Қысыр сөзге жолама.

Қожа Ахмет Йассауи
56e6c5a329d74355f536914ef1275bda

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Төле би
Tole-Bi-252x300

Жасына қарай отырып, жағына қарай сөйлер болар.

Қазыбек би
kazybekbi

Жол анасы - тұяқ, сөз анасы - құлақ, су анасы - бұлақ.

Сырым Датұлы
syrymdatuly

Тіл - қай халықтың болсын басты белгісі.

Шоқан
200px-Chokan_Valikhanov_portrait

Тілде сүйек, ерінде жиек жоқ.

Абай
abaii

Тіл - бұлбұл, сөз бұлақ.

Шәкәрім
shakarimm1

Нағыз түрік затты халық тілі - біздің қазақта.

Әлихан Бөкейханұлы
alikhanb

Бәрін айт па, бірін айт - сөздің тұрар жерін айт.

Ахмет Байтұрсынұлы
ahmetb

Өз тілін өзі білмеген ел - ел болмайды.

Халел Досмұхамедұлы
halel

Тіл - адам жанының тілмашы.

Мағжан
uMK28l63Mn7E0K535NwsVM4s3oOXwT

Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңалмайды.

Сәкен
sakenn

Тіл түйгенді тіс шеше алмайды...

Махмұд Қашқари
quote_avatar

«ҚР Тұңғыш Президенті Қоры» әдебиет бағытындағы дәстүрлі республикалық «Алтын Тобылғы» байқауын биыл екінші жыл жариялайды.

1 Шілде 2016 | 3:55

каз«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры» ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған әдебиет бағытындағы дәстүрлі «Алтын Тобылғы» бәйгесіне өтінімдерді қабылдайды. Сыйақының жалпы қоры – 5,5 миллион теңге.

 

«ҚР Тұңғыш Президенті Қоры» жас таланттарды қолдау бағытында «Алтын Тобылғы» әдеби сыйлығын  алғаш 2015 жылы тағайындаған. Аталған жабық байқаудың негізгі мақсаты – ұлттық әдебиетте жаңа есімдерді қалыптастыру және жас қаламгерлердің қоғамдық өмірдегі философиясын көрсете отырып жаңа заман әдебиетіне құлшынысын арттыру болып табылады.

Жобаның серіктестері – Қазақстанның Жазушылар одағы және Мемлекеттік тілді дамыту қоры.

«ҚР Тұңғыш Президенті Қорының» атқарушы директоры Сағындық Нұраханов: «Алтын Тобылғы» әдеби сыйлығы тараптармен жан-жақты сараптап, келісе отырып, рухани көкжиегімізді кеңейту үшін өткен жылы арнайы тағайындалған. Бұл әдеби жоба аз ғана уақыттың ішінде қоғамымызға кеңінен танылып, жас қаламгерлер үшін де айтулы оқиға болды. Аталған сыйлық Қазақстанның шығармашылықпен және ғылыммен айналысатын дарынды жастарын қолдауға бағытталған Қордың дәстүрлі байқау бағдарламаларының қатарына енгізілді. Қордың лауреаттары, стипендианттар мен грант иелері – өздерінің жетістіктерін республика көлемінде ғана көрсетіп қоймай, шетелде де кеңінен танылыған есімдер. Биылғы жылғы әдеби байқау да еліміздің рухани кеңістігі үшін айтулы оқиға болатынына және бүгінгі кезең әдебиетіне тың туындылар ұсынатын лайықты есімдер қатары арта түсетініне сенімдіміз» — деп айрықша атап өтті.

Байқауға Қазақстанның 18-35 жас аралығындағы жас дарындар қатыса алады. Жабық бәйгеге бұдан бұрын еш жерде жарияланбаған (кітаптарда, газет-журналдарда, интернет порталдарда, әлеуметтік желілерде) туындылар ғана қабылданады.

«Алтын Тобылғы» сыйлығы «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Үздік балалар әдебиеті» деген төрт номинация бойынша тағайындалған. Әрбір номинацияның жеңімпазына 1 миллион теңге сыйақы беріледі. Сонымен қатар, биылғы жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай арнайы тақырыптық номинация жарияланды. Бұл номинация бойынша сыйақы 1,5 миллион теңге көлемінде белгіленді.

