестелердің шетінеуі мен мүгедектігін азайту ниетімен тағы бес перинаталдық орталықты терапевтік кешендермен жабдықтау көзделіп отыр.

«Самұрық-Қазына» қорының кәсіпорындары бар өңірлерді дамыту аясында биыл Жаңаөзен қаласының 3 мектебін жиһазбен және интерактивті панельдермен жабдықталса, отбасылық аула клубтарын демеу арқылы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар үшін түрлі секциялар ұйымдастырылуда. Шымкент қаласында нейро-ортопедиялық бұзушылықтары бар балаларды оңалту қолға алынбақ. «Балаларға өмір сыйла», «Аутизмді жеңеміз!», «Жетім балаларсыз Қазақстан» жобалары да жалғасын таппақ. Аға буын өкілдеріне қамқорлық танытуда «Тағылым» және «Жеңіс» жобалары жүргізіліп, ауылдық жерлердегі балаларды спортқа баула «Батыр боламын!» жобасының арқасында 20 спортзал ашылмақ. Бұдан басқа, «Samruk-Kazyna Trust» мемлекеттік тілдің көкжегін кеңейтуде «Soyle» жобасын қолдауды жөн деп тапты.

Сілтеме: https://abai.kz/post/153996

Болат ЖҮНІСБЕКОВ: «АТЫН БІЛМЕ, СӨЗІН БІЛ»
Өткен жылы «Мемлекеттік тілді дамыту» қоры жас ақындар үшін ұйымдастырған бір-екі «жабық» байқаудың қазылар алқасынан қатарынан табылғанмын. Сарапшы ретінде жүзге жуық жас үміткердің поэзия аспанындағы «қанат қағысын» бағалауымыз керек екен. Межелі мерзімде бәйгеге қосылған ақындардың сөз шырайы мен ой шұрайынан нәр іздеуге тырыстым. Бірден айту керек, кітап боп шыққан немесе газет-журналдарда, тіпті ғаламторда танылған шығармаларға тән жетістіктер мен кемістіктер, әлбетте оларға да ортақ. Соған орай байқаулардың «қанжығасына» байланған өлеңдердің өресі мен авторлардың сөз саптаулары да әр алуан.

Жабық байқаулардың қорытындысы шығарылған күні біздің де міндетіміз аяқталған еді. Алайда, өлең мен өнер додасына түскен 35 жасқа дейінгі жас ақындар шығармаларының шуақты әсері жадымда әлі де ұзақ сақталады. Көкейімде хәкім Абайдың «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы», — деген қанатты өсиеті жаңғырады. Жастар шығармашылығына жанашыр ұйым танытқан дарындар туралы үнсіз қала алмайтыным белгілі болды. Оның үстіне, қаламы «жорға» деген ақындардың баспаға ұсынылатын бірнеше кітабына сарапшы болуым да ойдағы сөзді бүкпей, оқырманмен бөлісуге  жетеледі.

Өздеріңіз білесіздер, сарапшылар үшін «жабық» байқаулар мен «жабық» кітап сарасына түскен дүниелердің иесі кімдер екені беймәлім  ұсталады. Мұның жеке бастың ауанына ермей, қолжазбаға әділ баға беру үшін жасалатыны түсінікті болса керек. Ұлы Абайдың «Мұны жазған кісінің/ Атын білме, сөзін біл» деген өсиеті де осыны мегзейді. Шынында да оқырман үшін, ең әуелі, өлең қымбат, егер ол көңілден шығып жатса, шығарма авторын өзіміз-ақ іздеп тауып аламыз. Жақсысына тамсанып, жанымыз жадырайды, сырттай болса да ардақ тұтамыз. Жасығынан жерініп, «өлеңді ермек үшін жазғаны қалай» деп, теріс айналамыз.

Осыны айтқанда, өзін-өзі босқа «қамшылап», кітап шығаруға жанталасқан кейбір өлеңшілердің  дабырасы еріксіз ойландырады. Баспаға асығып, танаураған  тақпақтарды (өлең деуге обал) оқи отырып, оларды байқауларға түскен дарынды жастардың шығармаларымен еріксіз салыстырасың. Сосын  жаңағы сөз сапырушылар «алдыңғы буын ағаларынан, яки кейінгі толқын інілерінен неге үйренбейді» екен деп таңданасың. «Сөзіне қарай кісіні ал, — дейді тағы да Абай. — Кісіге қарап сөз алма». Амал қайсы, сарапшы ретінде ұсынылған кейбір шикілі-пысылы қолжазбаларға да жанарымызды талдыруға тура келді.

Хәкім Абай өлең сөзге аса талғампаз: «Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, Ол – ақынның білімсіз бишарасы…», бірақ «…Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы, Сонда да солардың бар таңдамасы. Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын/ Қазақтың келістірер қай баласы?». Арзан ұйқас қуып, өлең боламын деп шабынған жекелеген «шимайларға» жатырқай отырып, осылар «өздерінен басқаны оқымайды-ау — деген ойға қаласың. Тіпті, оқыса да  кеудемсоққа салып, елегісі де келмесе, не дауа!

Асылы, қазақ поэзиясының әлем әдебиетіндегі үкілі үлесі жұрт мойындаған шындық.  «Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап…», бірақ босқа арамтер болатын күпілдектер аз емес: «Жұрт жүр ғой күйкентай мен қарға сақтап. Қыран шықса қияға, жібереді/ Олар да екі құсын екі жақтап. Қарқылдап қарға қалмас арт жағынан, Күйкентайы үстінде шықылықтап. Өзі алмайды, қыранға алдырмайды, Күні бойы шабады бос салақтап…».

Олай болса, танымал өлеңнің бұдан арғы өрімін ірке тұрып,  жоғарыда аталған «жабық» бәйгелерге «ат қосқан» жас үміткерлердің жанымызды желбіреткен өлеңдеріне қайта оралайық. Сөз орайында өлеңдерге берілетін бағаның біздің жеке пікіріміз екенін есте ұстаған жөн.

1. «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы…»

немесе «жабық» жырлар жайында

Байқауға қатысқан есімі беймәлім жас үміткерлеріміздің бірі «Абайды оқы» деген туындысында былайша толғанады: «Сөзіне ерсе данышпанның Абайдайын/ Не үшін қазағыма алаңдайын… Елестетші көз алдыңа сендей жаста/ Абай хәкім ел жиып қылған кеңес… Біліміңмен қазаққа сәл пайдаң тисе, Қуана бер, бұл да бір биік белес». Осы автор, сондай-ақ «Мәдәт бер  я шағири фәрияд» деп, Шығыс шайырларына жүгінген жас Ибраһим секілді  қазақтың тағы бір ұлы ақыны Мұқағалидан сүйеніш іздейді: «Поэзия! Менімен де егіз бе едің? Мұқаңа ұқсап мен де сені неге іздедім. Алауратқан ақ таңнан ол іздесе, Мұңға батқан қара түннен мен іздедім…»

Ұлы ақындарды ұлықтап, олардан бата алудан дәмелі жас көп. Сондықтан хәкім Абайдың, әсіресе 175 жылдық мерейтой жылы байқауға түскен өлеңдердің едәуір бөлігінің ұлтымыздың ұлы тұлғасына арналуы да заңды еді. Әсіресе, мына бір ақынның «Шыңғыстау. Мінәжат. Хәкім» өлеңіне келгенде жеке пікірім қазылар алқасының  қорытындысымен үндес шығатындай үміттенемін. Бабын тапса, шын жүйріктің қамшы салдырмайтыны сияқты өлең қонған мына ақынның да дәмесі зор және орынды-ақ. Оқып көріңіз, мүмкіндігінше толық беруге тырыстым:

«Қарт Шыңғыстау,

Ғұлама – түз,

Ұлы айдын,

Ұлы айдынға жете алмай бір құлаймын.

«Ту сыртымнан күбірлейді бір абыз

Ақиқатқа жетсең егер

Керегі не Құдайдың?…

Шөп тілі,

Құстың үні,

Құдай жанын,

Шыңғыстау, сенен ұқты бұл маңдайым.

Қуат ап сол хәкімнің дидарынан

Пәниге қайта келіп тұрғандаймын…

Шыңғыстау,

Сенен туған Нұр шырайды,

Білмейді, түсінбейді жұрт былайғы.

Хәкімнің рухына орап жұбатамын,

Ішімде іңгалаған сол құдайды».

Мұндай жарқын дүниеге жарыса мадақ айтып, мәртебесін асырамын деу бекершілік. Оның өзі-ақ жалғанға сәуле шашып, жаныңызды шуағына орайды. Ақиқатқа көзіңізді ашып, өзіне елтітіп, жарыққа жетелейді. Сөйтіп, тағы да ұлы Абайдың сөз маржанын еске салады: «Базарға, қарап тұрсам, әркім барар, Іздегені не болса, сол табылар. Біреу астық алады, біреу – маржан, Әркімге бірдей нәрсе бермес базар… Біреу ұқпас бұл сөзді, біреу ұғар, Бағасын пайым қылмай, аң-таң қалар… «Ит маржанды не қылсын» деген сөз бар, Сәулесі бар жігіттер бір ойланар».

Соған орай осы байқауларға қатысушылардың бірқатары Абай мұрасынан нәр алып, хәкімге өлең арнайды.  Авторы бізге беймәлім «Сөз бүрледі көк тасқа» өлеңіне назар аударыңыз:

Қақырайды кеудесі, аласұрып, аһ-ұрып,

Жарылардай жүрегі жанартаудай атылып,

Жанарынан сорғалап қасіретті қанды жас

Үш айналды моланы, өзіне өлім шақырып.

Таба алмастан тірліктен не  тиянақ, не тірек,

Сияқтанып жалғанда жалғыз қалған жетімек.

Ақшоқыдан аттанды Шыңғыстауды бетке алып,

Судай аққан ғұмырға, удай ашып көкірек…

Тағдыр айдап барады алды-артына қаратпай,

Жайрататын түрі бар қылыш сілтеп, оқ атпай.

Сұп-сұр болып келеді сырты бүтін, іші өлген,

Бес күн қонып, фәниден күдер үзген қонақтай.

Қайғы бұлтын жамылған қалпы бейне жұмбақ тас,

Тастай қатқан тірі аруақ тірі жанға тіл қатпас.

Бірге жылап Абаймен күңіренген қалың ел,

Өзі тоқтау салмаса көздің жасын құрғатпас.

Қыл шылбыры қысқанда ажал салған құрықтың,

Қырық жылдай көрінді Мағаш қайтқан қырық күн.

Осы сөз сәйгүлігімен мына бір үміткердің «Сыншы бақ» өлеңі үзеңгілес отырғандай әсер қалдырады. Жалпы, байқауға келіп түскен өлеңдердің бірқатары  «Тілге жеңіл, жүрекке жыл тиіп» тыңдаушысын тебірентетін шымыр «теп-тегіс, айналасы жұмыр» дүниелер. Соның бірі — «Сыншы бақтан» аздап қана сыр тартсақ:

«Түн келер, тәуліктен мұң сұрап,

өзіне қойдырмай мың сұрақ.

Күндерді кезекке қоймасам,

кетемін шеріме тым шыдап…

Сыншы, бақ…

Қайнайды көкейде алас-нұр,

-Ей, Тәңір! Теңімді жарастыр!

Тағдырда жолдар көп болғанмен,

тірлікте баянсыз, талас бір…

Талас құр…

Келтірген Құдайда шама зор,

табады тағдырды дара сор…

Бақ шіркін, барымта қылатын,

мал емес, сырты түк, қара құр…

Ала дүр…

Жағамнан алса да кеуде құр,

зарыма қоспаймын зәуде бір…

Тектілер теңіне қарамай,

бағынып қараға дәу де жүр…

Сәуле құр…

Бәйгеден үмітті тағы бір автордың «Біздің ауыл» өлеңін оқып көрелік:

Тіршілігін өткеріп түздің ауыр,

Түндік бауын жұлмалап күзгі дауыл,

Ұйықтап жатқан таулардың арасында,

Ұйқылы ояу отыр ма біздің ауыл?!

Үрген иті сәл ғана тыншып алып,

Жаңғырығы жартасты шымшып алып,

Жолын бағып үркердің отыр ма екен,

Сырласатын аспанмен сыршыл халық.

Жұпар аңқып тұратын жусан мекен.

Жусаныңа қозы-мұң жусар ме екен.

