Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

Қор басшылығы

Мемлекеттік тілді дамыту қоры Директоры

ШӘУЕЕВ АЗАТ СӘДМЕТҰЛЫ

1969 жылғы 9 ақпанда Жамбыл облысы Луговое ауданында дүниеге келген.
1994 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.

2010 жылдың сәуірінен — Мемлекеттік тілді дамыту қорының Директоры

2010 жылдың қаңтарынан – Мемлекеттік тілді дамыту қоры Директорының міндетін атқарушы

2008 – 2010 – Мемлекеттік тілді дамыту қоры Директорының Бірінші орынбасары

2008 – ҚР Мәдениет және Ақпарат Вице-министрінің Кеңесшісі

2005 – 2008 — «Нұр Отан» ХДП Орталық Аппараты Ақпараттық-талдау бөлімінің меңгерушісі

2003 – 2005 – ҚР Премьер-Министрі Канцеляриясы Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің Бас сарапшысы

2002 – 2003 – Алматы қаласы Әкімшілігінің Қазақстан халықтары Ассамблеясымен жұмыс бөлімінің меңгерушісі

2001 – 2002 – Алматы қалалық Ішкі саясат департаменті Қоғамдық-саяси бөлімінің меңгерушісі

1997 – 2001 – Алматы қаласы Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің Бас маманы

1996 – 1997 – Алматы қаласы Әкімі Орынбасарының көмекшісі

1995 – 1996 – Алматы қалалық Әкімшілігі Тіл басқармасының Ономастика, терминология және тіл мәдениеті бөлімінің Бас маманы

1994 – 1995 – Алматы облыстық Әкімшілігінің Мәдениет басқармасы Халық шығармашылығы Орталығының Бас маманы

1989 – 1994 – Абай атындағы Қазақ Педогогикалық институтының студенті

1987 – 1989 – КСРО Қарулы Күштерінің қатарындағы әскери борышы