Шығармаларды еліміздің танымал мәдениет қайраткерлері, ақын-жазушылар мен журналистерінен құралған Қазылар алқасы сараптайтын болады.

Байқауға ұсынылған жұмыстар жанрға сәйкестік, ойлау дербестігі, авторлық ұстаным, баяндау реттілігі мен мағыналылығы, идея ерекшелігі, әдеби-көркем құндылығы, көркемдік қиял мен шығармашылық көзқарас, эстетикалық әсер тереңдігі сияқты өлшемдер бойынша бағаланады. Бұл ерекше байқау, себебі ол жас авторларға арналған және бұдан бұрын жарияланбаған жаңа туындыларға  баға беріледі.

Байқауға ұсынылған туындыларды бағалау әділдігі барынша жетілдірілген. Шығарма лақап атпен қабылданады. Автордың толық аты-жөні және өмірбаяны арнайы бөлек конвертке салынып шығармамен бірге жолдануы тиіс. Шығармаларды толық сараптап, бағалап болған соң ғана автор туралы мәлімет салынған конверт арнайы комиссияның көзінше ашылып, Қазылыр алқасына ұсынылады.

Өтінімдер 2016 жылғы 1 шілде мен 1 қараша аралығында төменде көрсетілген тиісті мекен-жайда қабылданады. Шығармалардың электронды нұсқасын қоса жіберу қажет.

Әр номинация бойынша таңдаулы деп танылған жеңімпаздар 2016 жылғы желтоқсан айында жарияланатын болады.

Қосымша ақпаратты www.fpp.kzсайтынан алуға болады.

 

 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасының Қоры Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2000 жылы құрған коммерциялық емес ұйым. Қор әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де қоғамға пайдалы жобаларды жүзеге асырады.

 

Дәстүрлі «Алтын тобылғы» әдебиет туындылары байқауының

Ережесі

 

  1. Жалпы ережелер

Осы Ереже Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы Қоры тағайындаған әдебиет саласындағы «Алтын тобылғы» сыйлығын (бұдан әрі «Сыйлық») беру тәртібін белгілейді

 

  1. Сыйлықтың мақсаты – қазіргі заманғы қазақстандық әдебиетті дамыту, қолдау көрсету және насихаттау.
  2. Байқаудың міндеттері:
  • жаңа ұрпақтың қазіргі заманғы көркем әдебиеттегі өмірлік философиялық қағидаттарын бейнелейтін жас қазақсандық қаламгерлерді анықтау және көтермелеу;
  • тың әдеби үрдістердің қалыптасуына қолдау көрсету;
  • қазіргі заманғы әдебиеттегі жаңа есімдерді көпшілік қауымға таныстыру.
  1. Сыйлық құрылтайшысы мен ұйымдастырушы — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы Қоры (бұдан әрі Сыйлық құрылтайшысы немесе Тұңғыш Президент Қоры.

Сыйлықты тағайындау байқауын өткізудегі Жоба серіктестері: Қазақстан Жазушылар одағы және Мемлекеттік тілді дамыту қоры.

 

  1. Сыйлық байқау негізінде төмендегідей номинациялар бойынша тағайындалады:

1) «Жылдың үздік прозасы»;

2) «Жылдың үздік поэзиясы»;

3) «Жылдың үздік драматургиясы»;

4) «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы»;

5) «Тәуелсіздік тұғыры» тақырыбындағы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған үздік әдеби туынды.

 

  1. Әрбір номинация жеңімпазына әдебиет саласындағы «Алтын тобылғы» Сыйлығының лауреаты атағы және 1 миллион теңге көлемінде сыйақы беріледі. 1,5 миллион теңге көлеміндегі арнайы сыйақы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған тақырыптық номинация жеңімпазына беріледі.

 

  1. Өткізу тәртібі

Байқаудың басталғандығы туралы хабарландыру Тұңғыш Президенті Қорының сайтында www.fpp.kz және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Шығармалар 2016 жылғы 1 шілдеден мен 1 қарашаға дейінгі аралықта қабылданады.

Байқау қорытындысы 2016 жылы желтоқсанның  бірінші онкүндігінде жарияланады.