Сағыныштың жамылып сал шекпенін,

Ауылыма ат басын бұрсам ба екен?!

Жарыс жолында бірқатар жүйрікті шаң қапқызар өлең, біздіңше, «Ұлытау. Петроглифтер…» туындысы:

Не гәп бар тастан ұлы, тастан ірі,

Сол тасқа көмкерілген аспан үні.

Жеті қат жердің сыры, елдің сыры,

Көмескі дәуірлердің дастаны ұлы…

Адамның тас жақыны, тас тамыры,

Тарихтың сонда көшкен таспа жыры.

Таңбалап кеткен бабам тебіреніп

Кешірген ғаламатын бастан ұлы…

Қашаннан тас тәңірі – қас керусіз…

Ал, адам жаралған ба әсте мұңсыз?

… Сол сұрақ сен өлгенде қабіріңде

Қала ма ескерткіш тас боп үнсіз…

Жүлдеден үмітті «Ақша қар», «Мен кіммін», «Мына бояу – сәби күні өлеңнің» секілді туындыларды да оқыған сайын разы көңілмен тебіреніп, өз қуанышыңды оқырманмен бөліскенше асығасың. Сондықтан қатарынан озық тағы бірнеше  жас автордың бір-бір өлеңін, олардың да әуелі «атын білме, сөзін біл» деген тілекпен, ықшамдап ұсынуды жөн көрдік.

«Терезеге үңілген ару»

Үңілдің.

Үңілдің де тағы үнсіз түңілдің

Жаңа ғана жүр едің ғой көңілді

Шын бақытқа теңеп мынау өмірді

Кеудеңізді кернеп тұрған сол шаттық

Терезенің алдына кеп төгілді…

Сен ойландың,

Оймақ қызыл ерінді үнсіз жымырдың,

Сен әлсіз бе? Әлде мынау өмір сонша қыңыр ма?

Алда келер күндерің бе? Әлде өткен өмір ме?

Ойға салып тұрған нәзік денеңізде шымырлап!

«Таңғы элегия»

Ажарына жанарларды іңкәр қып,

Таң мезеті көрсетпейді шын тарлық.

Жер бетіне жарық түскен жарқын сәт,

Қиялыңмен ұшырады сұңқар ғып.

Самал есіп, таңғажайып сыр әлем

Бар ғаламды көркем еткен бір әуен.

Ойға шомып, ұзағынан толғанып,

Бір сиқырлы күй кешемін мына мен.

Аппақ сәуле,

Ақ дидарым,

Ақ арай.

Мен өзіңе қарай берем, қарадай.

Қадіріңді қасиеттей алдым ба,

Әр сәтіңді дұрысырақ бағалай?..

Тамашалап, иісін сезіп жұпардың,

Гүлзардағы жай-күйді ұғар оңай кім.

Будақ-будақ бұлттарменен таласқан

Күннің шашқан шуағына құмармын.

«Шың басындағы жүрек»

Хабары жоқ

Арамдықтан, айладан,

Аңқаулығы көрінетін айнадан,

Мен о баста қол тигізбес жалын ем,

Жанартаудың көкірегінде қайнаған.

Қайнай, қайнай

жанартаудың айналдым мен дертіне.

Бір күндері қастық қылып сертіне,

Көкірегін өртеп жатқан асауды,

Қоя берді еркіне!

Ну орманды шытырлатып,

Маңайымды күл қылдым,

Асаулықты мақтан еттім, жыр қылдым.

Отты өзендей шың басынан ылдилап,

Жетегінде кете бардым бір мұңның!

Өз ғасырым –

Қаймығатын тек Күннен,

Ащы өзегін қызғаныш пен кек бүрген,

Қызуымды құм дауылмен суытып,

Тасқа айналып кеттім мен,

Тауға айналып кеттім мен!

«Жыр тербейді жанымды»

Түн. Ұйқы бермей жыр тербейді жанымды,

Үн. Тыным бермей билеп аққан қанымды.

Безек қағып, кезектегі адамдай,

Бұйырады серік ет деп жазуды.

Кім… Кім ұғынбақ мына менің хәлімді?

Мен отырам есалаңдай күй кешіп,

Жеті түнде мұңлы жырмен тілдесіп.

Ойларымды дөп басады ап-айқын,

О, Құдірет, бұл не деген үндестік?

Қара шашын жайып қойып қара түн,

Мұңлы жырдың аялайды қанатын.

Құлағыма сыбырлайды жырым кеп,

Жол салам деп арманыңа баратын.

Қоғамдық қор өткізген тағылымдық мәні зор байқаулардың қорытындылары шыққанына да біраз уақыт өтіпті. Қазір оларға қатысқан жекелеген әдеби шығармалардың авторлары оқырман қауымға белгілі болуы да мүмкін. Бірақ, өз басым өлең сөзіне сүйсінген, есімдері беймәлім «таныстарымның» әдебиет айдынында көтерген желкенін әзірге көре қойған жоқпын. Сондықтан   хәкім  Абай айтпақшы, аттарын білмесем де бабы келіссе,  өлең өлкесінде қатарларынан оза шауып, төл әдебиетіміздің алтын қоржынына олжа салады-ау деген үмітпен өз пікірімді бөлісуді жөн көрдім.

2. «… Сонда да солардың бар таңдамасы»

немесе «құпия» қолжазбалар хақында

Сонымен сөз басында ескерткеніміздей, енді жұртшылыққа танымал «Мемлекеттік тілді дамыту» қоры ұйымдастырған байқауларға қатысқан жас ақындардың шығармаларына пікір білдіруге түрткі болған және баспаға ұсынылған авторлары беймәлім қолжазбалар туралы айтатын кез келді. Соның бірі – «Тәңірі сипат тіршілік» қолжазбасының тақырыбынан-ақ поэтикалық нәзік сезіммен қатар шамырқанған шабыт сезіледі. Жинақты оқып шыққанда, ондағы жырлардың ақынның жан-жүрегінен қайнап шыққан дүниелер екенімен Сіздің де келісеріңіз анық.

