Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Жарғы

1. Жалпы ережелер
1.1. Бұдан әрі Қор деп аталатын, Мемлекеттік тілді дамыту Қоры мүшелігі болмайтын коммерциялық емес ұйым болып табылады.
1.2. Қор өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
1.3. Қор өз қызметін Қазақстан Республикасында және шет елдерде жүзеге асырады.
1.4. Қордың қызметі еріктілік, өзін-өзі басқару, заңдылық және жариялылық принциптеріне негізделеді.
1.5. Қордың толық атауы: «Мемлекеттік тілді дамыту Қоры» корпоративтік қоры;
1.6. Қордың заңды мекенжайы: Астана қ. Орынбор көшесі, 8 үй.
1.7. Қордың қызмет мерзімі шектелмей құрылған, Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап заңды тұлға болып табылады, меншігінде оқшауланған мүлкі болады, өз міндеттемелері бойынша осы мүлікпен жауап береді, өз атынан мүліктік және мүліктік емес құқықтарға ие болуы және жүзеге асыруы, міндеттемені атқаруы, сотта қуынушы және жауапкер болуы мүмкін.
1.8. Қордың дербес балансы, өз атауы жазылған мөрі, мөртаңбасы, бланкілері мен эмблемасы болады, белгіленген тәртіппен банктерде, соның ішінде Қазақстан Республикасында да, шетелде де шетел валютасында шоттар ашуға құқылы.
2. Қордың мақсаты, қызметінің мәні және құқықтары
2.1. Қордың қызметінің негізгі мақсаты республика аумағында және шетелдерде мемлекеттілік тілді дамытуға қолдау көрсету болып табылады.
2.2. Қордың қызметінің мәні мен міндеттері:
1) мемлекеттік тілді насихаттау және оның қолданыс аясын кеңейтуге ықпал ету;
2) мемлекеттілікті және қазақстандық патриотизмді нығайтуға атсалысу;
3) қазақ елінің мәдени, әдеби, рухани жетістіктерін кеңінен насихаттау ісіне ықпал ету;
4) мемлекеттік тіл мен қазақ әдебиетінің әлеуетін әлемдік қауымға насихаттау және қолдау жасау;
5) мемлекеттік тілді үйретуді қолдауға арналған жобаларды қолдау;
6) мемлекеттік тілді үйретудің тиімді әдістемесі мен технологиясын жасауға жәрдемдесу;
7) мемлекеттік тілді оқыту орталықтарына қолдау жасау;
8) қазақ мәдениеті мен әдебиетін, тарихы мен танымын зерттейтін отандық және шетелдік ғылыми, сараптамалық, шығармашылық және ағартушылық қауымдастықтармен және ұйымдармен байланыс орнату, оларды ынталандыру;
9) ұлттық терминология және ономастика мәселелерін жетілдіру мақсатында түрлі талдау және зерттеу жұмыстарына қолдау көрсетуді жүзеге асыру;
10) мемлекеттік тілді нығайту ісіне, Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге, мәдениетті, әдебиетті, ғылымды және ағарту ісін дамытуға елеулі үлес қосып жүрген қоғамдық ұйымдарды, ғылыми ұжымдарды, бұқаралық ақпарат құралдарын, сондай-ақ жекелеген ғалымдарды, қаламгерлерді, шығармашыл жастарды ынталандыру;
11) тарихи отанына оралған отандастардың және шет елдердегі қазақ диаспораларының мәдени-тілдік, тарихи-танымдық сауалдарын қанағаттандыруға қолдаужасау, тиісті әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету;
12) шетелдердегі қазақстандық азаматтардың ана тілін сақтап қалуы мен үйренуіне және Қазақстандағы шетелдік азаматтардың мемлекеттік тілді үйренуіне ықпал ету, осы мақсатта түрлі шаралар ұйымдастыру;
13) қазақ тілінде хабар тарататын бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуды қолдау;
14) балалар мен жасөспірімдерге арналған, отансүйгіштікке тәрбиелейтін көркем шығармалар мен телехабарларды ынталандыру;
15) электрондық ақпарат кеңістігінде қазақ тілін дамытуға ықпал ететін отандық және шетелдік мемлекеттік тілдегі сайттарға қолдау көрсету;
16) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа да қызметтерді жүзеге асыру болып табылады.
