- Негізгі бет
- Жаңалықтар (Страница 26)
Жаңалықтар
-
5 қазанда ҚИДИ акционерлік қоғамында мемлекеттік тілді дамытудың өзекті проблемалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
6 Қазан 2011
2011 жылғы 5 қазанда «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ-ның (бұдан әрі — «ҚИДИ» АҚ-ы) офисінде «Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамында мемлекеттік тілді дамытудың өзекті проблемалары» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.
-
Көкшетауда «Халықаралық қазақ тілі қоғамының» V-құрылтайы өтті
22 Қыркүйек 2011
Ол ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Қазақстан Халқы тілдерінің 13-республикалық фестивалі аясында ұйымдастырылды.
-
«Қазақша сөйлесейік!» акциясы
21 Қыркүйек 2011
Астанада «Мемлекеттік тілді дамыту» қоры мен «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты жыл сайын бірлесіп өткізетін «Қазақша сөйлесейік!» акциясының басталуы туралы жариялады
-
Қазақ тілін өз бетімен үйренемін деушілер үшін орысша-қазақша көпсалалық тілашар басып шығарылды
16 Қыркүйек 2011
Астанада орысша-қазақша көпсалалық тілашардың тұсауы кесілді. ҚР Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің төрағасы Шерубай Құрманбайұлы атап көрсеткендей, мемлекеттік тілді өз бетінше үйренуге арналған тілашарлар Қазақстандық азаматтар ең көп қызмет ететін және күнделікті өмірде жиі кездесетін 10 саланы қамтиды. Олар — «Дастарқан», «Денсаулық», «Саяхат», «Кәсіп», «Сауда», «Спорт», «Қызмет», «Шаңырақ», «Мәдениет», «Білім».
-
Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының аға кеңесшісі Александр Винниковпен кездесті
14 Қыркүйек 2011
Бүгін Астанада «Мемлекеттік тілді дамыту» қорының директоры Азат Шәуеев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының аға кеңесшісі Александр Винниковпен кездесті.
-
Алматыда «balbulaq.kz», «economika-qun.kz» және «kazmunai.kz» атты мемлекеттік тілде шығатын үш web-сайттың ашылу рәсімі өтті
7 Қыркүйек 2011
Алматыда «Мемлекеттік тілді дамыту» қоры «ҚазМұнайГаз» ҰК» Акционерлік қоғамының қолдауымен әзірленген балаларға арналған balbulaq.kz танымдық порталының, экономикалық тақырыптағы «economika-qun.kz» және мұнай, газ тақырыбына арналған kazmunai.kz деп аталатын үш интернет-сайттың ашылу рәсімін өткізді.
-
Алматыда жас журналистердің IV Қаламгер-азамат республикалық форумы өтті
16 Тамыз 2011
2011 жылдың 16 тамызында Алматы қаласында «Заңғар» шығармашылық бірлестігі, «Қаламгер — Азамат» Жас тілшілер» Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Жастарды қолдау және оларға қамқорлық жасау» саясаты аясында, Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай, «Ел еңсесі — Егемендік» атты IV Республикалық «Қаламгер — Азамат» жас тілшілер форумы өтті. Форумның өтуіне қолдау көрсеткендер: ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі мен […]
-
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
14 Шілде 2011
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі — Бағдарлама) […]
-
Астанада «ЕЛБАСЫ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ» атты жаңа жинақ жұртшылық назарына ұсынылды
29 Маусым 2011
Астанада «Мемлекеттік тілді дамыту» қоры Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамымен бірлесіп Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арнаған жаңа жобаларының бірі – «Елбасы және мемлекеттік тіл» атты жинағын жұртшылық назарына ұсынды. Жинақтың шығуына «ҚазМұнайГаз» ҰК» Акционерлік қоғамы қолдау көрсетті.
-
«Мемлекеттік тілді дамыту» қоры журналистік сыйлығының жаңа жүлдегерлерінің есімдері жарияланды
22 Маусым 2011
Бүгін «Мемлекеттік тілді дамыту» қоры жыл сайын берілетін «Қазақ тілін насихаттауға қосқан үлесі үшін» журналистік сыйлығының жаңа жүлдегерлерінің есімдерін жария етті. Биылғы сыйлыққа республикалық БАҚ-тың үш өкілі: Ғабит Мүсіреп («Нұр Астана» газетінің Бас редакторы), Максим Рожин («7 телеарнаның» журналисі), Әлия Кенжебаева («Астана» телеарнасының журналисі) ие болды.