Тегінде, ұйқасын келістірген техникалық сөзжасам мен нағыз өлеңді ажырату қиын емес. Алғашқысын міндетің болған соң оқисың немесе өтініп сұрағаннан кейін ғана көңілжықпастың кебін киесің. Ал, дарынды ақынның шығармасынан өмірдің тыныс-тіршілігін сезгендей боласың: «Тәңірі сипат тіршілікті» қолға ұстағаннан-ақ жүрегіміз тірлік тамырымен бірге соққандай әсерде отырдық. Ақынның  адам мен жалған туралы толғаныстары ет пен терінің арасындағы еліккіш сезім  емес, жүректен туған, тіпті жаратушы аузына салғандай шынайы әрі терең. Оқыған сайын беймәлім автормен  бірге қуанасың. Ол өз еңбегін «Періштенің жанайқайы», «Елім – аяулым», «Кешкі сағым» атты үш бөлімге топтастырып, беташарын» Автопортретімен» бастап, «Автобиография-сымен» түйіндейді.

Аталмыш қолжазбаның кейбір ұйқасқа ұрынып, сол ұйықтан шыға алмай, шыр айналып, бір «басқан ізін» шиырлай беретін қап-қалың емес, шағын көлемі де түсінікті. Жыр дегеніміз, сауылдап құйыла беретін  желідегі су емес, ол, ұлы Абай айтқандай, «сырты күміс, іші алтын сөз жақсысы».  Біздің ақынды «Тәңірі сипат тіршілік» толғандырады: «Адам — пенде — арман», «Аспан — рух — халық», «Алтынжал – Жыр — араша» (жансерік) болып келеді. Ол өзіне қонған дарынына сенімді: «Мен өзімді/ Күл-талқан болып қираған/ Жасыта беріп жалған мың, Жанды өртеп жүріп жинаған/ Арманнан құрап алғанмын… Жалғанның жұтып бар уын/ Тіршілік үшін тазарған, Адасқақ әлем аруы/ Ажалды күттім ажардан. Табынбас тарпаң заманға/ Тірлігім, бәлкім, тек елес… Абай бол арман-адамға, Бұл – менмін әрі… Мен емес…»

Сонымен ақынның, «әлем аруының» (нәзік сезім де соны меңзейді) жырларының басты арқауы да – Адам мен оның өмірі. Шын сезінген жанға аса ауыр да жауапты тақырып, ендеше «Періштенің жанайқайын» тыңдап көрейік: «Нығметтің нұрына малынып, Жеті көк жауһарын жия кеп, Адамзат терісін жамылып/ Күн кешу не деген қиямет! Тұл қалу тағдырын тұғырдан/ Жат жерлік жоқтаусыз жан ұқсын… Тозақтың отына жылынған/ Сор жалған, сен де бір ғаріпсің…» Расында да  мынау фәниге адам болып келген соң, бақиға да адам қалпыңда аттану оңай емес, ал жаратушының осы ғажайып сыйы мен ғаламат сынынан сүрінбей  өтуің одан да қиын. Ақынның жаны шырқырайтыны да содан: «Болмыстан берік бар ма тірегім?! Адами ғұмыр – арда тілегім. …Жандауа жоқпен жол тарттым жырақ, Жұмыр жер болғай жәннатым менің…»

«Әлем аруының» адам мен оның өмір жайлы жырлары «Мен мөлдірлеу болдым ба екен, білмеймін, Ол кездері болушы еді күн ашық… » –  деп, оның өзі мойындайтындай, тап-таза, пәк сезімімен жүрек қылын шертеді. Әсіресе, «Қош бол, аспан!» шығармалар шоғырындағы өлеңдерін алғашқы жолдарымен түстеп көрсетер болсақ «Бозмұнар көшіп барады», «Тамырынан танатын тұс келгенде», «Жер тартып, құл-ғұмыр жетегі», «Күмбір көңіл көк төріне тым асық» және басқа туындылары оның терең ойы мен асқар арманының айғағы десек жарасады.

Оларда «Ақбозат мінген ару» жердегі жалған жайында  » Көтеріп алар кім енді/ Мың жылдық рухтың азабын?!», « Жазмышымда жоқ екен жанға дауаң: Шартарабым қалмады шарламаған… Жан да, тән де құрбандық! Тек рухы азат/ Адам-тағдыр сыйлашы, Алла, маған!», » Күйік толы күйін шертер бөтеннің, Жолсыздықтан жаратылған екен мұң …Жерсіне алмай жеруани тән – жалғанды, Аспан жаққа алаңдаумен өтермін», » Арманда ағып барам қос қимасым – Көк аспан, қара жердің арасында» —  деп ағынан жарылады.

Терең сырлы, суретті өлең жолдарын қолжазбадан көптеп кездестіруге болады. Бұл, әсіресе қаламгердің ана тіліміздегі теңеу сөздерді   терең талғаммен, қарышты қиялмен өрнектеген тұстарында көзге оттай басылады. Айталық, бір сөзді жолдың басында немесе аяғында  бірнеше қайталау (анафора мен эпифора), яғни ойдың екпінін күшейту тәсілдерін ақын сәтімен қолданады. Мәселен, «Қара жерді баса алмай, Қара жоннан аса алмай, Қара суды кеше алмай, Қара жолмен көше алмай, Қара ағашты құша алмай, Қара аспанға ұша алмай, Қаралар пірі қолдамай, Қара бір тірлік оңбады-ай…» (қолжазбаның 16-беті).

Одан әрі оқып көрейік: «Аспан да ала, жер де ала, Ерлер де ала, ел де ала, Жақын да ала, жат та ала, Ақыл да ала, бақ та ала. Ғұмыр да ала, жыр да ала, Сезім де ала, сыр да ала. Аланың болып дегені, Алалық қаптап келеді…»(63-б). Сол сияқты бір дауысты дыбысты сөйлемнің басында қайталап, үндестікті үстемелеу арқылы (ассонанс) айтар ойын күшейтіп, тартымды жеткізеді: «Ер мінез жастан жеке едім, Еншіме бітпес екі өлім/ Ер тағдыр нәсіп екенін/ Еріксіз ұқтым, не етермін, Ей, менің ұлық мекенім! Есіл де есіл жалған-ды, Есілден көңіл қалған-ды. Естанды еткен арманды/ Есіл жыр еске салған-ды. Есілге жасың тамғанда, Есіркер сені жан бар ма?! Есіле көшкен жалғанда/ Естінің бәрі арманда…» (121-б).

Дарын ұшқынының еңбек пен ізденістің нәтижесінде жалынға айналуының мұндай мысалдары, жоғарыда да айттым, қолжазбада баршылық және олар өлеңдер жинағының тілін де, түрін де шырайлы етіп, сыр мен сымбат жарасым табады. Қолжазбаның екінші «Елім — аяулым» мен үшінші «Кешкі сағыныш» бөлімдерінде де ақын поэзия аспанындағы емін-еркін самғауынан айнымайды. Ешкімді қайталамай, өзіндік өлең үлгісін ұсынады: «Сұлулықтың суатына қанған күн/ Ұлылықтың мұратына жалғандым. Боздап өткен бабалардың бағына/ Мен – мыңжылдық үзілмеген арманмын. Көріп өскен көк пен жердің кеңдігін, Теріп өскен ен жалғанның шер-мұңын, Жазмыш сынды жыр дарыған жанына/ Ұлы дала перзентімін, мен, күнім…»

Ұлы дала перзентімін деп, туған еліне табына отырып автор Тәуелсіздік пен тарлан тарихты шендестіре жырға қосады: «Еркіндіктің ерен күйін тербеген/ Ен даласын еншілеген ерке жел, Абызы да, аңызы да өлмеген/ Бұл өңірде әлі де бар ертегі ел…» немесе » Құла түзде қалқа боп көр-кебінге/ Жем болғаны аз ба еді желге, күнге?! Мазар – менің тарихым! Ей, адамдар! Тыныштық бер тарихқа өлгенінде! Ұлылыққа ұласар хәл таңдасаң, Ақыретті қайтер ед сәл қамдасаң?! Мазар –  менің тарихым! Ей, мұсылман, Құдай кешпес тарихты талқандасаң! Зердесізді келсе де зиялы еткің, Жер болмаса, жалғанға сыяр ед кім?! Мазар –  менің тарихым! Қорлар болсаң, Жалған қолы жағаңда қиямет күн!», немесе «Көшпендіміз күн кешпеген күрессіз, Байтағында бір көшсе де батыр-ез/ Біздің халық болған емес жүрексіз, Біздің халық болған емес қатыгез. Ағарғанша азаттықтың ақ таңы/ Бақ жолында кешкен сордың бәрі – игі. Біздің тарих – ғасырлардың мақтаны, Біздің тарих – руханият тарихы…»

Ақын қай тақырыпты жазса да, тіпті Тәуелсіздік тақырыбы болсын, жалаң ұрандап, арзан ұйқас қуудан аулақ. Еліміздің өткенін еске сала отырып, терең тағылым айтады. Үшінші бөлімде, яғни «Кешкі сағымда» ақындық пен өлең  туралы толғаныстары арқылы оқырманын өзіне одан әрі баурай түседі. Бұлай болуы да табиғи нәрсе, себебі, оның өлеңді ақын атану үшін жазып жүрмегені байқалады. Тек жыр шабыты қонған соң, маза таппайды: «Жанығып жырға мұңды да мұңсыз бар әлем, Сырдария тұнып, жыр-дария тассын, дала – кең. Жүректі кеулеп, арнасын салса, амал не, Жазбас ем өлең қолымнан келсе, аға, мен… Усойқы сезім ұстаспай тынса санамен, Көп бақыттының бірі болып-ақ қалар ем. Тілімдеп жанды, тізерлеп жырдың алдында, Жазбас ем өлең қолымнан келсе, аға, мен! Мұң ғана кешіп, жырға да есік жабар ем, Делқұлы дүние дертіме қайдан табар ем?! Тілемей қосты толағай сынды Тәңірім, Жазбас ем өлең қолымнан келсе, аға, мен»

Соған орай қолжазба туралы өз пікірімізді жазғанда «автордың ақындығына қолдау көрсету парыз» — деп түйген екенбіз. Бір ғана «Анаға» өлеңін алып қарайықшы: » Соқпақты кешіп сан тарап, Кесімді жолын кең еткен, Аманат-арман арқалап, Асудан асу бел өткен, Күн туса, қия-құз басып, Жыр туса, жасын сел еткен, Қысталаң шақта қыз басын/ Азамат ермен тең еткен/ Асылың кетті алысқа… Жанымды шыңдап жалында, Жаһангер етсе Жер-ана, Даланың рухын дарынға/ Сіңірген сүтпен сен, ана! Қара орман үшін қашанда – Ұл менен ұлтқа тел ана. Асқардан қызың асарда/ Егіле көрме, ер ана, Жұлдызың сенің  ғарышта!»

Анаға өлең арнамаған ақын жоқ. Алайда олардың есте қаларлығы көп емес. Мына өлеңді де сол санаулының қатарына қоссақ, өзгелердің сағы сына қоймас деп ойлаймын. Қолжазбаны разы да көңілмен жабар алдында ақын замандасқа, аса сезімтал әрі сергек поэзия қарлығашына күйректік секілді сезімдерін сәл де болса шаужайлай отырып, «аспанға асықпауын», «қызғалдағын» шығармашылық  адамына тән «жалғыздықтың солдырмауын» тілеп, «таусыла бермей, жаққан шырағын сөндірмеу» үшін — өлеңдерінің кейбір «қышқылтым» тұстарын қайта қарауды ұсыныппыз.

Авторы көрсетілмеген келесі өлеңдер жинағының қолжазбасын да   «оқырман ойынан шығатын сәтті дүние болса» деген тілектес көңілмен қолға алғанбыз. Кітапты эпиграф ретінде үкілеген хәкім Абайдың «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы…» — деген биік талабы да поэзия шалқарында тербелуден үміттендірген.  Қолжазба автордың «Монологымен» (2-бет) ашылыпты: «Жазбаған соң жастықта жалындаған, Өлең сенде еншім бар алынбаған. Шалқарымен шабыттың суғарамын, Шөлдеріңді ешбір із салынбаған» — деп тебіренеді ол.

Өлең бәйгесіне кештеу қосылса да автордың тілегі таудай және өзіне  сенімі кәміл: «қолдағын, қолдамағын, кездессе де жолдан ағын, қыран боп қомданамын».Алайда,  автор «ағын… ағын» деп ағындата отырып,«қолдағын, қолдамағын, жолдан ағын, қомданамын» деген арзан ұйқастармен шопанның «момын торысын» босқа қамшылап, текке қинайтындай әсер қалдырады. Сол сияқты осы өлеңнің үшінші шумағындағы «ыстықтың, дұрыстықтың, тыныштықтың» деген сөздердегі «екі ыстық пен бір «штықтың» да, немесе төртінші шумақтағы «түлетемін, гүл етемін, жыр етемін» деген «үш етемін» де, Абай тілімен айтқанда, «жасында ескермеудің, қолын кеш сермеудің» салдары ма деуге тура келеді: «қолын дөп сермесе, өстер ме еді?».

Бұдан әрі автор өз сырын түйіндей келе, шығармасының соңғы шумағында  «жарты өмірін дүрмекпеннен» өткізгеніне өкінеді және өлеңге табына тұрып: «құрметтегем, міндеттемем» деп тыңдаушысын тағы да салқын тартқызады. Алайда, бірден үкім шығару білместік болады, шығармашылық адамының бір немесе бірнеше өлеңінің қиюы жараспауы әбден мүмкін ғой. Демек, одан әрі оқимыз, бірақ, жинақта екінші тұрған «Қазақстан – мақтаным» өлеңі де (2,3-б.) мектептегі көркемөнерпаздар үйірмесінде тақпақ оқып тұрғандай әсер қалдырады: «Қазақстан – қасиетті мекенім, Қайтсем сенің қадіріңе жетемін? Өз анасын сүйетін жас сәбидей, Өмір бойы сені сүйіп өтемін!» немесе «Қазақстан – мақтанышым, мақтаным, Арайланып атқан алдан ақ таңым.  Сенің арқаң еңбек етіп алаңсыз, Тыныш ұйықтап ғұмыр кешіп жатқаным», немесе «Қазақстан – атамекен – бесігім, Болашақтың айқара ашқан есігін. Егеменді ел атандың – тәуелсіз/ Бар әлемге таныс болып есімің!».

Несі бар, автордың жоғарыдағы өлеңдері балаларға арналған шығармалар жетімсіздігінің «жыртығын» жамауға жарап қалатындай. Алайда, өлеңге лайық өрнек іздеудің жөні жоқ: үш шумақтағы «мекенім, жетемін, өтемін» немесе «мақтаным, ақ таңым, жатқаным» немесе тағы «бесігім, есігін, есімің» деген ұйқастарға тұшынбақ түгілі ұшынып қалуыңыз мүмкін. Қош делік, «балаларға базарлық» десек, жаңағы тақпақтар кәдеге асатындай. Сол сияқты автордың қолында барынан «базарға шығарар  тәуірін», атап айтқанда, «Біз бақытты  баламыз», «Құлыным», «Бүгін соңғы қоңырау» секілді тақпақтарын балаларға жеке жинақ ретінде ұсынуға болар еді, бірақ бұл өз алдына бөлек әңгіме.

Сонымен автор балаларды нәумез қалдырмаймын дей отырып, өлең өрімін босаңсытып, пышыратып алып, берекесін қашырады. Мәселен, «Құдалар жырын» (4-б) алсақ: «Құда болдық – қыз ұзатып–қыз алып, Қуанышқа бөлендік қол ұзарып. Күйеу-жүз жыл, Құда-мың жыл» демей ме, Ата-Баба салтын неге бұзалық!?» Ақынның «қыз алып, қол ұзарып» қуана  отырып, «неге бұзалық!?» деп мәймөңкелеуі келісіп тұрған жоқ. Көп-көрім басталған үш ауыз өлеңнің қалған екі аузы «арамыз, барамыз, баламыз» немесе «кеңейіп, көрейік, келейік» деп қолжазбаның басындағы жеңіл соқпаққа бұра береді.

Тағы да оқып қараңыз: «Қыл өтпейтін жақындасып арамыз, Бірте — бірте бауыр басып барамыз. Бақ-береке, қуанышқа бөленіп/ Бір–біріне серік болсын баламыз.  Өсе берсін – өрісіміз кеңейіп,  Екі жастың қызығын тең көрейік.  Ұлды-қызды болсын ұрпақ өсіріп, Жаңа отаудың қызығына келейік». Әйтеуір, осы беттегі «Батырлары қазақтың» атты  төрт шумақ өлеңнің «аяқ алысы»  автор шабыт  тұлпарын енді ерттейтін шығар деген үміт ұялатады. Алайда, «Спортшылар жырының» екпіні сол үміт отын өшірердей жалпылдатып жібереді. Аталған өлеңді оқи отырып шығарма авторын жазба ақыннан гөрі айтыс ақынына ұқсатасың.

Мүшайрада суырып салып  айтылған жеңіл-желпі өлең ұйқастарына кешіріммен қарауға болады. Бірақ, мына толып жүрген «денеміз, сенеміз, келеміз» немесе «мергенбіз, көргенбіз, бергенбіз», «күрескен, тірескен , үлестен» немесе «құйындай, бұйымдай, сыйынбай» деген ұйқастарды өлең деуге ауыз бармайды. Ал, қолжазбаның 7-ші бетіндегі «Қасиетіңнен айналайын, ән мен жыр» өлеңіндегі «атасың, батасың, жатасың» деген, яки «атасың, атасың, атасың» деген арзан ұйқастар киелі өлең сөздің қадірін қашырады. Оқып көріңіз: «Қуанғанда таңым болып атасың, Мұңайғанда күнім болып батасың. Құпия бар алтын сандық секілді, Жүрегімнің түкпірінде жатасың». Осы өлеңнің «бақасың, татасың, жатасың», «батасын, атасын, сақасын» немесе «өнердің, көнердім, көгердім, өнердің», «көнермін, көрермін, шегермін» деп, немесе «жетермін, кетермін, өтермін» деп, автордың өзі айтпақшы, «әсем әнді бақаға бақылдатқандай» нашар әсер қалдырады.

Келесі «Тәуелсіздік – мақтаным» деген өлең де жаңағыдай ұраншыл ұйқастармен «табысым, намысым», «арманым, қармағым, бармағын» немесе «барымсың, арымсың, таңымсың» деп,  тағы да өзі айтатындай, «бармағыңды шайната» жаздайды. Ал, мына бір өлеңді — «Сырқаттың сандырағын» жұртқа тыңдатып, құлағын шулату мүлде әбес. «О, Құдайым! Осы менің жайым!..- деп жаңағы сырқат шағынатындай,  менің де «осы бір қолжазба маған қайдан жолықты» деп, жүрегім шаншиды. Бірақ, тапсырманың аты – тапсырма. Әуелгі үмітімнің ақталмағанына өкіне отырып та  сараптаманы оқыған жанға күмән қалдырмауым керек: автордың «Әкеме хат» өлеңін оқып көрелік. Мынау өмірде, қанша жалған десек те, ата-ананың орны ерекше екені түсінікті. Өлең «Мына-ау қызық жалғанның көркі кетіп, Ұлыңды – шал, қызыңды – кемпір етіп. Жалғыз үй айдалада отырып ап, Біздерді қойғаның ба тентіретіп» — деген түсініксіздеу шағыммен басталады.

Рас, әкеміздің ауылда жападан-жалғыз қалғаны жанға батады. Алайда, өлеңнен ақсақалдың балаларының қалада үйсіз-күйсіз жүргеніне, ал оларға септесуге әкелерінің  жағдайы жоқ екеніне қанығамыз. Ендеше ақын баласы қанша ренжіп, тіпті әкесіне «қарабасып» деп тіл тигізсе де, шалдың жалғыз қалғаннан басқа не шарасы бар?! Ол аздай ақын баласы «үйім болмай, күйім болмай, қиын болмай» деп қара аспанды төндіреді. Одан әрі «емес, елес, емес» немесе «алмаймын, алмаймын, алмаймын» деп шырқырайды. Өзіңіз оқып көріңіз: «Табысым жалғыз менің жетер емес, Арманым алдырмастай етер елес. Болжаған болашағын жаман балаң, Өлгенше Алматыдан кетер емес. Үйіңе жаяу жүріп жете алмаймын, Күн жауса саз-балшықтан өте алмаймын. Болған соң, туған әке, туған шеше,  Қол сілтеп безіп мүлде кете алмаймын». Сөйтіп автордың жыр бұлбұлын, өзі өкінетіндей, «ұшыра алмай, түсіре алмай, түсіне алмай» қалған жайы бар.

Асылы, өлең деген, хәкім Абайдың талабы тұрғысынан қарасақ, оны оқыған адам самал желпіп өткендей сергіп, топ бастардай серкеленіп,  бұлақтың сыбдыры мен қамыстың сыбырына еліткендей әсерге бөленсе керек. Небір теңеу сөздер (эпитет, метафора, метонимия және басқасы)  күйбең тірліктен езіліп, жаншылғанның еңсесін тіктеп,  жарыққа жетелесе абзал. Демек, той —  мереке дегеніміз, сондай шуақты да шырайлы сәттердің бірі. Ақынның «Құтты болсын қыздардың мерекесі» (11-б) деген ақ тілегіне қосылып көрелік: «мұз-қардың, ызғардың, қыздардың» немесе «апанның, атанның, апаңның» деген солақай ұйқастар тағы да алдымыздан кес-кестейді. Бәлкім, ақынның жорғасын, оның «Мерейтой жыры» түзер ме екен? Оқып көрелік: «Сұңқарларым көкке қанат сермеген, Тұлпарларым қолдан бәйгі бермеген. Сананы езген сағынышты басайық, Сырды ақтарып көкіректі кернеген», «Өтті күндер жүрек қылын тербеген, Өкініш көп жанға маза бермеген!.. Туған күнді тойлағанмен жыл сайын, Талай боздақ мерейтойын көрмеген» немесе «Бұрын-соңды әулетінде өтпеген, Достарының басын қосып көптеген, Бір той жасау әр адамның арманы, Өмір бойы көкейінен кетпеген».

Өлең өлкесінен кен іздеген бізді қаптаған «ген» тікен қадалғандай тітіркентеді: «сермеген, бермеген, кернеген», «тербеген, бермеген, көрмеген» немесе «өтпеген, көптеген, кетпеген», яки ептеген, септеген ұйқастарды өлең дегені ме? Бұл аз десеңіз, келесі шумақта автор оқырманын «жете бермес жетесіздің жетесі», яки «жете, жете, жете» деп жетелей жөнелмек болады. Ондай зорлыққа әзірге мен ғана көніп отырмын, ендеше бұған автордың өзі айтпақшы «Кім кінәлі, маңдайымыз тар болса,.. басың баққа зар болса!?». Пәлі, одан әрі «көрсетерің бар болса!?» дейді тағы да, көрешегіміз алда болғаны да? Міне, «аспаныңа, қаспағына, қаспаныңа» деп құйқылжытқан «Ауылды аңсау» атты өлеңінде ақын елдегі жиырма үш жақын-жуығына жырдан сәлем жолдайды. Жалпы, қолжазбада жеке адамдарға мадақ айту түріндегі арнау өлеңдерге де біршама орын берілген.  Мәселен, «Сағындым достарымды» өлеңінде бағанағы жиырма үш адам өз алдына автор тағы қырық төрт досының құлағын шулатады.

Қолжазбаны осылайша рет-ретімен, беттерін санамалай оқып келеміз, бұл да үміткердің «аяғына жем түскен аттарына» ғана құрық салғандай болмайық дегеніміз. Бірақ, үйірінен қара үзіп кететін «жүйрігі» тым аз. Тіпті, әуелгі екпінмен алға шыға шапса да, екі-үш төбеден аса алмай, барлығып қалатын «ақмылтық жануарлар». Жинақтың «Қасиетті мекенім» атты екінші бөлімі, өзінің аты айтып тұрғандай, автордың туған жеріне арналған өлеңдерден құралған. Олар «Туған жер – алтын бесік», «Шелегім», «Сайраным, менің Сайраным» өлеңдері перзенттік сезімді төгілтуге тырысады. Бірақ, олардың да сапасы ала-құла және қолжазбаның бас жағындағы өлеңдерінің жолын құшып, арқандаулы аттай, жеңіл ұйқастан ұзай алмайды. Мәселен, тағы да  сол «шақтарым, алшақтадың, самсап бәрің, аңсап бәрін» деп кете барады, әйтеуір аңсайды екен «бәрің, бәрін» дей бермей, «жасың, кәрің» дегені тәуір еді. Немесе екінші шумақтағы «бесігінде, есігінде, есіміңде, осы күнде» деген ұйқастарда не мән бар?

