Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

2017 жылдың ең ақылды оқушылары болып Бихан Боранбай мен Влада Горбенко атанды

13 Қазан 2017 | 10:02

умнее3Павлодар облысы Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 11-ші сынып оқушысы Бихан Боранбай мен  Павлодар облысы Ақсу қаласының № 4 орта мектебінің 10-шы сынып оқушысы Влада Горбенко 2017 жылдың ең ақылды оқушылары болып атанды. Үздіктер Назарбаев орталығында (Астана қ.) «Кім білгіш?» интеллектуалды-танымдық онлайн турнирінің 13 қазанда өткен қорытынды ойынында анықталды.

Сонымен қатар 5000 қатысушыдан озық болған 12 финалист құрмет дипломдары мен бағалы сыйлықтармен: ноутбуктер, планшеттер және смартфондармен марапатталды.

Балаларды қошеметтеуге келген қонақтардың арасында Халық каҺарманы, қазақстандық космонавт Айдын Айымбетов те болды. Айдын Айымбетов: «Біздің жас вундеркиндтерге тағы да үлкен жеңістер тілеймін», — деп жеңімпаздарды құттықтады.

Жобаны ұйымдастырушылар — Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры болы табылады.

         Турнирдің мақсаты: дарынды балаларды анықтау, оқушылардың танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын арттыру, білімді насихаттау, интеллектуалды мүмкіндіктерін дамытуға атсалысу.

         «Кім білгіш?»  мобильдік интеллектуалды қосымшасы 2016 жылы іске қосылған.

«Соңғы екі жыл бойы біздің Қор қолдап келе жатқан «Кім білгіш?» мобильді ойыны бойынша өтетін онлайн турнир оқушылар арасында аса танымал болып келеді. Оған қатысу — жастарға білімдерін дамытуға, интеллектуалдық қабілеттерін көрсетуге керемет мүмкіндік береді», — деп атап өтті  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Атқарушы директорыумнее2ның орынбасары Сұлтан Айтжанов.

Биылғы турнирді оқушыларға ыңғайлы жазғы демалыс кезінде өткізуге байланысты еліміздің барлық өңірлерінен бес мыңға жуық жоғары сынып оқушылары қатысты. Былтыр қатусышылар саны 1500-ға жуық болды.

«Кім білгіш?» ойыны —  мобильді қосымша  арқылы онлайн өткізілетін интеллектуалды сайыс. Ойын спорт, ХХ ғасыр, ХХІ ғасыр, әлемде, өнер, Қазақстан тарихы, Қазақстан табиғаты, денсаулық, ғылым тақырыптарындағы 25 000-нан астам сұрақтардан тұрады. Ойынға қатысушылар ғаламторға қосылған ұялы телефондары арқылы өздері таңдаған тақырыптар бойынша сұрақтарға белгіленген уақыт ішінде жауап беріп жарысады.  Екі тур қорытындысы бойынша ең үздік жалпы нәтиже көрсеткен 12 ойыншы Астанада өткен финалдық кездесуде өз білімдерімен сайысқа түсті.

Осылайша қазақ тілінде өткен сайыста 1-ші орынды  Павлодар облысы, Ақсу қаласы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназияның 11-ші сынып оқушысы Бихан Боранбай, 2-ші орынға Шымкент қаласының физика-математика бағытындағы  Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-ші сынып оқушысы  Рахат Бейсенбек,  3-ші жүлдені Шымкент қаласының физика-математика бағытындағы  Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-шы сынып оқушысы Еламан Лесов ие болды.

Орыс тіліндегі ойыншылардан 1-ші орынды Павлодар облысы, Ақсу қаласы   № 4 орта мектебінің 10-шы сынып оқушысы Влада Горбенко, 2-ші орынға Павлодар облысы, Ақсу қаласы № 4 орта мектебінің 10-шы сынып оқушысы Артём Никишин, 3-ші орынға Павлодар облысы, Ақсу қаласы № 4 орта мектебінің 10-шы сынып оқушысы Данила Григорьев ие болды.

Жүлдегерлер «2017 жылдың ең ақылды оқушысы» дипломдары мен бағалы сыйлықтармен: ноутбуктер, планшеттеумнее1р және смартфондармен марапатталды.

Финалға қатыстқан қалған 6 оқушы: Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қарашоқы орта мектебінің 11-сынып оқушысы Аружан Кенжебекова, Актобе облысы, Темір ауданы Кеңқия орта мектебінің 10-сынып оқушысы Ерназ Байбақты, Астана қ. Дарынды қыз балаларға арналған Білім инновация  лицей интернаты 11 «Б» — сынып оқушысы Магрифе Манарбек, Павлодар облысы, Ақсу қаласы   № 4 орта мектебінің 9-шы сынып оқушысы Артём Осиновский,  Астана қаласы «Голубой парус» гимназиясының 11-ші сынып оқушысы Иса Қасымгужин, Павлодар облысы, Ақсу қаласы   № 4 орта мектебінің 9-шы сынып оқушысы Иван Колесников,  арнайы дипломдар  мен смартфондармен марапатталды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы, космонавт Айдын Айымбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары Сұлтан Айтжанов, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев және басқалар қатысты.