 

  1. Сыйлыққа әдеби туындыларды ұсыну тәртібі
  2. Байқауға 18-35 жас аралығындағы жас қаламгерлердің қазақ және орыс тіліндегі шығармалары қабылданады.
  3. Бір автор екі номинацияға қатысуға құқылы.
  4. Авторлық жұмыстарға қойылатын талаптар:
  • байқауға бір автордың бұрын еш жерде жарияланбаған екі шығармасы ғана қабылданады;
  • байқауға бейнормалық қолданыстағы сөздер кездесетін, этикалық нормалар мен авторлық құқықтар бұзылған шығармалар қабылданбайды;
  • шығарма А-4 форматында, мәтін 14 көлеміндегі Times New Rоman шрифтімен 1,5 аралықта терілуі керек. Мәтіннің көлеміне қойылатын шектеу:
  • проза үшін – 35 беттен кем емес;
  • поэзия үшін – 5 беттен кем емес;
  • драмалық шығарма үшін – 30 беттен көп емес;
  • балалар әдебиеті үшін – 25 беттен көп емес;
  • «Тәуелсіздік тұғыры» тақырыбына Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған түрлі жанрдағы әдеби шығарма (проза – 35 беттен кем емес; поэма – 5 беттен кем емес; драма – 30 беттен көп емес; балалар шығармасы – 25 беттен кем емес;).
  • Байқауға жіберілетін өтінім «Алтын тобылғы» деп белгі қойылып бір конвертпен мынадай тәртіппен жіберілуі керек:

Конвертке бөлек салынатындар 1) автордың аты-жөні көрсетілмей бір данада басып шығарылған шығарма, 2) автордың өзі туралы мәліметтер осы конверттің ішінде жеке конвертте болуы тиіс:  аты, тегі, әкесінің аты, туған жылы, тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефондары, e-mail.

  1. Өтінімдер поштамен Астана қаласы, Еңбекшілер көшесі, 10 үй, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Қоры мекенжайына және at2016@fpp.kz электрондық поштасына жіберілуі тиіс.
  2. Байқауға қатысуға өтінім бере отырып, автор:
  • өзінің авторлығын растайды;
  • Сыйлық ұйымдастырушыларына шығармаларды бұқаралық ақпарат құралдарында, Ұйымдастырушының ұйғарымы бойынша жинақтарда және ғаламторда жариялауға рұқсатын береді;
  • авторлық гонорарды талап етпейді.
  1. Қабылданған шығармалар рецензияланбайды және қайтарылмайды.
  2. Жұмыстарды Байқауға жіберумен және салтанатты марапаттау рәсіміне қатысумен байланысты шығындарды қатысушылар өздері өтейді.

 

  1. Жеңімпаздарды анықтау тәртібі
  2. Қолжазбаларды бағалау және Сыйлық жеңімпаздарын (лауреаттарды) анықтауды Сыйлық Құрылтайшысы елімізге танымал ақын-жазушылардан, баспа өкілдерінен, сондай-ақ байқау құрылтайшылары мен серіктестері өкілдерінен жасақтаған (7 адамнан кем емес) Қазылар алқасы жұзеге асырады.
  3. Қазылар алқасының құрамы мен Төрағасын Сыйлық Құрылтайшысы бекітеді.
  4. Қазылар алқасының Сыйлық талаптарына сәйкес келмейтін шығармаларды қарамауға (сонымен қатар анонимді шығармаларды) құқы бар.
  5. Байқауға ұсынылған шығармалар қазылар алқасы мүшелеріне анонимді түрде жіберіледі (автордың есімі аталмайды).
  6. Қорытынды шешім қазылар алқасының жалпы санынан кемінде 2/3 кворумы болған жағдайда ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
  7. Байқауға ұсынылған туындыларды әділ бағалау үшін барлық жұмыстар анонимді түрде бағаланады. Байқауға ұсынылған жұмыстарды бағалау кезінде шығарманың өзектілігі мен автордың ойлау дербестігі, ұстанымы, баяндау реттілігі мен мағыналылығы, идея ерекшелігі, әдеби-көркем құндылығы, эстетикалық әсер тереңдігі басшылыққа алынады.
  8. Қорытынды шешім қабылданғанға дейін анонимділік сақталады.
  9. Қазылар алқасының шешімі ақырғы болып табылады және қайта қаралмайды.
  10. Сыйлыққа лайықты шығармалар түспеген жағдайда, Қазылар алқасы Ұйымдастырушыларға сол номинация бойынша жүлденің толық берілмеуі немесе жартылай бөліп беру туралы ұсыныс беруге құқылы.