Ал, «Шелегім» туындысындағы мына бір шумақтардың «Шелегім, желегің, келемін», «Шелегім, керегім, кем едің»  немесе «Шелегім, ел едің, бел едің», «Шелегім, сен едің, деп едім» ұйқастары кімді тұшынта алмақ? «Сайраным, менің сайраным» өлеңінде автор «жазығы, азығы, қазығы», «аспанда, басқанда, шашқанда» немесе «гүрілдеп, уілдеп, дірілдеп», «сабада, табада, бала да», «сағада, жағада, аға да» боп барды-жоқты «ада, ада, ада» деп, адақтап кетеді. Жалпы, бұдан әрі кездесетін «Ерейментау», «Балалық шаққа саяхат» шығармалары да орташа ғана арнау өлеңдер. Қазір «тойдың әншілері, тойдың әндері деген» түсінік бар. Бұл жаңағыдай өнер иелеріне көрермен мен тыңдарманның берген бағасы, яки одан жоғары қошеметті қимағаны. Біз де мына қолжазбаның авторын той мен мерейтой иелеріне арнау өлеңдер шығаратын «тойтөрі» десек, артық айтқандық емес. Әрине, «Даусыңды естіп»  (32-б), «Түсімде» (33-б), «Сағыныш сазы» (34-б), «Сен менің жаным да сен» (37-б) секілді өлеңдері назар аудартады. Соған қарап  бұрын баспа бетін көрген «жинағы да жоқ екен», жолы болсыншы деп тілейсің.

Алайда, автордың «Жинағым жоқ» және басқа шығармалары оның туындыларының дәреже-деңгейін ашып береді. Өзіңіз оқып қараңыз: «Келгенімен қолтаңбамды сыйлағым, Жоқ боп тұр-ау жеке шыққан жинағым. Жасайық деп жастарменен кездесу, Тілепалды қинадың-ау, қинадың. Өлең-жырдың болса биік шоқтығы, Тұтап-ақ тұр шабытымның оттығы. Өлең де бар, ән мен күй бар қоржында, Қол байлап тұр, қаражаттың жоқтығы». Мұны аз десеңіз, осы өлең  «созғанмен, озғанмен, қозғанмен» боп түйінделеді. Сол сияқты жинақтың ішінара «Лирика» бөліміндегі өлеңдер (оның тәуірлерін жоғарыда айттық) болмаса, басқа: «Кесірі кейбір кезеңнің», «Замандастар», «Қазыналы қарттарым», «Бірқақбайлар», «Дос тілегі» бөлімдеріндегі өлеңдердің дені мерейтойлық арнау мен тілек сөздерден құралған және көркем әдебиетке қойылар талаптан төмен жатыр: суретті сөз де, терең ой да тапшы.

Дегенмен, қолжазбаны жаппас бұрын «Көнекөз қарттар-ай», «Босын деп ашық аспаным» өлеңдерін бірге отырып, тағы оқып көрелік. «Көнекөз қарттар-ай»: «Қайран менің көнекөз қарттарым-ай, Құрметпен еске түсер аттарың-ай! Төңкеріс, ашаршылық, қуғын-сүргін, Соғыспен өтті-ау жастық шақтарың-ай». Тағы да сол «тарым-ай, тарың-ай, тарың-ай», бұған өз тарапымыздан  «таусылса не дейсің айтарың-ай» деп қосудан басқа амалымыз жоқ. Келесі «Болсын деп ашық аспаным» өлеңі де тағы да сол толып тұрған «тарым, тарым, тарың». Өзі үш шумақ қана, қараңыз: «Қадірлі менің қарттарым, Мәуелі жеміс бақтарым. Таңбадай тасқа жазылған, Ерлікке толы аттарың. Құрметті менің қарттарым, Тарих жастық шақтарың. Күреспен өткен өмірі/ Болсын деп ашық аспаным. Аяулы менің қарттарым, Өздерің мәңгі, мақтаным. Көздеріндей көненің, Сиремесін саптарың!».

Қолжазба туралы өз пікірімізді жаза бастағаннан-ақ қаламгер болған соң, қалам ұстағанның бәріне тілекшіміз дей отырып та,  «жауырды жаба тоқудың» қолымыздан келмейтінін бірден айтқан жөн. Өйткені, жасық өлең бәйгеде алға шықса, озықтың бағы байланбақ! Оның үстіне, тіпті, қазіргідей қысталаң шақта бұл қаржы шашу емес пе? Бәрінен бұрын оқырман күткен кітаптар шетқақпай көреді. Ал, елімізде дарынды жастар қаншама, олардың жазған өлеңдерін оқыған саналы жан өзінің шикілі-пысылы дүниелерін баспаға қалайша ұсынбақ?! Автордың өзі айтпаса, біз мұны түсінбедік.

Болат Жүнісбеков,

Халықаралық «Алаш» әдеби

сыйлығының лауреаты, жазушы

Мемлекеттік тілді жетік меңгерген азаматтарға зор құрметпен қараймын — Президент
«Мен қазақ тілін жетік меңгерген азаматтарымызға зор құрметпен қараймын. Бұл азаматтарды жан-жақты, түрлі тәсілдермен қолдау керек деп ойлаймын. Бүгін Алексей Лодочников айтқандай, ондай азаматтар Қазақстанда мыңдап кездеседі», — деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқы ассамбелясының ХХХІ сессиясында.

Сондай-ақ, Президент мемлекеттік тіл мен орыс тілінің қоғамдағы орны Конституцияда айқын көрсетілгені, бүкіл қоғам соған қарап бой түзеуі керектігін атап өтті.

«Тілге қатысты ешқандай кемсіту болмауы керектігін баса айтамын. Конституция бұл сұраққа айқын жауап береді. Біздің елдің мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Бірақ біздің Ата заңымызда орыс тілі де керекті орнын алып тұр. Сондықтан осыны негізге ұстайық», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, ассамблеяның ХХХІ сессиясында Ұлттық құрылтайдың құрамына кімдер кіретінін айтты.

Сілтеме:  https://www.kazinform.kz/kz/memlekettik-tildi-zhetik-mengergen-azamattarga-zor-kurmetpen-karaymyn-prezident_a3928334