- Негізгі бет
- Жаңалықтар (Страница 5)
Жаңалықтар
-
«Абай әлемі» ғылыми байқауына өтінім қабылдау мерзімі 1 айға ұзартылды
22 Маусым 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры студенттер мен магистранттар арасындағы «Абай әлемі» ғылыми байқауына өтінім қабылдау мерзімін ұзартты. Өтініштер ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін abai_fond@mail.ru электронды поштасы арқылы қабылданады. Жеңімпаздар 2021 жылдың тамыз-қыркүйек айында белгілі болады. Еске сала кетейік, байқауға магистранттар мен студенттердің қазақ тіліндегі бұрын жарияланбаған, түпнұсқадағы ғылыми мақалалары қабылданады. Толық ақпарат https://abaialemi.kz/, https://www.qazaq-found.kz/, http://fpp.kz/ сайттарында.
-
«Кім білгіш?»: жоғары сынып оқушылары арасында онлайн турнир басталады
1 Маусым 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры «Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық ойыны бойынша 9, 10 және 11 сынып оқушылары арасында жыл сайынғы халықаралық онлайн турнирге қатысуға шақырады. Оқушы бұл ойынға қатысудан не алады: зияткерлік және танымдық қабілеттерін дамыту, есте сақтау, елестету қабілеттерін, сонымен қатар шығармашылық белсенділіктерін арттыру, елдің мәдениетімен, тарихымен танысу және бағалы сыйлықтар. «Кім […]
-
Латын әліпбиінің жаңа нұсқасын талқылауға ұсынды
22 Сәуір 2021
Тіл саясаты комитеті «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасын дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz Құжатта қазақ әліпбиінің кириллицадан латын графикасына ауыстырудың алдыңғы нұсқасына өзгерістер енгізілген. Жарлық жобасы «Ашық НҚА» сайтына 6 мамырға дейін қоғамдық талқылау үшін орналастырылды. Сілтеме: https://egemen.kz/article/272475-latyn-alipbiininh-dganha-nusqasyn-talqylaugha-usyndy
-
ДӘСТҮРЛІ «АЛТЫН ТОБЫЛҒЫ» БАЙҚАУЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
13 Сәуір 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры еліміздегі ең үздік жас ақындар мен жазушыларды анықтайтын дәстүрлі «Алтын тобылғы» әдеби байқауын жетінші рет ұйымдастырып отыр. Байқаудың басты мақсаты — қазіргі заманғы қазақстандық көркем әдебиетті дамыту, жас қаламгерлерді қолдау және олардың шығармашылығын насихаттау. Жүлде төмендегі номинациялар бойынша тағайындалады, әр номинация жеңімпазына «Алтын Тобылғы» әдеби сыйлығының лауреаты атағы және қаржылай сыйлық табыс […]
-
«Абай әлемі» ғылыми байқауы жарияланды
17 Наурыз 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры студенттер мен магистранттар арасында «Абай әлемі» ғылыми байқауын екінші рет ұйымдастырып отыр. Байқаудың мақсаты — Абай мұрасын кеңінен насихаттау, дарынды жас ғалымдарды анықтау. Абайды заман талабына сай жаңа қырынан танытуға, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуына ықпал ету. Байқауға магистранттар мен студенттердің тек қазақ тіліндегі бұрын жарияланбаған, түпнұсқадағы […]
-
А. Мамин Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді
29 Қаңтар 2021
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді. Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін жетілдіру бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжанова, қазақ тілі әріптерінің пернетақтада орналасу тәртібінің жобасы туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш […]
-
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ ҚОРЫ 2020 ЖЫЛҒЫ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ЖАРИЯЛАДЫ
30 Желтоқсан 2020
Мемлекеттік тілді дамыту қорының 2020 жылдың сынақтарына қарамастан өткізген іс-шаралары мен жобалары өз жемісін беріп жатыр. Жылдың басынан «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп, қазақ тілін меңгеруге деген қызығушылығы бар өзге ұлт өкілдері оқушыларының арасында, «Тіл — мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты ХІV республикалық қашықтық олимпиадасын өткізді. Олимпиаданың қашықтық кезеңіне Республика бойынша 2470 оқушы қатысты, ең жоғары […]
-
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «Алтын тобылғы» әдеби байқауын қорытындылады
4 Желтоқсан 2020
Әсерлі және тартымды оқиғалар, жан тебірентер сезімтал, жалынды өлеңдер — «Алтын тобылғы» әдеби байқауына қатысқан жас ақындар мен жазушылардың шығармаларының денін осылай сипаттауға болады. Байқауды Нұрсұлтан Назарбаев Қоры алтыншы рет ұйымдастырды. Жыл сайын жоба шығармашыл жастардың назарын аударып, қаламдарының ұшталуына шабыт беріп келеді. Биылғы жылы пандемия өз түзетулерін енгізді, сондықтан байқау жеңімпаздарын жариялау онлайн режимінде […]
-
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған радиовикторина
4 Желтоқсан 2020
Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған радиовикторина ұйымдастырылып жатыр. Викторинаның мақсаты тәуелсіз еліміздің тарихына деген қызығушылықты арттыру мен радиотыңдармандарды басты жетістіктермен хабардандыру. Сыйлықтар ойнатылатын сұрақ-жауап «Астана радио» мен «Qazaq radiosy» толқындарында осы жылдың желтоқсан айының 7 мен 11 аралығында өтеді. Қазақтілді тыңдармандар үшін сыйлықтар «Қайырлы таң, Қазақ елі» бағдарламасында жұмыс күндері сағат […]
-
Qazaqsha juma
27 Қараша 2020
Қазақ тілін тегін үйрететін Soyle.kz жобасы апталық челленджге қатысуға шақырады! Ол үшін не істеу керек? «Qazaqsha Juma» маскасымен қазақша видео түсіріңіз, достарыңызды және Instagram-дағы @soyle.kz парақшасын белгілеңіз. Осылайша, сіздің көмегіңізбен Soyle.kz жобасы және оның қазақ тілін үйренуге арналған пайдалы қызметтері туралы көп адам білетін болады! Достар! Келіңіздер, қазақ тілін күнделікті қарым-қатынас пен нағыз достық тіліне […]