- Негізгі бет
- Жаңалықтар (Страница 13)
Жаңалықтар
-
Балаларды қорғау күніне арналған қайырымдылық шарасы
1 Маусым 2017
1 маусым күні әлемде Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтеді.Мерекені өткізу жөнінде шешім 1949 жылдың қараша айында Париждегі Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясы конгресінің шешімімен қабылданды. Дәл осы күні болашақта адамгершілікке, әділдікке, баянды өмірге толы қоғам құру үшін оның негізі — балаларға барлық жағдай жасау керектігі тағы да паш етіледі. Бұл күннің негізгі мақстаты — барлық […]
-
«Көркем SOYLE» медиа-тренингі
31 Мамыр 2017
Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Мемлекеттік тілді дамыту қоры журналистерге арналған «Көркем SOYLE» атты медиа-тренинг өткізеді. Тренингке еліміздің барлық аймақтарынан БАҚ өкілдері, радио, теледидар, ақпарат агенттіктері, мерзімді баспасөз бен интернет басылымдарының журналистері қатысады. Тренинг «Телеарналардағы мемлекеттік тіл», «Радиожурналистикада мемлекеттік тілдің қолданылу мәселелері», «Мерзімді баспасөз және мемлекеттік тіл», «Қазақтілді интернет порталдар», «PR-технологияларда мемлекеттік тілді қолдану ерекшеліктері» […]
-
«Батыр бабалардан тағылым!»
2 Мамыр 2017
2017 жылдың 29 сәуірінде Мемлекеттік тілді дамыту қоры және «Алдаспан» батырлар қоры Астана қаласындағы № 51 мектеп-гимназиясында «Батыр бабалардан тағылым!» әдеби кешін өткізді. Іс-шара Мемлекеттік тілді дамыту қорының әлеуметтік серіктесі – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірге ұйымдастырылғанын атап өтеміз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың […]
-
Болашақ Отан қорғаушылармен кездесу
27 Сәуір 2017
Астанада Отан қорғаушылар күніне орай Мемлекеттік тілді дамыту қорының ұйымдастыруымен Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілерімен кездесу болып өтті. Іс-шара Мемлекеттік тілді дамыту қорының әлеуметтік серіктесі – «Samruk-Kazyna Trust» қорымен бірге ұйымдастырылды. Кездесудің мақсаты – өскелең ұрпақты отансүйгіштік рухында тәрбиелеу, Отанымызға деген сүйіспеншілік және мақтаныш сезімін қалыптастыру, қазақ тілі мен әдебиетін терең меңгеруге, қазақ халқының […]
-
Нұрсұлтан Назарбаев. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру
17 Сәуір 2017
КІРІСПЕ Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым. Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақсат-міндеттері, басымдықтары […]
-
«Тіл — мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты өзге ұлттардың 5-10 сынып оқушылары арасында мемлекеттік тіл бойынша ХІ республикалық қашықтық олимпиадасы
29 Наурыз 2017
Ақыл-ой және рухани дамудың, қарым-қатынастың құралы ретінде қазақ тілін меңгеруге деген қызығушылық танытқан, лингвистикалық қатынаста дарынды оқушыларды қолдау және анықтау мақсатында Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен өзге ұлт оқушылары арасында қазақ тілінен «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» XІ республикалық қашықтық олимпиадасын үстіміздегі жылдың 28-29 наурыз аралығында Астана […]
-
Наурыз мейрамына арналған акция
17 Наурыз 2017
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында Мемлекеттік тілді дамыту қоры Астана қаласының №77 мектеп-гимназиясына 100 кітап сыйға тартты. Бұл қазақ тіліне аударылған әлем классиктерінің шығармалары, қазақ тілін үйретуге байланысты оқытушыларға арналған материалдар, мектеп жасындағы балаларға арналған көркем-танымдық әдебиет. Шараның мақсаты өскелең ұрпақтың мемлекеттік тілді үйренуге, тарих пен мәдениетті білуге деген қызығушылығын арттыру, оларды қазақстандық […]
-
Балаларға арналған «Tәтті алма» жинағының тұсаукесері
14 Наурыз 2017
14 наурыз күні Наурыз мейрамы қарсаңында Астанада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры «Тәтті алма» атты ертегілер мен театрлық қойылымдар жинағының тұсаукесерін өткізді. Балалар жинағы өскелең ұрпақты қазақ әдеби тілін үйренуге, рухани құндылықтарды қастерлеуге баулу, олардың шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерін арттыру мақсатында шығарылып отыр. «Тәтті алма» жинағының 1-2 томы […]
-
«Аналарға алғыс» акциясы
7 Наурыз 2017
Халықаралық әйелдер күні мен Алғыс айту мерекесіне орай Мемлекеттік тілді дамыту қоры Астана қаласының «Қасиетті жол» балаларды оңалту орталығында «Аналарға алғыс» акциясын өткізді. Жылы шырайлы көктемнің алғашқы күндері барша азаматтың көңілін жадырата келетін 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні аталып өтеді. Бұл күнді тойлауда – отбасы берекесі мен ұйытқысы болып табылатын біздің аналарымыздың орны бөлек. […]
-
Қазақ тілін цифрлық жүйемен оқуға жол ашылды
21 Ақпан 2017
Астанада Мемлекеттік тілді дамыту қоры «Soyle.kz» порталының IOS платформасындағы мобильдік қосымшасы мен патриоттық тақырыптарға арналған басқа да қосымшалардың тұсаукесерін өткізді. Іс-шараға ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры Атқарушы Директорының орынбасары Сұлтан Айтжанов және Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шауеев қатысты. Мобильді қосымшалар қазақ тілін үйренуді көпшілікке қолжетімді ету, қазақ халқының рухани, әдеби және мәдени […]