2.3. Қызметінің мақсаты мен мәнін іске асыру үшін Қор заңнамада белгіленген тәртіппен:
жарғы шеңберінде белгіленген іс-шараларды қаржыландыруға;
жеке және заңды тұлғаларға гранттар бөлуге;
тікелей халықаралық байланыстар жасауға, шетелдік ұйымдармен келісімдер жасасуға қолдау көрсету ;
бұқаралық ақпарат құралдарын құруға;
жарғылық мақсаты шеңберінде түрлі конкурстар ұйымдастыруға және сыйлықтар тағайындауға;
Қордың жарғылық қызметін қаржыландыру үшін отандық және
шетелдік инвесторлардың қаражатын тарту бойынша іс-шаралар өткізуге;
шарттар жасасуға, мүліктерді сатып алуға және жалдауға, заңды және жеке тұлғалармен өзге де азаматтық-құқықтық қатынастар жасауға;
Қордың жарғылық мақсатына сай келетін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға;
қоғамдық өмірдің әр түрлі мәселелері бойынша бастамалар көтеруге және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына тиісті ұсыныстар енгізуге;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де
іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Қордың мүлкі
3.1. Ақшалай және өзге де нысандарда Қордың мүлкін қалыптастыру көздері:
1) Құрылтайшылардан біржолғы және тұрақты түсетін түсімдер;
2) ерікті жарналар мен қайырымдылықтар;
3) кәсіпкерлік қызметтен түсетін түсімдер;
4) акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар мен салымдар
бойынша алынатын дивидендтер (кірістер, пайыздар);
5) Қордың меншігінен алынатын түсімдер;
6) заңмен тыйым салынбайтын басқа да түсімдер болып табылады.
3.2. Қорға оның Құрылтайшысы берген мүлік Қордың меншігі болып табылады.
Құрылтайшылар Қордың міндеттемелері бойынша жауап бермейді, ал Қор Құрылтайшының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
3.3. Қордың тапқан табысы тек жарғылық мақсатқа қол жеткізу үшін ғана пайдаланылуы тиіс.
3.4. Қор өз мүлкінің пайдалануы туралы есептерді жыл сайын ресми баспа басылымдарында жариялап тұрады.
4. Қорды басқару
4.1. Қорды басқарудың жоғарғы органы Құрылтайшылар жиналысы болып табылады.
4.2. Құрылтайшылар жиналысы өзінің қарауына Қор қызметінің кез-келген мәселесін қабылдауға, қазақстандық, шетелдік және халықаралық ұйымдарда Қордың мүдделерін білдіруге құқылы.
4.3. Құрылтайшылар жиналысының отырыстарын өткізу жылына бір реттен кем болмауы тиіс.
4.4. Қордың Құрылтайшысының ерекше құзыретіне мынадай мәселелерді шешу жатады:
Қорды қайта ұйымдастыру және тарату;
2) Қордың Жарғысын бекіту, оған толықтырулар мен өзгерістер енгізу;
3) заңнамада белгіленген актiлер шегінде Қордың өзге заңды тұлғаларды, сондай-ақ өз филиалдары мен өкiлеттiктерiн құруға немесе олардың қызметiне қатысуы туралы шешiм қабылдау.
4.5. Құрылтайшылар жиналысының шешімдері жазбаша нысанда ресімделеді, олардың қолы қойылып бекітіледі және Қордың мөрімен куәландырылады.
4.6. Құрылтайшылар жиналысының шешімдері Қордың барлық басқару органдары мен қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті.
4.7. Қорды басқарудың тұрақты қызмет ететiн алқалық органы Қордың Қамқоршылық кеңесi болып табылады.
Қамқоршылық кеңестің құрамын оның төрағасы құрады және Құрылтайшылар жиналысы бекiтедi.
