- Негізгі бет
- Жаңалықтар (Страница 16)
Жаңалықтар
-
Қазақ тілін үйренуге байланысты оқыту курсы өткізілді
29 Сәуір 2016
Бүгін «КазМедТех» АҚ қазақ тілін үйренуге байланысты оқыту курсы өткізілді. Мемлекеттік тілді дамыту, енгізу және тұжырымдау бойынша маманы Киркимбаева Әлия Шмидтқызы қызметкерлерге www.soyle.kz cайтының мүмкіндіктерін түсіндіріп берді.
-
«Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» X республикалық қашықтық олимпиадасы өтті
28 Наурыз 2016
Ақыл-ой және рухани дамудың, қарым-қатынастың құралы ретінде қазақ тілін меңгеруге деген қызығушылық танытқан, лингвистикалық қатынаста дарынды оқушыларды қолдау және анықтау мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен өзге ұлттың 5-10 сынып оқушылары арасында қазақ тілінен «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» X республикалық қашықтық олимпиадасын үстіміздегі жылдың 25-26 наурыз аралығында Астана қаласында өткізді.
-
Наурыз — табиғаттың қайта түлеп, жаңаратын шағы
18 Наурыз 2016
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында Мемлекеттік тілді дамыту қоры Еуразиялық Ұлттық университеті студенттерінің арасында жыл сайынғы акциясын өткізді. Бұл шара студенттерді қазақ тіліне үйренуге баулу, қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпымен таныстыру мақсатында өтіп, Қор университетке қазақ тіліндегі 1000-нан астам кітаптар сыйға тартты.
-
Алғыс айту күніне орай оқушыларға қайырымдылық көрсетілді
29 Ақпан 2016
Алғыс айту күні қарсаңында Мемлекеттік тілді дамыту қоры Астана қаласының № 48 мектеп-лицейінде акция өткізіп, мектеп кітапханасына 300-ге жуық қазақ тіліндегі әдеби шығармалар мен сөздіктерді тарту етті. Шараның мақсаты өскелең ұрпақтың мемлекеттік тілді үйренуге, тарих пен мәдениетті білуге деген қызығушылығын арттыру, оларды қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақ әдеби тілін үйренуге баулу және балалардың шығармашылық қабілетін арттыру. […]
-
«Менің Қазақстаным» мобильді қосымшасының тұсаукесері
11 Желтоқсан 2015
9 желтоқсан күні Астанада Мемлекеттік тілді дамыту қоры Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Менің Қазақстаным» мобильді қосымшасының тұсаукесер рәсімін өткізді. Бұл жоба Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей қолдауымен, Елбасының «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығына алған қаржысына әзірленді. «Менің Қазақстаным» — еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігі зор көпшілікке арналған мобильді қосымша. HD сапасындағы фотосуреттер жиынтығы: Елорда, Алматы […]
-
«Кім Білгіш» мобильді қосымшасының тұсаукесері
11 Желтоқсан 2015
9 желтоқсан күні Астанада Мемлекеттік тілді дамыту қоры Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Кім Білгіш»мобильді ойынының тұсаукесер рәсімін өткізді. Бұл жоба Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей қолдауымен, Елбасының «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығына алған қаржысына әзірленді.
-
«Кім Білгіш» және «Менің Қазақстаным» мобильді қосымшаларының тұсаукесері
9 Желтоқсан 2015
9 желтоқсан күні Астанада Мемлекеттік тілді дамыту қоры Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Кім Білгіш»мобильді ойыны мен «Менің Қазақстаным» мобильді қосымшаларының тұсаукесер рәсімін өткізді. Бұл жобалар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей қолдауымен, Елбасының «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығына алған қаржысына әзірленді.
-
4 жас қазақстандық «Алтын Тобылғы» әдебиет саласындағы алғашқы Сыйлықтың лауреаты атанды
4 Желтоқсан 2015
Бүгін Астанада Елбасы – ҚР Тұңғыш Президенті Қоры «Алтын Тобылғы» әдебиет саласындағы алғашқы Сыйлықтың лауреаттарын марапаттады.
-
Ілтипат пен құрмет
7 Қараша 2015
Кеше Астанада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Тіл жанашыры» құрмет белгісін табыстау рәсімі өтті. Түрлі лауазымда қызмет ететін, мемлекеттік тілдің мәртебесін өсіруге, оны дәріптеу мен насихаттауға зор үлес қосып жүрген ұлтжанды азаматтар салтанатты түрде «Тіл жанашыры» төсбелгісіне ие болды.
-
«Мемлекеттік тіл – мәртебеміз!»
21 Қыркүйек 2015
Қазақстан халықтарының тілдері күні қарсаңында Мемлекеттік тілді дамыту қоры Астана қаласының № 70 мектеп лицейінде «Мемлекеттік тіл – мәртебеміз!» акциясын өткізді. Шараның мақсаты өскелең ұрпақтың мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығын арттыру, оларды қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, «Тілдер туралы» Заңмен таныстыру, қазақ әдеби тілін үйренуге баулу және балалардың шығармашылық қабілетін арттыру. Шара соңында Қор бүлдіршіндерге қазақ тіліндегі […]