- Негізгі бет
- Жаңалықтар (Страница 23)
Жаңалықтар
-
Ұлтты топтастыратын басты фактор қазақ тілі — Мемлекет басшысы
25 Сәуір 2013
АСТАНА. 24 сәуір. ҚазАқпарат — Ұлтты топтастыратын басты фактор қазақ тілі. Бұл туралы бүгін елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан «Қазақстан — 2050» стратегиясы: бір халық — бір ел — бір тағдыр» атты күнтәртібіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық 20-шы сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты. Елбасының атап өтуінше,тәуелсіздік жылдары ішінде елімізде бірде-бір этнос өз тілін […]
-
Мемлекет басшысы Үкімет назарын «Назарбаев Университеті» әзірлеген мемлекеттік тілді оқыту әдістемесіне аударды
18 Сәуір 2013
АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат — «Назарбаев Университеті» әзірлеген мемлекеттік тілді оқыту әдістемесін білім ордасынан тысқары да кеңінен енгізу қажет. Бұл туралы бүгін Ақордада өткен «Назарбаев Университеті», «Назарбаев зияткерлік мектептері» және «Назарбаев қоры» жоғары қамқоршылық кеңесінің екінші отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
-
Латын әрпіне көшу – қазақ тілін дамыту мен жаңғыртудағы ішкі қажеттілік – Н.Назарбаев
10 Қаңтар 2013
Латын әрпіне көшу – қазақ тілін дамыту мен жаңғыртудағы ішкі қажеттілік. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Алматыдағы резиденциясында әдебиет және өнер қайраткерлеріне президенттік және мемлекеттік стипендияларды тапсыру рәсімінде мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Өзге ұлт өкілдерінің арасында қазақ тілінен олимпиада өтті
10 Қаңтар 2013
Астанада 5-10 сыныпта оқитын өзге ұлт өкілдерінің арасында «Тіл — тәуелсіздіктің символы» атты VI республикалық қашықтықтан өтетін олимпиада аяқталды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
-
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан. 2012 жылғы 14 желтоқсан.
19 Желтоқсан 2012
Қазақ тілі және тілдердің үштұғырлылығы. Жауапкершілікті тіл саясаты қазақ ұлтын біріктіруші басты факторлардың бірі болып табылады. (1) Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл – өзін қадірлейтін […]
-
Астана қаласындағы мектеп-интернаттың тәрбиеленушілеріне Мемлекеттік тілді дамыту қоры кітаптар сыйға тартты
29 Қараша 2012
2012 жылдың 29 қарашасы күні Мемлекеттік тілді дамыту қоры Арнайы түзету мектеп-интернатының оқушыларына мемлекеттік тілдегі 100 кітап пен дискілер сыйға тартты. Бұл әлем ертегілері, оқушыларға арналған энциклопедиялар, танымдық балалар әдебиеті және аудиодискідегі қазақ ертегілері. Бұл шараның мақсаты балалардың арасында мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығын арттыру, оларды қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, көп ұлтты Отанымызға деген мақтанышын арттыру, […]
-
Қазақ тілін оқуға қызығушылық артуда
19 Қазан 2012
Омбыда қазақ тілін үйренуге ынта-жігер танытып жатқандар көбейіп келеді, дені жастар. Кейбірі тілді меңгеріп, Қазақстанға көшпек екен. Азамат Хайдаркин — өрт сөндіруші. Жүрегі қазақ деп соққанымен, ана тілінде сөйлей алмайды. Қазір тілді үйренуге талпынып жүр. Ол қарқынды оқу технологиясымен білім беретін Шығыс және еуропалық тілдерді оқыту орталығына барады. «Мұнда Азамат сияқты қазақ тілін меңгеремін деп […]
-
Астанада «Мемлекеттік тіл – мәртебеміз!» атты республикалық байқау өткізілді
6 Қазан 2012
Астанада Мемлекеттік тілді дамыту Қорының қолдауымен «Ұлттық прогресс үшін» жас мамандар кеңесі» Қоғамдық қоры Қазақстан-Ресей университеті базасында мемлекеттік тілді білу деңгейі бойынша өзге ұлт балалары мен жастары арасында «Мемлекеттік тіл – мәртебеміз!» атты республикалық байқау өткізді. Байқауға еліміздің барлық өңірлерінен оқу орындарының оқушылары мен студенттері қатысты.
-
Астана қаласының кәсіптік білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Қазақшаңыз қалай?» қалалық байқауы өтті
27 Қыркүйек 2012
2012 жылдың 26 қыркүйегі күні Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесіне орай Астана қаласының кәсіптік білім беру колледждерінің өзге ұлт оқушылары арасында Қордың қолдауымен «Қазақшаңыз қалай?» атты қалалық байқауы өтті. Байқаудың мақсаты — мемлекеттік тілге, қазақ мәдениетіне деген өзге ұлт өкілдерінің ықыласын арттыру, оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын молайту, өз ойын көркемдеп жеткізу дағдысын қалыптастыру, Отанына, туған […]
-
«Нұр Отан» партиясы жариялаған жыл сайынғы «Тілге құрмет – елге құрмет» байқауының жеңімпаздарына сыйақылар табыс етілді
19 Қыркүйек 2012
Партияның орталық аппаратында үстіміздегі жылдың шілде айында бес номинация бойынша жарияланған «Тілге құрмет — елге құрмет» байқауының жеңімпаздарын марапаттау іс-шарасы өтті. Қазақстан халқының тілдері күні қарсаңында төрт жыл бойы өткізіліп келе жатқан байқау партияның дәстүрлі іс-шарасына айналды.