4.8. Қамқоршылық кеңестiң ерекше құзырына:
1) Қор қызметінің басым бағыттары мен алдағы жұмыс жоспарларын, сонымен қатар, олардың орындалуы жөніндегі есептерді бекіту;
2) Қор қызметiнiң оның жарғылық мақсаттарына сәйкестiгiн бақылауды жүзеге асыру;
3) Қордың ұйымдық қызмет ету мәселелерiн шешу және тиiстi құжаттарды бекiту жатады.
Қамқоршылық кеңес өз қарауына Құрылтайшының құзырына жататын мәселелерден өзге Қордың қызметiне байланысты кез-келген мәселелердi қабылдауға құқылы.
4.9. Қамқоршылық кеңестiң отырысы қажеттiлiгiне қарай өткiзiледi және мүшелерiнiң көпшiлiгi қатысқан жағдайда құқылы болып табылады.
Қамқоршылық кеңестің шешімдері отырысқа қатысатын мүшелердің саны бойынша көпшілік жай дауыспен қабылданады. Әр мүше бір дауысқа ие. Дауыстар тең болса Қамқоршылық кеңес төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
4.10. Қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасына Қамқоршылық кеңестiң төрағасы және Қамқоршылық кеңес отырысының хатшысы қол қояды.
4.11. Қамқоршылық кеңесі тағайындайтын директор Қордың жеке дара атқарушы органы болып табылады.
4.12. Директор:
Қордың қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
2) Қордың қызметін ұйымдастырады және құрылтайшылар мен Қамқоршылық кеңестің алдында оның нәтижесі үшін жауапкершілікте болады;
3) Құрылтайшылар жиналысы мен Қамқоршылық кеңес шешiмдерi негiзiнде және оларды орындау мақсатында әрекет етедi және оларға есеп бередi;
4) Қор қызметкерлерiнiң қызметтiк мiндеттерiнiң шеңберiн белгiлейдi;
5) Қамқоршылық кеңестiң шешiмдерiне сәйкес Қордың қаражатына және өзге де мүлкiне иелiк етедi;
6) Қордың қызметкерлерiн қызметке қабылдайды және қызметiнен босатады, олардың арасында мiндеттердi бөледi;
7) Қордың барлық қызметкерлерi орындауға мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;
8) Қордың атынан сенiмхатсыз әрекет етедi, оның мүддесiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, өзге де мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда және шет елдерде бiлдiредi;
9) Қордың атынан мәмiлелер жасасады, сотта сөз сөйлейдi, сенiмхаттар бередi, Қор қызметiнiң мәселелерi бойынша өзге де функцияларды орындайды;
10) Құрылтайшылар жиналысы және Қамқоршылық кеңестiң тапсырмасы бойынша өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
4.13. Қордың атқарушы органының қаржылық қызметін бақылау мақсатында үш жылға ревизиялық комиссия тағайындалады.
5. Қорды қайта ұйымдастыру және тарату
5.1. Қорды қайта ұйымдастыру туралы шешімді Қамқоршылық кеңестiң ұсынысы бойынша Қордың Құрылтайшылыр жиналысы не Құрылтайшының жеке бастамасы бойынша қабылдауы мүмкін.
Қайта ұйымдастырылған жағдайда, Қордың мүлкі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, қайтадан пайда болған заңды тұлғаларға көшеді.
5.2. Қор Қамқоршылық кеңестiң ұсынысы бойынша Қор Құрылтайшысы жиналысының шешімімен не Құрылтайшының жеке бастамасы бойынша таратылуы мүмкін.
Қор таратылған жағдайда, кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік Қордың жарғылық мақсатына бағытталады.

6. Қорытынды ережелер
6.1. Қор Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бухгалтерлік есеп пен статистикалық есептілікті жүргізеді, өз қызметі туралы салық және статистика органдарына ақпарат береді.
6.2. Қор Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, кедендік төлемдерді қоса алғанда, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлейді.
6.3. Қордың қызметі осы Жарғымен реттелмеген бөлігінде Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі