- Негізгі бет
- Жаңалықтар (Страница 24)
Жаңалықтар
-
«Періште тілек» бала Жамбылдың тұңғыш жинағы
13 Қыркүйек 2012
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қорында еліміздің тоғыз жастағы ең жас ақыны Жамбыл Дүйсенұлының «Періште тілек» атты тұңғыш өлеңдер жинағының тұсауы кесілді. Шын мәнінде, жаңа туған күндей жарқырап шыққан жас ақын Жамбылды бүкіл тілеулес елі-жұртына, байтақ Қазақстанға жар сала таныстырып, зор сүйінішпен аталық ақ батасын беріп алғаш тұсауын кескен Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі болатын. […]
-
Үздік «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі-2012 атты сырттай байқауының марапаттау рәсімі өтті
27 Тамыз 2012
2012 жылдың 27 тамызында Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен ағымдағы тамыз конференциясының аясында «Үздік «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі-2012» атты сырттай байқауының марапаттау рәсімін өткізді.
-
Ақиқатқа айналған арман қала
6 Шілде 2012
Осыдан ширек ғасыр бұрын «Арқа жақтағы Целиноград атты қаланың орнына Қазақ елінің астанасы орналасады, мұнда төбесі көк тіреген зәулім ғимараттар салынады, ол қала әлемдік қауымдастықтың назарын өзіне аударып, азуын айға білеген көсемдер мен шешендердің басын қосқан шаралар өтетін орталыққа айналады» десе, ешкім сенбес еді. Бос арманға балап, мазақ етер ме еді, кім білсін?!
-
Халықаралық балаларды қорғау күні
4 Маусым 2012
2012 жылдың 4 маусым күні Ақмол ауылының Мәдениет сарайында Целиноград аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен «Жүрегіммен көріп, жаныммен сезінемін» атты Халықаралық Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шара өткізді. Шара Ақмол ауылының мүгедек балаларына арнап ұйымдастырылды.
-
Қазақстан тарихы пәнінен «Тарих ата» Республикалық қашықтық Олимпиадаcының қорытындысы шығарылды
22 Мамыр 2012
2012 жылдың 17-19 мамыр күндері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен 5-10 сынып оқушылар арасында «Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиадасының қорытындысын шығарды. Олимпиаданың қорытынды кезеңі Бурабай өлкесінің «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында ұйымдастырылды (Ақмола облысы, Щучье қаласы). Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың туған елінің тарихын танып білуге қызығушылықтарын […]
-
Астанада жаппай саяси қуғын-сүргіннің 75 — жылдығына арналған үздік зерттеу жұмыстары байқауының қорытындысы шығарылды
18 Мамыр 2012
2012 жылдың 16 мамырында саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен үздік зерттеу жұмыстарына арналған байқаудың қорытындысын шығарды. Жаппай саяси қуғын-сүргіннің 75 жылдығына арналған бұл конкурс «Сіз бұрынғы КСРО халықтарының қуғын-сүргіні мен жер аударылуы туралы не білесіз?», «Сіздің отбасыңызға қуғын-сүргіннің әсері болды ма?», «Бұл қасірет енді ешқашан қайталанбасын» атты […]
-
Қазақстан тарихы пәнінен «Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиадаcы туралы баспасөз-хабарламасы
16 Мамыр 2012
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен 2012 жылдың 17-19 мамыр күндері 5-10 сынып оқушылар арасында «Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиадасының қорытынды кезеңін (бұдан әрі — Олимпиада) «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы базасында өткізеді (Ақмола облысы, Щучье қаласы). Олимпиаданың мақсаты –
-
«Менің тілім әдемі!» жобасы іске қосылды
15 Мамыр 2012
14 мамыр 2012 ж., Алматы қ. «КаР-Тел» ЖШС-ы (Beeline сауда белгісі) қазақ тілін қолдауға бағытталған «Менің тілім әдемі!» атты әлеуметтік жобаны іске қосты. Жобаны іске қосу үшін tilim-elim.kz сайты жасалды.
-
Қазақ халқы мен мемлекеттік тіл дамып келе жатқан қазақстандық азаматтық қоғамның біріктіруші ядросы ретінде көрінуде — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев
28 Сәуір 2012
Қазақ халқы мен мемлекеттік тіл дамып келе жатқан қазақстандық азаматтық қоғамның біріктіруші ядросы ретінде көрінуде. Бұл үдеріс объективті жүріп жатыр. Мемлекеттік БАҚ-тардың 70 пайызы қазақ тілінде шығады. Қазақ тілінде білім беретін мектептерде оқитындардың саны 63 пайызды құрайды. Біз 2020 жылға қарай барлық қазақстандықтардың 95 пайызы мемлекеттік тілді меңгеруі тиіс деген міндет қойып отырмыз. Мемлекеттік тілді […]
-
Семей қаласында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері мемлекеттік тілді дамыту мамандарының 2011-2012 оқу жылының қорытындысы бойынша әдістемелік жиыны өтті
26 Сәуір 2012
2012 жылғы 18-20 сәуір аралығында Семей қаласында Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері мемлекеттік тілді дамыту мамандарының 2011-2012 оқу жылының қорытындысы бойынша ұйымдастырылған әдістемелік жиыны өтті. Әдістемелік жиынның мақсаты: